NEW NATION JOURNAL: «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ: БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ҮЛГІСІ»

Елбасы кітапханасы  «NN Journal» («New Nation Journal») қоғамдық-саяси және ғылыми-танымдық журналының жаңа нөмірін шығарды. №1(5) /2020 шығарылымы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған, тақырыбы «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісім үлгісі».

Журналдан оқырмандар этносаралық келісім саласындағы отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылардың мынадай мақалаларымен таныса алады: Ж.Түймебаев («Ассамблея – қазақ жерін татулықтың талбесігіне айналдырды»), Н.Микаелян («Ассамблея народа Казахстана – уникальный межэтнический институт»), M.Zia Ul Haq («Manifestation of peace and tolerance: a case study of Kazakhstan under the leadership of Nursultan Nazarbayev»), А.Садвокасова («Ассамблея народа Казахстана в контексте государственной этнополитики»), Т.Кошман («Ассамблея народа Казахстана и консолидация общества»), А.Сидорович («Евразийские инициативы Нурсултана Назарбаева – идеи во имя будущего»), Т.Жұмырбаев («Модель мира и согласия. Взгляд молодежи»).

«NN Journal» осы нөмірден бастап «Көшбасшы жолы» айдарымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың серіктестерінің жарияланымдар сериясын бастайды. «Характер, закаленный металлом» атты бірінші мақалада қазақстандық және ресейлік мемлекет қайраткері Олег Сосковецтің естеліктері ұсынылған. «Н.Ә. Назарбаевпен бірге жұмыс істеген азаматтардың барлығы ол туралы аса жоғары құрмет пен ризашылық пікірде. Нұрсұлтан Әбішұлының менің тағдырыма жасаған ықпалы үшін алғысым шексіз. Сонау жас кезімде Теміртаудан бастау алған еңбек жолымда бізді достық пен сенім байланыстырды, осыны мен аса жоғары бағалаймын, - дейді Ресей тауар өндірушілер қауымдастығының президенті, Ресей Федерациясы қаржы-өнеркәсіп топтары қауымдастығының президенті, «Еуразиялық іскерлік кеңес» сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды қолдау жөніндегі коммерциялық емес серіктестікті Үйлестіру кеңесінің төрағасы және Қазақстан халқы Ассамблеясының елшісі О. Н. Сосковец.

Журналдың осы нөмірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалар қызметінің басшысы К.Исинова  Елбасы кітапханасынан жарыққа шыққан және осы жылдың ақпан айында тұсаукесері өткен Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен жаһандық бастамаларына арналған «Нұрсұлтан Назарбаев: көшбасшылық стратегиясы», «Біз білетін Елбасы», «Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, қазіргі жағдайы және болашағы», «Ядролық қарусыз әлемге бетбұрыс: Елбасы бастамалары», «Мәңгілік Ел» идеясы: кеше, бүгін, ертең»  кітаптары туралы толық материал дайындаған.  

Еуро-Азиялық географиялық қоғам ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Г. Жақсымбетованың «30 лет институту президентства в Казахстане» мақаласында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері туралы баяндайды және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ел тәуелсіздігін қалыптастыру, дамыту және нығайтудағы басты рөлін айғақтайтын архивтік құжаттармен сүйемелденген.  

«Тарих толқынынан» айдары Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған Б.Аяған, Қ.Еңсеповтің «Ұлы Жеңіс күні – ұрпақ үшін айрықша күн» және Б.Ыдырысовтың «Баукең жұлдыз алған күн – қазақтың жұлдызы жанған күн!» мақалаларымен толыққан.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қызметінің хроникасы дәстүрлі түрде жарияланған, аталған нөмірде 2019 жылғы қазан-желтоқсан айлары аралығында болған оқиғалар мен деректер ұсынылған.

 

 

Қарау «NN JOURNAL», № 1 (5) / 2020