ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ МЕН ҚОРЛАР ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ

Бакудегі балалар көркемсурет мектебінің күрделі жөндеуден кейінгі ашылуына Президент Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева қатысты

3 қыркүйекте Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева Баку қаласының Ясамал ауданындағы Вагиф Мұстафазаде атындағы № 2 балалар көркемсурет мектебінің күрделі жөндеуден кейінгі ашылуына қатысты.

Мемлекет басшысы мен бірінші ханым ғимаратта күрделі жөндеуден кейін жасалған жағдайлармен танысты. Вагиф Мұстафазаде атындағы No2 балалар көркемсурет мектебінің ғимараты 1904 жылы салынған деп хабарланды. Соңғы 116 жыл ішінде ғимарат түрлі кезеңді өткерген: бастапқыда емхана, кейін жалпы білім беретін мектеп, ал 1940 жылдан бастап - музыка мектебі ретінде жұмыс істеді. Ғимаратты архитектуралық стилі мен қасбеттің өзіндік көрінісін сақтай отырып, 2020 жылы Гейдар Алиев қоры күрделі жөндеуден өткізді.

Атап өтерлігі, әлемге әйгілі джазмен Вагиф Мұстафазаде осы мектепте фортепиано бойынша 1945-1956 жылдары білім алған. Бұл мектептен танымал әзербайжандық сазгерлер мен өнер қайраткерлері түлеп ұшқан.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/

 

Гейдар Алиев қоры салған балабақшалар ашылды

Әзербайжан барлық салаларға, оның ішінде балалардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, олардың салауатты және бақытты өмірін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Қазіргі балабақшаларды жөндеуден өткізіп, пайдалануға беру осының айқын дәлелі. Гейдар Әлиев қоры балаларға білім беретін жаңа мекемелерді салуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мекемелерді заман талабы деңгейінде қайта құруға ерекше үлес қосады. Осы тұрғыдан алғанда, Қордың мектепке дейінгі білім беру мекемелерін қайта құруға байланысты жүзеге асыратын жобаларының маңызы зор. Гейдар Әлиев қорының «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерін дамыту» бағдарламасында балаларға білім беру мен тәрбиелеу Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін растайды. Білім беру саласында Қор тарапынан мектепке дейінгі білім беру мекемелерін қайта құруға, осы салада сапалы өзгерістерге қол жеткізуге көп көңіл бөлінеді. Осы маңызды жобалардың барлығы Әзербайжанда балаларды әлеуметтік қорғауды күшейту саласында жүргізіліп жатқан саясаттың сәтті және қисынды нәтижесі саналады.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/

 

Кітапхана күніндегі ашық есік күні

15 қыркүйек Кітапхана күнінде - Беларусь Республикасы Президентінің Резиденциясындағы Беларусь Республикасы Президенті Кітапханасының филиалында Ашық есік күні ерекше жылы көңіл-күйде өтті.

Сол күні кітапханаға келген барлық оқырмандар үшін Филиал бойынша экскурсия өткізілді. Олар кітапханашының шығармашылық жұмысы туралы білді, көрмелермен, «Ұлы кітапханашылар» презентациясымен және «Беларусь Республикасының Президентіне сыйлықтар» жинағындағы бірегей басылымдармен танысты.

Құжаттарды сақтау бөлімінің қызметкерлері оқырмандарға З.Л. Колонтай «Шет тілдеріндегі кітаптар» жеке тақырыптық экскурсиясын өткізді.

https://www.preslib.org.by/news/type1/den-otkrytyh-dverei-v-den-bibliotek

 

2020 Ұлттық әдебиет жүлдесінде жеңімпаз атанғандардың кітаптары

2015 жылдан бастап жыл сайын Беларусь Республикасының Ақпарат министрлігі, Мәдениет министрлігі, Білім министрлігі және Беларуссия Жазушылар одағы Ұлттық әдебиет жүлдесін өткізеді.

Байқау Беларусь көркем әдебиетінің дамуына және Беларуссия Республикасы жазушыларының шығармашылығына қолдау көрсету, оларды поэзия, проза, драма, публицистика, ересектерге, балалар мен жастарға арналған сын және әдебиеттану жанрында сапалы көркем шығармалар жазуға, кітап оқу мен кітапты насихаттау мақсатында өтеді.

