ЛИНКОЛЬН ОРТАЛЫҒЫ

http://www.lincolncenter.org/

Линкольн орталығы Кинематографиялық қоғамынан марапат

Белгілі америка актрисасы Мерил Стрип Линкольн орталығы Кинематографиялық қоғамының кезекті марапатын иеленді. Жүлде келесі жылы 14 сәуірде Линкольн орталығында өтетін Кино қоғамның 35-жылдығына арналған салтанатты қабылдауда табысталады.

Аталған марапатты иеленген басқа да белгілі киногерлер: Чарли Чаплин, Фред Астер, Альфред Хичкок, Клинт Иствуд, Мартин Скорсезе, Джейн Фонда, Дайан Китон және басқалары.

 

АТАТҮРІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

http://akmb.gov.tr/

Ататүрік мәдениет орталығы жаңа ғимаратының құрылысы

Түркияның Мәдениет министрі Мехмет Нури Эрсой Ататүрік мәдениет орталығының жаңа ғимаратын салу мерзімдерін жариялады. «2019 жылғы ақпанда іргетасын қалап, құрылысты бастаймыз, құрылыс мерзімі – 2 жыл, Ататүрік мәдениет орталығының ашылуы 2021 жылға жоспарланған».

Сәулетші Мұрат Табанлыоглу жобалаған Орталықтың жаңа ғимаратында сыйымдылығы 2500 адамдық опера залы бар үлкен кешен, сондай-ақ концерттік, театр залдары, кинотеатр, кітапхана, дизайндік дүкендер, кафе және ресторандар орналасатын болады. Ататүрік мәдениет орталығы Стамбулдың жаңа мәдениет кеңістігі болады деп күтілуде.

 

ГЕЙДАР АЛИЕВ ҚОРЫ

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4714

 

«Милан Экспо 2015» көрмесінде көрсетілген Әзірбайжан Ұлттық павильоны Теңіз жағалауы саябағында қайта құрастырылды

«Милан Экспо 2015» көрмесінде көрсетілген Әзірбайжан Ұлттық павильоны демонтаждалып, Бакуға әкелінді және 8 қазанда Теңіз жағалауы саябағы аумағында қайта құрастырылды. Мұнда әзірбайжан ұлттық тамағын, музыкасын және мәдениетін насихаттайтын инсталляциялар қондырылған, ғимаратта әртүрлі тұрмыстық қызметтер көрсету үшін мүмкіндіктер жасалған, терраса салынған.

 

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4737

 

Гейдар Алиев Орталығында «Инфлюэнсердің жаһандық күні»

27 қазанда Гейдар Алиев Орталығында «Инновациялар апталығы» аясында «Инфлюэнсердің жаһандық күні» өтті. Аталған шараны Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрлігі Гейдар Алиев Орталығымен бірлесе ұйымдастырды.

Шарада ақпарат ғасырында адами капиталды дамыту туралы сөз қозғалды.  «Инфлюэнсердің жаһандық күні» Әзірбайжанда заманауи коммуникациялық және маркетингтік технологияларға мемлекеттік деңгейде маңыздылық танылуы ретінде бағаланды.

 

 

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4739

 

Гейдар Алиев Қорының ұйымдастырушылық қолдауымен Лондонда Әзірбайжан Демократиялық Республикасының 100-жылдғына арналған шара өтті

Ұлыбританияның астанасы Лондонда Гейдар Алиев Қоры мен осы елдегі Әзірбайжан елшілігінің ұйымдастырушылық қолдауымен Лондонда Әзірбайжан Демократиялық Республикасының 100-жылдығына арналған салтанатты қабылдау өтті.

Шараға Гейдар Алиев Қорының атқарушы директоры Анар Алакбаров, Ағылшын-Әзірбайжан қоғамының тең төрайымы Наргиз Пашаева, Ұлыбританияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың, мемлекеттік құрылымдардың, парламенттің, бизнестің өкілдері қатысты.

Шара аясында Гейдар Алиев Қоры ұйымдастырған көрмеде Әзірбайжан Демократиялық Республикасының тарихы туралы суреттер, аудио-, видеоматериалдар, деректі фильм ұсынылды, сондай-ақ музыкалық бағдарлама берілді.   

 

 

 

БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАСЫ

 

https://www.preslib.org.by/news/type1/grani-vpechatlenii

Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасының филиалы

Беларусь Республикасы Президентінің Резиденциясында «Сезімдердің қырлары» көрмесінің ашылуы өтті

2018 жылғы 25 қыркүйекте Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасының филиалы  Беларусь Республикасы Президентінің Резиденциясында «Сезімдердің қырлары» көрмесі ашылды және Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің халықтық сәндік-қолданбалы өнер кафедрасы оқытушыларымен шығармашылық кездесу өтті.

Көрмеде көркемдік тоқыманың бірнеше бағыттары – дәстүрлі және заманауи – өрнек (писанки и батика), суретті кілем және киізден орындалған туындылар ұсынылды.  

 

 

https://www.preslib.org.by/news/type1/otkrytie-hudozhestvennoi-vystavki-v-prezidentskoi-biblioteke-respubliki-belarus

Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасында көркемдік көрменің ашылуы

2018 жылғы 19 қазанда Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасының галереясында көрменің ашылуы өтті.

Көрмеде Герман Прянишников атындағы «Дәстүр» Светлогорск сурет галереясының «алтын қорынан» суреттер ұсынылды. Атап айтқанда, Леонид Щемелевтің, Борис Аракчеевтің, Павел Татарниковтің, Валерий Шкарубоның, Владимир Стельмашонканың суреттері, Эдуард Астафьевтің мүсіндік жұмыстары бар.

