ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (АҚПАН, 2019 ЖЫЛ)

Гейдар Әлиев Қорының президенті Мехрибан Әлиева 268 нөмірлі арнайы мектепте болды

11 ақпанда Әзірбайжанның Бірінші вице-президенті, Гейдар Әлиев Қорының президенті Мехрибан Әлиева Бакудың Насими ауданындағы 268 нөмірлі арнайы мектепте болып, тәлімгерлердің оқу барысымен танысты.

2017 жылғы 11 қыркүйекте Президент Ильхам Әлиевтің тікелей қатысуымен күрделі жөндеуден өткізілген аталған оқу орын тапсырылған болатын. Мектепте 23 сыныптық бөлме бар. Оқу орнының барлық бөлмелері қажетті көрнекі оқу құралдарымен жабдықталған. Осында информатика сыныбы мен гимнастикалық зал да оқушылардың пайдалануына берілген. Мектепте ақыл-ойы, физикалық және психологиялық дамуы кем 900 оқушы білім алуда. Олардың 220-сымен дәріс мектепте, қалғандарымен – үйлерінде жекелей өткізіледі. Айрықша қамқорлықты қажет ететін балаларға білім берумен 242 педагог айналысады. Олар жалпы білім беру бағдарламаларын игеруге мүмкіндігі жоқ, ақыл-ойының дамуы кем Даун синдромы, аутизм диагноздары анықталған балаларды оқытады. Мектепте әзірбайжан және орыс топтары бар. Мұнда балалар күніне екі рет тамақтанады.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4785/%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B2%D1%8B%D0

 

 

«Бірге оқимыз – бір бірімізді танимыз» атты ТМД-ға мүше мемлекеттердің

қазіргі авторлары кітаптары көрмесінің тұсаукесері

2019 жылғы 6 ақпанда XXVI Халықаралық минскілік кітап көрме-жәрмеңкесі аясында  «Бірге оқимыз – бір бірімізді танимыз» атты ТМД-ға мүше мемлекеттердің қазіргі авторларының көркем әдебиет кітаптары көшпелі көрме жобасының тұсаукесері өтті.

Аталған жобаны Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасы ТМД-ына қатысушы мемлекеттердiң Мәдени ынтымақтастық жөнiндегi кеңесi және ТМД Атқару комитетімен бірлесе ұйымдастырды.

  «Бірге оқимыз – бір бірімізді танимыз» көрмесінде ТМД-ға мүше сегіз мемлекеттің орыс және ұлттық тілдерінде соңғы 25 жыл ішінде басып шығарылған елуден астам шығармалар ұсынылды. Авторлардың ішінде Шыңғыс Айтматов (Қырғызстан), Николай Чергинец (Беларусь), Эльчин Сафарли (Әзірбайжан), Рахымжан Отарбаев (Қазақстан), Агагельды Алланазаров (Түркменістан) сынды әдебиеттің ұлы шығарушыларымен қатар әлі таныла қоймаған жас авторлар да бар. Осы көшпелі көрменің шын мәнінде жастар үшін әдебиеттің «үлкен» жолына бағыт берері сөзсіз.    

 

https://www.preslib.org.by/news/type1/prezentaciya-vystavki-knig-sovremennyh-avtorov-gosudarstv-uchastnikov-sng-chitaem-vmeste---poznaem-drug-druga

 

 

Беларусьтегі Кіші отан жылы: Қазақстанның шығармашыл қайраткерлерімен кездесу

2019 жылғы 11 ақпанда Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасының оқу залында Қазақстан Республикасының шығармашыл қайраткерлерінің кітапхана қызметкерлері мен қонақтарымен кездесуі өтті.

Қазіргі уақытта Беларусьте Кіші отан жылы жалғасуда. Кіші отан деген ұғым тек біздің еліміздің азаматына етене жақын емес, сондай-ақ әрбір қазаққа да таныс ұғым. Өйткені, қай тілде ойлағаны мен сөйлескеніне қарамастан әрбір адамға «отан» сөзі ыстық та түсінікті.   