2020 жылы Ұлттық әдебиет жүлдесіне  80-нен астам автор қатысты, олардың жұмыстары 7 аталым бойынша қаралды.

Қазылар алқасының құрамына белгілі әдебиеттанушылар, әдебиет сыншылары, Беларуссия баспаларының басшылары кірді. Жүлде жеңімпаздарын ресми марапаттау Могилев облысының Белыничи аласында Беларуссия жазба тілі күні аясында өтті.

https://www.preslib.org.by/news/type1/knigi-pobediteli-nacionalnoi-literaturnoi-premii-2020

 

MegaGreenFest–2020: бөл де, қайта өңде

19 қыркүйекте MegaGreenFest-2020 өтті. MEGA сауда-ойын-сауық орталығында Ельцин Орталығымен және В.И. Маяковский атындағы Мәдениет және демалыс орталық саябағының қолдауымен өткізілген атаулы қалалық іс-шара. Іс-шара бағдарламасы тек ересектерді ғана емес, жастарды да қамтыды. Материалдарды қайта пайдалану тақырыбына шеберлік сыныптары мен постерлік басылымдар өтті.

Музейдегі мұғалімдері 6 жастан бастап балаларға сабақтарда қажет емес маталарды, өрімдер мен таспаларды, ескі журналдарды, жарнамалық парақтарды, қағаз бен пластикалық мұқабаларды шығармашылықта немесе ойнауда қалай пайдалануға болатындығын көрсетті. Бір реттік материалдарды кез-келген үйден табуға болады.

Мұғалімдер іс жүзінде  ескі заттарға қалай жан бітіріп, оларды қалай өңдеуге болатынын әрі оның қандай қызық екенін көрсетті. «Жапсарлы тарих» семинарында жас қатысушылар шатыр қуыршақтарын жасауды үйренді. Ескі құрақтардан тұтас қуыршақ театрын құруға болады екен.

Эко-Манифесттің редакциясында жеткіншектер екінші деңгейлі материалдардан плакаттар жасап, мұғалімдермен экология, экологиялық ойлау, планетаның, теңіздер мен мұхиттардың әл-ауқаты жайлы талқылады. Балалар жасқа қарамастан-ақ табиғатты қорғауға болатындығын білді.

Ата-аналар балалармен бірге қуыршақ тігіп, Жерді сақтау бойынша мотивациялық плакаттар жасады. Өзге ата-аналар болса, балаларды ұстаздардың қарауына қалдырып, мұражайға «Авоська, немесе полиэтилен пакеті?» экскурсиясына барды.

https://yeltsin.ru/news/MegaGreenFest2020-razdelyaj-i-pererabatyvaj/

 

 

«Луч». «Карантиннен шығу жолындағы «бақыттың гиперреалдығы»

Екатеринбургтегі Ельцин орталығының медиа қасбеті тағы да халықаралық бейне суретшілер тобының жұмысын көрсететін алып экранға айналды – алаңда жаңа аудиовизуалды өнердің үшінші «Луч» (Сәуле) атты фестивалі өтті.

1-6 қыркүйек аралығында медиа-мәдениетке арналған дәрістер, концерттер, көрмелер өткізілді.

«Третий луч» Ельцин орталығының карантиннен кейінгі алғашқы ірі қоғамдық іс-шарасы болды және вирусқа қарсы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізілді. Біріншіден, стилобат пен көрмелердегі көрермендердің саны Роспотребнадзордың нұсқауларына сәйкес шектеулі болды. Екіншіден, губернатордың жарлығына сәйкес, фестиваль аясында фильм кейінге қалдырылып, , кинотеатрлардың жұмысына тек 9 қыркүйектен бастап рұқсат етілді.

https://yeltsin.ru/news/giperrealnost-schastya-na-vyhode-iz-karantina/

 

Эйзенхауэр Президент кітапханасында виртуалды кітап клубы өтеді

Кітапқұмарлардың виртуалды клубының келесі бағдарламасы 8 қыркүйекте өтеді.

