ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (ҚАҢТАР, 2019 ЖЫЛ)

Удовиченко: «Көрермендерді таң қалдыру қажет»

 

Ельцин киноклубында өткен Ресей халық әртісі Лариса Удовиченконың шығармашылық кеші 2018 жылдың қорытынды іс-шарасы болды. «Махаббатқа махаббатпен» атты бағдарламада актриса сүйікті авторларының өлеңдерін оқыды, өзінің фильмдерге түсуі туралы айтып берді, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Қонақты киноклубтың тұрақты жүргізушісі, Ресейдің «Ника» кинематография өнері академиясының мүшесі, Мәскеу сыйлығының лауреаты, кинотанушы Вячеслав Шмыров.таныстырды.   

 

«Жапонияның филиграндық шеберлігі» көрмесінің көпшілік бағдарламасы

 

Жапония Қоры (The Japan Foundation) Б.Н.Ельцин Президенттік орталығымен бірлесе тәлімгер Юдзи Ямаситаның «Жапонияның филиграндық шеберлігі» көрмесін ұсынады.

Экспозиция өзіне әртүрлі жанрлар мен дәуірлердің шығармалары мен материалдарын біріктіреді. Олардың әрқайсысында технологияларға, бейнелеу мен суреттеудің құралдары мен тұжырымдамаларына ерекше көңіл аударылған. 

 

Белгілі пианиношы Алексей Гориболь – Ельцин орталығында концерттер топтамасымен

 

2019 жылғы 1 ақпанда Ельцин Орталығында пианиношы Алексей Горибольдің «Тыңдаңыздар!» атты сазды-ағартушылық бағдарламасының топтамасы басталады.

Жобаны кинорежиссер Сергей Соловьевтің қатысуымен өтетін «Ресей кинематографиясындағы Соло-рояль» концерті ашады.

Екатеринбургтағы Ельцин Орталығы ХХ ғасырдағы Ресейдің саяси тарихы заманауи технологиялық музейі ғана емес, сондай-ақ көпқұрамды мультимедиялық мәдениет орталығы. Пианиношы және музыка тәлімгері Алексей Гориболь осы ерекшеліктерді ескеріп, «Тыңдаңыздар!» атты сазды-ағартушылық бағдарламасы топтамасының бастамашысы және авторы болды.   

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА – ДАНИИЛ ГРАНИННІҢ 100-ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

2019 жылғы 1 ақпанда белгілі петерборлық, жазушы, ойшыл, қоғам қайраткері, блокадашы және майдангер Даниил Александрович Граниннің (1919-2017) туғанына 100 толады. 2017 жылдың соңында Ресей Президенті Владимир Путин «Даниил Гранинді мәңгілік есте қалдыру және оның 100 жылдығын мерекелеу» Жарлығына қол қойды. Президенттік кәтапхананың сайтында осы құжаттың электрондық мәтіні сақталған.

2018 жылғы 27 желтоқсанда Президенттік кәтапхананың порталында заманауи орыс әдебиетінің классигі, Санкт-Петербург қаласының құрметті азаматы, әдебиет саласындағы және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Даниил Граниннің туғанына 100 жыл толуына арналған жаңа жинақтама ашылды. Жинақтамаға оның қоғамдық қызметін қамтып көрсететін фотоматериалдар, «Бейтаныс күнделік» кітабының 2018 жылғы тұсаукесерінің суреттері және басқа да құжаттар енген.  

 

БЛОКАДА СУРЕТШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫМЕН – ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАДА

 

Президенттік кітапханаға Ленинградтағы 1941-1944 жылдардағы оқиғаларға қатысты телефон қоңырауларының, электрондық және қағаз түріндегі хаттардың келуі жалғасуда.

2018 жылғы 9 қарашада Президенттік кітапхана жариялаған блокадаға байланысты құжаттарды жинау бойынша акция аясында Ресеймен қатар шетелде танымал өнертанушылар, ХХ ғасырдағы ленинградтық бейресми өнер жинаушылары Николай мен Раиса Благодатовтар хабарласты. Олардың жинақтамасында - суретші Юрий Бажановтың (1927–1949) суреттер альбомы.

Юрий Бажановтың есімі қазіргі уақытта ұмытылуға жақын есімдердің қатарына жатады.Ұзақ жылдар бойы оның өмірі мен шығармашылығы туралы санаулы ленинградтық коллекция жиюшылар ғана білді.Егер тағдыр оған ұзақтау өмір сыйлаған болса, бәлкім, оны кеңестік дәуірдегі суретшілер сынды білер ме еді және ол туралы жазар ма еді. Бірақ, Юрийге 21 жыл ғана өмір сүру бұйырыпты, ал оның суреттері ұзақ уақыт жақын достарында сақталып, тек «пәтерлік көрмелерге» қатысыпты.