Кездесуде беларусь қонақжайлығы мен қазақ жайдарылығы, әндер мен билер, жүрекжарды сөздер мен тосын сыйлар бір-бірімен сәтімен ұласты. Әлбетте, осындай шаралар екі республика өкілдері үшін аса қажет, әсіресе, екі жақ та құрмет тұтатын Кіші отан рухы аясында өткен жағдайда. Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасы әрқашан да түрлі елдер қонақтарын қабылдауға дайын.

 

https://www.preslib.org.by/news/type1/god-maloi-rodiny-v-belarusi-vstrecha-s-tvorcheskimi-deyatelyami-kazahstana

 

 

 

 

Чулпан Хаматова: «Жүрегің соғып тұрғанда үмітің мен сеніміңді үзбеу керек»

28 қаңтар күні Ельцин Орталығында «Жаңа қайырымдылық» топтамасы аясында алғашқы ресейлік қайырымдылық қорлардың бірі «Өмір сыйла» атты қордың қамқоршылары актриса Чулпан Хаматовамен және журналист Катерина Гордеевамен кездесу өтті. 

«Жаңа қайырымдылық» кездесулер топтамасы – «үшінші сектор» аталатын коммерциялық емес ұйымдардың табысты жобаларының тарихы.Олардың ішкі ынталануы, креативті шешімдері мен қателіктері олардың өз ісінде үздік болуларына көмектесті. Олардың табысы мен тәжірибесі ресейліктердің қайырымдылық қорлар, еріктіліктің құрылысы туралы ұғымдарына, олардың жекелей қайырымдылық жасауына әсер етті.

Онкогематологикалық аурулармен ауыратын балаларға көмек көрсететін «Өмір сыйла» қайырымдылық қорын 2006 жылғы 26 қарашада актерлер, әрі құрбылар Дина Корзун мен Чулпан Хаматова құрған болатын.

https://yeltsin.ru/news/chulpan-hamatova-poka-ty-zhivoj-dolzhen-nadeyatsya-i-verit/

 

 

 

 

Наина Ельцина жас теннисшілерді марапаттады

 

Сонау 2004 жылы Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин болашағынан үміт күттіретін жас теннисшілер үшін шәкіртақы тағайындаған болатын: 12-сі – бозбалалар үшін, қыз балаларға да соншама. Сол кезден бастап жақсы дәстүр пайда болып еді: Наина Иосифовна шәкіртақы иегерлерін өзінде қабылдап, сый-сияпат көрсетеді. 12 ақпанда кезекті рет  шәкіртақы иегерлері Наина Иосифовнада жиналды.

Осы жолы, бекітілген кестелер мен режимдерге қарамастан Наина Иосифнаға 24 шәкіртақы иегерлерінің 21-і келді. Барлығының есімдерін атау мүмкін емес, бірақ үздіктерін, мұның өзі де шартты түрде, атаймыз (оларға алдын ала берілген атақты өтеуге тура келеді): Полина Кудерметова, Диана Шнайдер, Оксана Селехметьева, Максим Жуков.

https://yeltsin.ru/news/naina-elcina-nagradila-molodyh-tennisistov/

 

 

 

евраля «Толық нұсқа»: кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы

Амудария арқылы Достық көпірінен өткен 40-шы армия қолбасшысы, генерал-лейтенант Борис Громов 1989 жылы 15 ақпанда мынадай тарихи сөздерді айтқан еді: «Менің артымда бірді бір кеңес солдаты қалған жоқ!». Осылайша 30 жыл бұрын кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы аяқталды.