Эйзенхауэр кітапханасының хабарлауынша, онлайн-бағдарламаға кез келген ниет танытқан жан қатыса алады және 19: 00-де басталады. Бағдарлама «Литл-Роктық тоғыз» қозғалысының мүшесі, «Жауынгерлер жыламайды: Литтл Рок Ересектер мектебіндегі нәсілшілдікке қарсы күрестің өткір естелігі» кітабының авторы Мельба Патилло Биллздің өмірбаянына арналған.

Кітапта автор нәсілшілдік пен қоғамдағы теңсіздікке төзім танытып, қарс күрескен жастар туралы баяндайды.

Кітапхана ақпарына сәйкес, кітапқұмарлар клубы 2020 бағдарламасының өтуіне Эйзенхауэр қоры, Юнион Тынық мұхиты қоры, Эбилен қоғамдық кітапханасы және Канзас гуманитарлық ғылымдары қолдау көрсетеді. Қосымша ақпаратты ресми сайттан алуға болады.

https://www.wibw.com/2020/09/02/eisenhower-presidential-library-holds-virtual-book-club/

 

Нельсон Мандела қоры Оңтүстік Африка азаматтарын COVID-19-ға қарсы күресте мұқтаж адамдарға көмектесуге шақырады

Карантин салдарынан мыңдаған оңтүстік африкалық тіршілік ету көзінен айырылды, бұл өз кезегінде бұған дейін болған теңсіздікті арттырып отыр.

Йоханнесбург - Елде бұрын-соңды болмаған COVID-19 індетінің өршуіне байланысты Нельсон Мандела Қоры Оңтүстік Африка халқын Мандела күні енжарлық таныптай, мұқтаждарға көмектесуге шақырады.

Бүгінгі күні коронавирус індетін 14 миллионнан астам адам жұқтырған, оның 337 000-ы Оңтүстік Африка Республикасында. Оңтүстік Африка әлемдегі ең көп зардап шеккен елдердің қатарында, жұқтырғандар саны бойынша Испания, Мексика және Ұлыбританияны басып озды.

Әр жыл сайын сенбіде өтетін 18-ші Мандела дәрісі күні алдында Қор адамдарды бұрынғы президенттің кең пейілділік, төзімділік пен жанқиярлық рухын еске алып, соны танытуға үндейді.

https://ewn.co.za/2020/07/18/mandela-foundation-urges-s-africans-to-be-help-those-in-need-amid-covid-19

 

Теодор Рузвельт атындағы Президент кітапханасының жаңа ғимараты табиғатпен үйлесімде салынбақ

Қоршаған ортаны сақтауда алғашқы жанқиярлық танытқан жанға (және біздің 26-шы президентімізге) оның мұрасына сәйкес кітапхана салынады.

Теодор Рузвельт Америка Құрама Штаттарының әсем табиғи ортасын сақтауға бағытталған күш-жігерімен танымал. Ол АҚШ-тың орман қызметін құрып қана қоймай, сонымен қатар ұлттық саябақтарды құру үшін миллиондаған акр федералды жерлерді бөлді.

Қазіргі уақытта Теодор Рузвельт атындағы Президент кітапханасы ғимаратының құрылысы басталды және бұрынғы Президенттің қоршаған ортаны қорғауға сіңірген еңбегі мен қосқан үлесі ескеріле отырып, бұл құрылыс Солтүстік Дакота штатындағы Медора табиғи ортасымен үйлесімділікте жасалатын болады.

Кітапханадан сонымен қатар қоршаған ландшафттың керемет көріністері көзге көрініп тұратын болады, оның ішінде Теодор Рузвельт ұлттық саябағы мен Элкхорн ранчосы бұрынғы Теодор Рузвельт ранчосы назарға ілінеді. Кезінде Рузвельт келіп табан тіреген Миссури  өзені мен бұрынғы теміржол вокзалына шығатын жол жасау да жоспарда бар. 

https://www.travelandleisure.com/culture-design/architecture-design/theodore-roosevelt-presidential-library-design-north-dakota