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАНЫҢ ҚОРЫНДА МИХАИЛ СПЕРАНСКИЙ: «…МІНЕЗСІЗ ЗАҢДАР ТОЛЫҚ ӘРЕКЕТ ЕТПЕЙДІ»

1772 жылғы 12 қаңтарда орыс мемлекет қайраткері, реформатор, заң шығарушы Михаил Михайлович СперанскийВладимир губерниясы ауылдық приходтарының біріндегі діни қызметкердің ұлы өзінің алғырлығына, терең адамгершілік тамырының және еңбекқорлығының арқасында император І Александр тарапынан ресей құқығын реформалауға тартылды       

Президенттік кітапхананың «М.М.Сперанский (1772–1839)» топтамасында ол либералдық өзгерістердің авторы, Мемлекеттік кеңесті құрудың бастамашысы және Ресей империясының негізгі мемлекеттік заңдарын кодификациялаудың жетекшісі ретінде көрсетілген. 

 

А. С. ГРИБОЕДОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚАЗАСЫ ТУРАЛЫ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА ТОПТАМАСЫ АЙТАДЫ

«Оның меланхоликалық мінезіоның ашулы ақылыоның ақкөңілдігі, әлсіздігі мен кемшіліктері, адамзаттың шарасыз серіктері, осылардың бәрі оның бойында тамаша жағымды еді. Оның тумысынан намысшылдығы мен дарындылығы ұсақтық пен елеусіздіктің торына шырмалды. Мемлекетшіл азаматтың қабілеті керексіз болып қалды; ақынның таланты мойындалмады; оның суық та тамаша қайсарлығы біраз уақыт шүбә тудырды да», - А.С.Пушкиннің осы сөздерін «А.С.Грибоедов: оның өмірі мен қазасы замандастарының ғұмырнамаларында» атты кітабынан оқуға болады. Осы кітаптың сандық көшірмесі Президенттік кітапхананың порталында қолжетімді.   

 

ЛЕНИНГРАД БЛОКАДАСЫН БҰЗУ – ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА ҚҰЖАТТАРЫНДА

 

1943 жылғы 18 қаңтар – Ленинград блокадасын бұзу күні. Осы күннен тура бір апта бұрын, 12 қаңтарда, «Ұшқын» фашистерді көздерін байлады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қызыл армия мен флоттың Ленинград блокадасын бұзу бойынша атақты операциясы осылай аталған еді. Осы күні кеңестік жауынгерлер басқыншының болаттай орамына алғашқы жойқын соққыларын жасаған еді. Нева бойындағы қаланың қоршаудағы үрейлі 900 күндік оқиғасының толық көрінісі Президенттік кітапхананың «Ленинград қорғанысы және блокадасы» атты арнайы сандық топтамасы аясында ұсынылған        

 

 

ТЕК ҚАНА ЖЕҢІС ЖӘНЕ ӨМІР: ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА ЛЕНИНГРАДТЫ ФАШИСТІК БЛОКАДАДАН ТОЛЫҚ АЗАТ ЕТУДІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНАДЫ

 

2019 жылғы 27 қаңтарда Ленинрадтың фашистік блокададан толық азат етілгеніне 75 жыл толады. Президенттік кітапхана осы айтулы күнге арнайы «Ұлы Жеңіс туралы естелік» топтамасына кіретін «Отан қорғаушылар: жанды естелік» атты жаңартылған тарауды ұсынады. Бұл тарау ұйымның порталында қолжетімді. Тарау үрейлі 872 күнде қиындықтарға төзіп қана қоймай таңдаулы адамгершілік қасиеттерін сақтап қалған адамдардың – нағыз батырлардың естеліктерімен толықты. 

Хаттар, фотосуреттер, жазбалар сынды дәуірдің аса құнды куәліктерін блокаданы басынан өткерге отбасылар Президенттік кітапханаға санға аударуға берді. 

 

 

«Кітапхана қызметіндегі инновация» тақырыбына арналған кездесу

 

2019 жылғы 16 қаңтарда оқу үрдісі аясында Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті Кадрлардың біліктілігін көтеру мен қайта даярлау институтының №1.4 «Қоғамды ақпараттандыру талаптарына сай кітапхана қызметінің менеджменті» тобының тыңдаушылары Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасында болды.

Кездесу «Кітапхана қызметіндегі инновация» тақырыбына арналды.