10 ақпан күні Борис Ельцин Музейінің келушілеріне «Толық нұсқа» форматында өткен арнайы экскурсияда он жылға созылып аяқталған соғыстың себептері, құрбандары туралы еске алу ұсынылды.  

https://yeltsin.ru/news/polnaya-versiya-vyvod-sovetskih-vojsk-iz-afganistana/

О

 

Жапония туралы – ымдасумен және тифлотүсіндірмелермен

 

16 ақпан күні Ельцин Орталығының Арт-галереясында нашар еститін және нашар көретін келушілер, сондай-ақ олардың алып жүрушілері мен достары үшін «Жапонияның филиграндық шеберлігі» көрмесі бойынша арнайы экскурсиялар өтті. Осындай ымдасу тіліне аударылған және тифлотүсіндірмелері бар экскурсиялар музейде және арт-галереяда алғаш рет өткізіліп отырған жоқ, бірақ жаңа жылдан бастап олар тұрақты түрде өткізілетін болады.

https://yeltsin.ru/news/yaponiya-ne-po-yaponski/

 

 

 

 

Сталинград үшін шайқас – Президенттік кітапхананың қорында: қатардағы батырлардан көп болып қаланың қайта жандануына дейін

2019 жылғы 2 ақпанда Сталинград шайқасы кезінде неміс-фашист әскерлерінің толық талқандалғанына 76 жыл толады. Осы жеңістің арқасында 1943 жылдың қысында соғыста шұғыл бетбұрыс басталды, Сталинградтан кейін жау басын тіктей алмады.

2010 жылдан Президенттік кітапхана Ұлы Отан соғысына арналған электрондық жинақтаманы жасақтауда. Оның құрамына ресми құжаттар, фото- және кинохроника, соғыс кезіндегі газеттер, кітаптар, үгіт-насихат басылымдары, жауынгерлік шайқас қатысушылары мен тыл еңбеккерлерінің куәліктері енді.

1941-1945 жылдар кезеңіндегі жауынгерлік операцияларға арналған бөлек топтамада Сталинград үшін шайқасқа ерекше көңіл бөлінген. Жаудың Еділден өтуіне жол бермеген кеңес халқының ерлігін топтамада дербес және жалпы екі өлшеммен байқауға болады.

https://www.prlib.ru/news/1175999

 

 

 

 

 

ұлы орыс ғалымы Д. И. Менделеевтің мерейтойына – президенттік кітапхананың жаңа электрондық жинақтамасы

2019 жылы болатын екі айтулы оқиға көрнекті орыс ғалымы Дмитрий Иванович Менделеевтің есімімен байланысты: ол ойлап тапқан химиялық элементтердің Периодтық жүйесіне 150 жыл толса, ал 8 ақпанда оның туғанына 185 жыл толады. Президенттік кітапхана ғалымға арнап жаңа электрондық жинақтама дайындады, ол 6 ақпанда вебинар аясында ұсынылды. Топтамаға Д.И.Менделеевтің еңбектері, оның ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметіне қатысты хаттар, архивтік құжаттар және зерттеулер, тағы да көптеген материалдар енді.

Кітапхана порталында ашық түрде танысуға болатын жинақтама материалдары Д.И.Менделеевтің қызығушылығы химияны зерттеуден де анағұрлым кең болғандығын көрсетеді. Ол физика, метеорология, геология, аспап жасау, экономика және әуеде ұшу саласын зерттеумен айналысқан, заманауи метрологияның негізін салушылардың бірі. 

https://www.prlib.ru/news/1176408

 

 

 

 

 

 

Заңгер ғана емес. Анатолий Кони – Президенттік кітапхана қорында

«Ол бізге прокурорлық шешендіктің ерекше үлгісін құрып берді», - деп жазады А.А.Жижиленко Анатолий Фёдорович Кони туралы өзінің Президенттік кітапхана қорындағы «Анатолий Фёдорович Кони» (1925) басылымында.  

