Клинтон қорында табиғат апаттарының салдарын жою мәселелері талқыланды

«Клинтон жаһандық бастамалары» (CGI) ұйымы табиғат апаттарынан зардап шеккен аймақтарды қайта қалыпқа келтіру мәселелері жөнінде үшінші кеңесін өткізді. Бұл ретте CGI көмекке мұқтаж Пуэрто-Рико, Виргин аралдары, Доминика, Атигуа, Барбуда төңірегіндегі ахуалды талқыға салды. Билл Клинтон мен Клинтон қорының вице-төрағасы Челси Клинтон 2017 жылдан бері бірқатар өңірге зиянын келтіріп келе жатқан Ирма, Мария сынды дауылдардың алпауыт күші мен салдарын талдап, оларды жоюдың, алдын алудың жолдарын ұсынды. Кеңес барысында алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін CGI мен медицина, құрылыс, білім беру салалары ұйымдарының арасында келісімге қол қойылды.

https://www.clintonfoundation.org/press-releases/president-bill-clinton-chelsea-clinton-host-cgi-meeting-disaster-recovery-san-juan

 

АҚШ Конгрессінің кітапханасы оқушыларға байқау жариялайды

Шетелдік ғалымдардың зерттеуі бойынша мектеп оқушылары қабылдаған ақпаратты жазбаша талдау арқылы зейінге жақсы бекітеді. Ал шығарма жазу олардың сыни ойлау қабілеттеріне оң септігін тигізеді. Осы орайда Конгресс кітапханасы жас оқырмандар арасында шығармашылық байқау жариялап отыр. Оның ережесіне сәйкес, 4-12 сынып оқушылары кез келген жазушы туындысының ықпалын, одан алған әсерін жазуы тиіс. Үздік қатысушылар қаржылай сыйлықпен марапатталмақ. Сайыс жұмыстары 2019 жылғы 11 қаңтарға дейін қабылданады.

https://www.loc.gov/item/prn-18-139/library-of-congress-writing-contest-for-young-readers-across-the-country-announced/2018-11-16/

 

Кеннеди орталығы өнер саласының өкілдерін марапаттады

Джон Кеннеди атындағы көркем өнер орталығы театр, кино салаларының дамуына үлес қосып жүрген тұлғаларды марапаттады. Атап айтқанда, Кеннеди орталығының сыйлығына әнші Шер, композитор Филип Гласс, кантри музыкасының өкілі Реб Макинтайр, джаз-саксафоншы Уэйн Шортер ие болды. «Гамильтон» фильмін бірге жасаған Лин-Мануэль Миранда, Томас Кейл, Энди Бланкенбюлер, Алекс Лакамуар болса жаңашыл жұмыстары үшін Кеннеди орталығының арнайы сыйлығын иеленді.

Лауреаттарды Голливудтың, өзге де өнер ордаларының бетке ұстар әртістері марапаттады. Кеннеди орталығының сыйлығы АҚШ халқы мойындаған әртістерге ерен еңбегі үшін беріледі.

https://www.wwnytv.com/story/39664362/the-kennedy-center-honors

 

Линкольн орталығы қайырымдылық автоматтарын орнатты

Авраам Линкольн атындағы көркем өнер орталығының келушілері мекемеде орналасқан сауда автоматтарының арқасында қайырымдылық жасай алатын болды. Бұдан былай тіскебасар тағамдарды сатудың орнына автомат қайырымдылыққа беретін заттарды (қарапайым киімнен дәрілерге дейін) қабылдаумен айналысады. Бұл үлгідегі автоматтар алғаш Юта штаты, Солт-Лейк-Сити қаласында орнатыла бастады. Биыл олар Лондон, Манила, Нью-Йорк и Гилберт қалаларында, Аризона штатында қолданысқа кірді.

http://www.wfuv.org/content/giving-machines-lincoln-center

 

Мандела қоры донорлық қанды көбейтуді қолға алды

Нельсон Мандела қоры Оңтүстік Африканың ұлттық қан қызметімен (SANBS) бірлесіп донорлық қанды көбейтуді қолға алды. Қан сұранысын қанағаттандыру үшін SANBS кем дегенде 5000 қан сақтау бірлігін жинауы тиіс. Компанияларда, оқу орындарында, басқа да ұйымдарда өз еркімен қан тапсырған адамдардың арқасында бұл міндет орындалды.

https://www.nelsonmandela.org/news/entry/bethelegacy-give-blood-at-the-nelson-mandela-foundation

 

Берлинде Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды

Гейдар Алиевтың қоры Германиядағы Әзербайжан елшілігімен бірге Берлинде Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100 жылдығына арналған көрмені ашты. Іс-шараға Гейдар Алиев қорының атқарушы директоры Анар Алекперов, Германиядағы Әзербайжан елшісі Рамин Гасанов, Германия үкіметі мен Бундестаг өкілдері, дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты. Көрме аясында жұртшылықтың назарына Әзербайжан мемлекетінің қалыптасу тарихынан сыр шертетін деректі фильм мен музыкалық бағдарлама ұсынылды.

https://heydar-aliyev-foundation.org/az/content/view/59/4751/Heyd%C9%99r-%C6%8Fliyev-Fondunun-t%C9%99%C5%9Fkilat%C3%A7%C4%B1l%C4%B1%C4%9F%C4%B1-il%C9%99-Berlind%C9%99-Az%C9%99rbaycan-Xalq-C%C3%BCmhuriyy%C9%99tinin-100-illiyin%C9%99-h%C9%99sr-olunmu%C5%9F-t%C9%99dbir-ke%C3%A7irilib

 

Беларусь Республикасы Президентінің Резиденциясында «Қылқалам ұшында» көрмесі ашылды

Белорусь Республикасы Президентінің Резиденциясындағы Президент кітапханасының бөлімшесінде ашылған көрмеде  Минск қаласындағы «Ақ тас» шығыс сурет мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының жұмыстары ұсынылды.

Көрмеге каи-шу және гоу-хуа, y-син және се-и кескіндеме дәстүрлі қытай каллиграфия техникасында жасалған жұмыстар қойылған. Сондай-ақ көрмеден көпшілік жабайы орхидея, бамбук, мэй-хуа алхоры және бақытгүл бейнеленген «төрт асыл өсімдік»  кескіндемесін, «гүлдер мен құстар» (хуа-няо) жанрының туындыларын және дәстүрлі қытай пейзаж (шань-шуй) суреттерін тамашалаған.

 

https://www.preslib.org.by/news/type1/na-konchike-kisti

 

Ельцин орталығында өткен XV «Киносынама» фестивалі

1-5 желтоқсан аралығында Екатеринбургте «Киносынама» киномектептерінің мерейтойлық халықаралық кинофестивалі өтті. «Киносынаманың» негізгі бөлігі Кино үйінде өтсе, қалған білім беру бағдарламалары Ельцин орталығында жалғасын тапты.

Фестиваль қонақтары мен қатысушылары – Болгария, Испания, Польша, Ресей, Жапония және басқа елдерден келген 100-ден астам кинематографистер.  Биылғы жылы байқау бағдарламасына киноға енді ғана ден қоя бастаған кинематографистерден ойын, деректі және анимациялық туындылардан тұратын 387 өтінім келіп түскен, оның 113-і байқау бағдарламасына енген.

 

https://yeltsin.ru/news/xv-festival-kinoproba-v-elcin-centre/