 

Il Birraccino

 

Қайта өркендеу дәуірі нотариусының Анықтамалығы. Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасында сақталған аса ескі кітаптардың бірі 1542 жылы Венецияда басылып шығарылған.

«Il BirraccinoLibellus nuncupatusil Birraccino. In quo continentur omnes ordines, et actus: quos iudices, et eorum notariiomnesque alii officiales in officio constituti obseruare, & facere debeant...» толық атауын тұспалдап былай аударуға болады: «Үзінділер. Үзінділер деп аталатын кітапшада судьялар мен нотариустар, және басқа да заңмен тағайындалатын лауазымды тұлғалар жазатын өкімдер мен актілер жинақталған».

Осы шағын кітапша флорентийлік нотариус Рафаэлем Петри де Черки құрастырған нотариалдық тәжірибе бойынша анықтамалық болып табылады.   

 

 

Гёйчай ауданының Алпоут ауылында балабақша іске қосылды

  

Гёйчай ауданының Алпоут ауылында Гейдар Алиев қорының бастамасымен балабақша іске қосылды.

Балалар ғимараты заманауи сәулет стилінде салынған. Ғимаратта 2 ойын және бір ұйықтайтын бөлме, ас үй және қосалқы бөлмелер. Барлық бөлмелер мен дәліз қажетті құралдармен жабдықталған.   

 

New York City Ballet Линкольн орталығына заманауи өнер ұсынады

   

Линкольн-орталығында атақты New York City Ballet (NYCB) қойылымы өтеді. NYCB визуалды суретшілермен ынтымақтастығының ұзақ жылғы тарихы бар.  Аты аңызға айналған суретшілер арасында Кейт Харинг,  Джулиан Шнабелдің есімдері ойып тұрып орын алады. Олардың шеберлігінен шабыт алған жас суретшілер қозғалыс өнерін меңгеруге кірісті. New York City Ballet шеберлігі балет өнеріне озық технологиялар әкелуімен танымал. FAILE, JR и Dustin Yellin сияқты суретшілердің ізін басқан  британдық суретші Шантелл Мартин нью-йорк балетіне өзіндік би өрнегін ала келді. 

 

Ататүрік мәдени орталығының құрылысы басталды

 

Ататүрік мәдени орталығының құрылысы басталды. Жуырда Таксим алаңының маңайында құрылыс техникасы бетонды қадаларды орната бастады. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Президент Ердоған осы жобаны таныстыра отырып,  «Ататүрік мәдени орталығы Ыстамбұл мен еліміздің жарқын символына айналады» деген болатын.   

 

Нельсон Манделаның бейтаныс суреттері

 

   Манделаның сурет салу талпыныстары ең алғаш 2001 жылы біліне бастаған. Ол тұтастай алғанда 40 картина салған екен. Алғашқы шығармаларын Мандела 2001 жылдың шілдесінде сала бастаған. Оның креативті директоры дәл сол тұста ағаш көмірді қолдану жолдарын көрсетіпті (ол кешірек сурет сабағынан дәріс алған). Тағы бір айта кетер қызықты жәйт, Мандела алғашқы шабытын Джон Леннонның суреттерінен алыпты.    

 

Неру мемориалдық музейі мен кітапханасы шәкірақы тағайындауға конкурс жариялайды

 

Неру мемориалдық музейі мен кітапханасы стипендия тағайындау жөніндегі конкурс өткізеді. Стипендияның жалпы саны 32. Олар мына салалар  бойынша тағайындалады: Үндістанның дамуы мен тарихы, өтпелі кезеңдегі Үндістан, Үндістан және бүкіл әлем. Бұдан бөлек, музей мен кітапхананың атқарушы Кеңесі үкімет басшылар инстиутын зерттеу саласындағы Үндістанның экс-премьер министрі Атала Бихари атындағы екі стипендия тағайындауды ұсынды.   

 

Кеннеди орталығы 2019-20 жылдарға арналған маусымды бастады

 

Кеннеди орталығы классикалық музыканың 2019-20 жылдарға арналған маусымын бастады. 2020 жылы шығармашылық топ Бетховеннің 9 симфониясын ұлы композитордың 250 жылдығы құрметіне 18 күннің ішінде жазып, әрі орындаған болатын. 18 күннен кейін олар Жапония мен Қытайға үлкен сапарын бастайды. Ал, биылғы жылдың қарашасында шығармашылық топ нью-йорктегі Линкольн-орталығына сапарлайтын болады. Ол жерде Кристина Гёрк пен Стивен Гулд  Вагнердің «Тристан мен Изольда» шығармасын орындайды. Кеннеди орталығының 2019-2020 арналған шығармашылық маусымы осындай.