2019 жылғы 9 ақпанда көрнекті ресей заңгері, мемлекет және қоғам қайраткері Анатолий Фёдорович Конидің (1844–1927) 175 жылдығы атап өтіледі. Президенттік кітапхананың электрондық қорында Конидің кәсіби қызметі туралы көпшілікке беймәлім материалдармен ғана емес, сондай-ақ теңдессіз терең ой-өрісті және «Ресейді орнықтыру» жолдарын анық білетін нағыз орыс интеллигентінің тұлғасы туралы мәліметтермен де танысуға болады     

https://www.prlib.ru/news/1176593

 

 

 

Пушкин ғұмырының соңғы жылдары– Президенттік кітапхананың раритеттерінде

2019 жылғы 10 ақпанда Ресей мен оның сыртында шығармашылығы мен тұлғалығы миллиондаған оқырмандардың қызығушылығын әрқашанда тудыратын Александр Сергеевич Пушкиннің қазасына 182 жыл толады. Президенттік кітапхананың «А.С.Пушкин (1799–1837)» жинақтамасының рариретті басылымдары зерртеу жұмыстарының авторлары аса назар аударатын данышпан болмысының бірегейлігін жеткізеді.

1831 жылы Наталья Николаевна Гончароваға үйленгеннен бастап оның өмір кезеңдеріне арналған Президенттік кітапхананың раритеттерінде «тірі» Пушкин көз алдында тұрады. 

https://www.prlib.ru/news/1176675

 

 

 

Эллинист Николай Гнедич – Президенттік кітапхана қорында

2019 жылғы 13 ақпанда бізге түпнұсқаға тұрарлық өзінің «Илиада» аудармасын қалдырған, ақын және прозашы Николай Иванович Гнедичтің туғанына 235 жыл толады. Президенттік кітапхананың раритеттерінде Гнедичтің шығармашылығы, оның өз заманындағы әдебиет үдерісіне қатысуы, қаламдас бауырларымен қарым-қатынастары туралы айтылады.

https://www.prlib.ru/news/1176701

 

 

 

ұлы мысал жазушысы И.А.Крыловтың өміріндегі белгісіз деректер – президенттік кітапхананың жаңа электрондық жинақтамасында

13 ақпанда аталып өтетін орыс классигінің 250 жылдығына орай Президенттік кітапхана өз порталында құрамына раритетті кітаптардың, архивтік құжаттардың және бейнелеу материалдарының сандық көшірмелері енген көлемді электронды жинақтаманы ұсынады. Топтама үш тараудан тұрады: «Өмірі және қызметі», «Шығармашылығы», «И.А.Крылов туралы естелік».

https://www.prlib.ru/news/1176762

 

 

 

Ленинград қорғаушысы туралы естеліктер Президенттік кітапхана қорын толықтыруда

Өткен жылдың қарашасында жарияланған блокада туралы деректерді жинау бойынша ауқымды акция аясында Президенттік кітапханаға материалдардың түсуі жалғасуда. Бұл жолы хат Ленинградты Волхов майданында қорғап, ауыр жарақат алған және сол кезеңнің естелігін өмір бойы сақтаған көрнекті қазақ ақыны Сырбай Мәуленовтің ұлы Қасым Мәуленовтен келді.

Әкесі туралы естеліктің авторы – заң ғылымдарының докторы, профессор Қасым Мәуленов Ленинград мемлекеттік университетін бітірген, одан кейін де Ресеймен байланысын үзбеген және қазір екі елдің интеграциясына себептес болуын жалғастыруда.

https://www.prlib.ru/news/1178092

 

 

 

Обама-орталық өзіндік кітапхана болады

Обама-орталық басқаларға ұқсамайтын өзіндік президенттік кітапхана болады деп күтілуде. Төрт қабатты «азаматтық іскер орталық» Чикагоның оңтүстік жағындағы қоғамдық саябақта салынатын болады. Ол биіктігі 235 фут (71 м) «музейлік мұнарадан», іс-шаралар үшін екіқабатты кеңістік, спорттық орталық, дыбыс жазу студиясы, қысқы бақ және шаналар да болады.

