«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

  2013 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Жаңа қабылданған азаматтардың қатарында белсенді азаматтық және Отанға қызмет көрсету ұстанымы бар ғылым, мәдениет және өндіріс қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер болды. Партиялық билетті «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы өз қолымен табыс етті. Бұл салтанатты рәсім Астана күніне орай Елбасының елордадағы ең алғашқы резиденциясында өтілуі кездейсоқтық емес. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратының ұсынысы бойынша аталмыш іс-шара жыл сайын Астана күні қарсаңында дәстүрлі түрде өткізілетіні анық.