Елбасы кітапханасында №14 мектеп-гимназиясы мен №15 мектеп-лицейдің оқушылары үшін "Патриотизм: тарихи ретроспективадағы менталды ерекшелік ретінде" сабағы өтті.

Дәріскер - Елбасы кітапханасының әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобасының ғылыми қызметкері Жазира Серікқызы патриотизмнің маңызы тұрғысында оқушыларға нақты тарихи мысалдар келтірді. Оның айтуынша, патриотизм  - этносаралық және конфессияаралық төзімділік, туған табиғатқа ерекше махаббат, аға буын өкілдеріне құрметпен қарау және жақындарына жанашырлық, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, өз отанын қорғауға үнемі дайындық сияқты қасиеттер тән.

Дәріскер пікір-сайыс, брэйн-ринг түрінде сабақты өткізуге және шығармашылық дискуссиялық алаң атмосферасын құруға мүмкіндік беретін түрлі әдістемелік тәсілді қолданды. Нақты айтқанда, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасын мысал ретінде алып,  оқушыларды талантты жас қазақстандықтардың жетістіктерімен таныстырды. Бұл ұлттық жоба ұрпақтар арасындағы байланыстырушы екенін, ал финалистердің тарихы жастарға мықты үлгі болғанын атап өтті.

Қазақстан тарихына шолу қатысушылардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады. Дәріскерге қойылған сұрақтары мен оқушылардың жағымды пікірлері таңдалған тақырыптың өзектілігі мен оқушылардың оған деген қызығушылығын оятты:

Әмір Имашев, №15 мектеп-лицей оқушысы:

- Ең бастысы мені қазақтың ұлы батырлары: Қабанбай батыр, Бөгенбай, Қарасай батырдың өмірбаяндары таң қалдырды. Маған сабақ соңында қызықты викторина өтіп, оған барлығы белсене қатысқаны ұнады.

Мырзабек Рашидов,  №15 мектеп-лицей оқушысы:

- Дәріс өте қызықты өтіп, көптеген сұрақ қойылды.  Бәріміз белсенділік таныттық.  Дәріскер еліміздің патриотына тән қасиеттер туралы айтып берді. Заманымыздың қаһармандары туралы барлық оқиға біз үшін әрі үлгі, әрі шабыт берді. 

Мәлика Мәкенова, №14 мектеп-лицей оқушысы:

- Мені Елбасы кітапханасының мұражайында орналасқан тарихи экспонаттар қызықтырды. Олар біздің Отанымызды қорғаған ұлы бабаларымызға тиесілі. Батырларымызды міндетті түрде есте сақтауымыз керек және оларды мақтан тұтуымыз керек деп ойлаймын.

Альмира Гельман, №15 мектеп-лицей оқушысы:

- Маған Ұлы Отан соғысының батырлары Талғат Бигелдинов пен Рахымжан Қошқарбаевтың ерліктері туралы әңгімелер қатты әсер етті. Біз ұлы тарихи тұлғаларымызды біліп, мақтан тұтуымыз керек.