Шамамен 500 миллион долларға салынатын орталық Барак Обаманың ізашарлары салған кешендерден түбегейлі ерекшеленетін болады. Бұл классикалық ұғымдағы кітапхана болмайды. Мұнда зерттеу орталығы да, президент Обаманың ресми құжаттары да болмайды. Мұның орнына Интернетте қолжетімді болуы үшін әкімшіліктің 30 миллион параққа жуық құпия емес қағаз жазбаларын санға аударуды Обама қоры жоспарлауда.

https://www.nytimes.com/2019/02/20/arts/obama-presidential-center-library-national-archives-and-records-administration.html

 

Эйзенхауердың Музейі қайта ашылады

 

          Абилиндегі Эйзенхауэрдің Президенттік кітапханасы мен музейін басқаратын Ұлттық архив жұмысын қайта бастады. Кітапхананың келушілерді қабылдау уақыты туралы шешім әзірге қабылданған жоқ.

            Еске салар болсақ, Эйзенхауэрдің кітапханасы мен музейі 2018 жылдың мамырында жөндеуге жабылған болатын. Музейдің ресми ашылуы 2019 жылдың маусымына жоспарланған. «Норманд операциясының 75 жылдығын атап өтуге ірі мерекелік шаралар жоспарланған», - деп хабарлады музейдің жөндеуін жеке қаражатымен қаржыландырып отырған Эйзенхауэр Қорының атқарушы директоры Мередит Слеихтер.  

 

http://www.abilene-rc.com/news/eisenhower-campus-to-reopen/article_87440718-2307-11e9-af40-7b817cba20b1.html

 

 

Кеннеди кітапханасы Аполлон-11-ді Айға қондырудың 50-жылдығын атап өтті

           Бостондағы Джон Ф. Кеннедидің Президенттік кітапханасы мен музейі Аполлон-11-ді Айға қондырудың 50-жылдығын атап өту үшін «Raytheon» компаниясынан 1,5 млн.доллар көлемінде сыйлық алды. Бәріне белгілі, Американың бұрыңғы президенті Джон Кеннеди 1960 жылы ұлтына сол онжылдық соңында америкалықтар адамды Айға қондырады деген үндеу тастаған болатын. Астронавтар Нил Армстронг бен Базз Олдрин 1969 жылғы 20 шілдеде Айдың үстінде алғашқы қадамдарын жасады.

            Кеннеди кітапханасы Apollo бағдарламасын жыл сайын мерекелеуді жоспарлауда. Онда Saturn V зымыранының «виртуалды көшірмесі» және толықтырылған шынайылықта өз міндеттерін сынап көрулері үшін пайдаланушыларға жүктелген қосымша ұсынылатын болады. Сондай-ақ, 20 шілдеде «Космос күніне» бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Уолтемдағы Raytheon Co компаниясы Apollo миссиясы үшін борттық навигациялық компьютерлерді шығаруда MIT және НАСА ғалымдарымен жұмыс жасаған.

https://www.bostonherald.com/2019/02/10/jfk-library-marks-50th-anniversary-of-apollo-11-moon-landing/

 

Президент күні... «президенттер» тірілді

            18 ақпан, дүйсенбіде Президенттік кітапхана мен Ричард Никсон музейі Президенттер күнін атап өткенде тарих «тірілді». Авраам Линкольн, Джордж Вашингтон, Томас Джефферсон және Теодор Рузвельттің ұқсатқыштары келушілермен көңіл көтерді және президенттердің өмір тарихы мен жетістіктері туралы айтты. Мысалы, 11 жасар Линкольн Пиндро президент Линкольн болып киініпті. «Линкольн менің сүйікті президентім», - дейді Пиндро. «Ол құлдарға бостандық берді және барлығына адал болды».

             «Ричард Никсон кітапханасы үшін бірнеше мыңдаған адам жиналған бұл күн қауырт күн болған сияқты», - деді Ричард Никсон Қорының байланыстар жөніндегі директоры Джо Лопес.

            Кітапхана ұжымы келушілер үшін тосын сый дайындапты. Келушілердің бірінші мыңдығы президенттердің тарихы туралы біле отыра шие бәлішінің тегін бөлігіне ие болды.

https://www.ocregister.com/2019/02/18/happy-presidents-day-lincoln-washington-jefferson-roosevelt-lead-celebration-at-nixon-library/

 

Джордж Буштың президенттік кітапханасынан төлқұжат ал

            АҚШ-тың бұрыңғы президенттерінің кітапханаларында «келушілер төлқұжаттары» беріле бастады. Енді әрбір адам Президенттер кітапханасының төлқұжатын 5 долларға олардың кез келгенінде сатып ала алады. Төлқұжаттар – бұл кітапхананың мөрі басылған және келген күні көрсетілген шағын ақпараттық анықтамалықтар. Келуші жеке төлқұжатын толтырғаннан кейін оған қосымша сыйлық та алады.

          Еске салар болсақ, АҚШ-та президенттік кітапханалар туралы Заң қабылданғаннан кейін 1955 жылдан бастап жұртшылыққа құпия артефактар қолжетімді болуы үшін бұрыңғы президенттер өздерінің құжаттары және тарихи материалдарын тапсырып тұрады. 1986 жылы кітапханаларды ұстау үшін қорлар құрылды, бұл әрбір ұрпақтың тарихпен сусындауына мүмкіндік береді.   

https://familystyleschooling.com/2019/02/18/presidential-library-passport/

 

Буш кітапханасында Гранд-Каньон фотосуреттерінің көрмесі өтуде

     Гранд-Каньон Ұлттық бағының 100-жылдың мерейтойын американдық фотограф Марк Бернстің көрмесімен атап өтуге шешім қабылданды. Президенттік кітапхана мен үлкен Буштың музейі Гранд-Каньон Ұлттық бағы мен оның маңайында жасалған американдық фотограф Марк Бернстің фотосуреттерімен «Гранд-Каньон фотосуреттері» көрмесі өткен алғашқы орын болады.

            1919 жылы құрылған Гранд-Каньон Ұлттық бағының 100-жылдық мерейтойына арналған жобаны Бернс ойлап тапты. Гранд-Каньон Ұлттық бағының 100-жылдық мерейтойына арналған 2019 жылғы көрме ұлттық бақтарымыздың тарихы мен құрылуындағы визуалды бейнесі мен рөлін көрсетеді. Суреттер 2011-2018 жылдар аралығында түсірілген. Онда дәстүрлі – ақ-қара және түрлі-түсті көрініс, заманауи көрініс және фотосуреттен тұратын фотографияның әртүрлі жанрлары ұсынылған.

            «Мен осы жобада фотографияның әртүрлі жанрларын зерттегім келді», - деді Бернс. «Мен үшін көргенімді емес сезгенімді түсіру маңызды. Бұл – ауқымды да айбарлы Үлкен Каньон туралы сөз қозғағанда одан да маңызды. Аталған көрмеде көптеген дәстүрлі экспонаттардан басқа тұжырымдамалық жұмыстар да болады».  

https://www.insitebrazosvalley.com/brazos-valley-events/evergreen-exhibitions-and-the-george-h-w-bush-presidential-library-and-museum-explore-terror-in-americas-backyard/

 

Кітаптар, газеттер және журналдарға салық салынбайды

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Таксим алаңында Ататүрік мәдени орталығының іргетасын қалау салтанатында сөйлеген сөзінде «алдағы уақытта кітаптар, журналдар және газеттерге қосымша құн салығы салынбайды», - деп жариялады.

«Бүгін іргетасын қалап отырған Ататүрік мәдени орталығы  95 мың 600 шаршы метр жабық ауданнан тұратын 5 жеке блоктардан тұрады. Біз Ататүрік мәдени орталығының құрылысын 2 жылда аяқтаймыз және біздің суретшілер мен өнер сүйер қауымның пайдалануына ұсынатын боламыз», - деп сендірді президент.

https://tr.sputniknews.com/turkiye/201902101037582332-erdogan-akm-temel-atma-taksim/