 

 

 

ЕЛЬЦИН ОРТАЛЫҒЫ

 

https://yeltsin.ru/news/polnaya-versiya-istoriya-o-dombre/

 

Толық нұсқа. Домбыраның тарихы

Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің музейі кезекті «Толық нұсқа. Домбыраның тарихын» дайындады. Нақты экскурсия бір экспонаттың – Борис Николаевичке тарту етілген естелік сыйлықтың тарихын баяндайды. Ол – Қазақстанның халық мәдениетінің нышаны, ұлттық шертпелі аспап болып табылатын домбыра.

Қазақстанның ұлттық аспабы Ельцинге 1991 жылғы тамыз оқиғалары қарсаңында тарту етілген. Одақтық келісім қол қоюға дайындалуда еді. 1991 жылғы 16-18 тамыз аралығында Қазақстанға сапармен келген РСФСР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Екі президент егемен мемлекеттер Одағының тұрақтылық кепілі туралы келісімге қол қойды және бірыңғай экономикалық кеңістік туралы мәлімдеме жасады, өйткені жаңартылған социалистік республикалар одағындағы жетекшілікке осы екі басшының ықпалы басымдырақ еді.

Ресей мен Қазақстан қатынастарының тарихында осы музыкалық аспап символдық рөл атқарды. Қос ұлттық лидерлердің арқасында 1991 жылғы тамызда негізі қаланған тату көршілік, достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды біздің елдеріміз одан әрі жалғастыруда.

 

https://yeltsin.ru/news/imennye-stipendii-studentam-i-aspirantam-urfu/

 

Атаулы шәкіртақылар – УрФУ студенттері мен аспиранттарына

17 қазан күні Ельцин орталығында Борис Ельцин музейінің Еркіндік залында Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н. Ельциннің атаулы шәкіртақылары сертификаттарын УрФУ студенттері мен аспиранттарына тапсыру рәсімі өтті.

Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н. Ельциннің атаулы шәкіртақылары 2002/2003 оқу жылы Ресейдің тұңғыш президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал федералдық университетінің студенттері мен аспиранттарына тағайындалды. Алғашқы тапсыру рәсімі 2003 жылы Борис Николаевичтың жеке өзінің қатысуымен өткен болатын.

Б.Н. Ельциннің президенттік орталығы Б.Н. Ельцин атындағы УрФУ тәлімгерлері арасындағы шәкірақылық бағдарламаның беделін жыл сайын арттыруда. Оның мақсаты –атаулы шәкіртақы алатын студенттерден ортақ мақсат пен мүдде байланыстыратын тамаша кәсібилердің элитарлық қоғамдастығын құру.

 

https://yeltsin.ru/news/oleg-basilashvili-pamyat-o-elcine-dlya-menya-svyata/

 

Олег Басилашвили: «Ельцин адамдардың ынтасын оятты»

17 қазан күні Екатеринбургтегі Ельцин киноклубы театр және кино актері, КСРО халық әртісі, қоғамдық қайраткер Олег Басилашвилиді қабылдады. Ол Екатеринбургке «Толғаныс» атты поэзиялық бағдарламасымен келді

Көрермендермен кездесу қарсаңында Олег Басилашвили Борис Ельцин музейімен танысты. Жанжақты экскурсияны Наина Ельцина мен музей директоры Дина Сорокина өткізді. Олар 1991 жылғы тамыз оқиғаларына арналған «Баррикадалар» экспозициясында және Ельциннің кремлдік кабинетінде біраз тоқталды.

- Борис Николаевич адамдардың ынтасын оятты және оларды адал жұмыс істесе лайықты өмір сүретіндіктеріне сендірді, яғни әрі қаржылық, әрі адами қатынаста лайықты азаматтар бола алатындықтарына. Борис Николаевич адамдардың жеке азаматтық түсініктерін де оята білді. Егер сен өз еліңнің азаматы болсаң, елің азат болуы үшін әрекет етуге тиіссің. Сенің еңбегің еркін қожайынның еңбегі болу керек. Бұл – Б.Н.Ельциннің еңбегі, - деді О.В. Басилашвили.

 

Б.Н.ЕЛЬЦИН АТЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА

 

https://www.prlib.ru/news/1166765

 

«Қардан да жеңіл еріп, болаттай қатайдым…» Марина Цветаеваның өмірі мен шығармашылығын Президенттік кітапхана таныстырды

2018 жылғы 8 қазанда тағдыры мен шығармашылығына аласапыран кезең қайғылы таңба қалдырған Марина Цветаеваның дүниеге келгеніне 126 жыл толады. Президенттік кітапхананың электрондық қорына енген М.И. Цветаеваның шығармашылық тақырыбына арналған бірқатар авторефераттар ақынның поэтикалық координаталарының күрделі жүйесін ұғынуға мүмкіндік береді.

 

https://www.prlib.ru/news/1165540

 

М. Ю. Лермонтов туындыларының алғашқы экрандаулары және басқа да қызықты материалдар -  Президенттік кітапхана жиынтығында

Михаил Лермонтовтың басылмаған өлеңдері, оның әдеби туындыларының қолжазбалық нұсқалары, көптеген суреттер, көркем фильмдер және видеодәрістер, сондай-ақ ұлы орыс ақындарының бірінің өмірі мен қызметіне қатысты басқа да көптеген материалдар Президенттік кітапхананың электрондық тақырыптық жиынтығында сақталған.

Президенттік кітапхананың электрондық қоры басқа да қызықты материалдарды ұсынды: Кавказдағы қызмет кезінде жазған ақынның баянаттары, оның өлеңдерінің қолтаңбалары мен олардың шығу тарихы, И.К. Айвазовский мен В.М. Васнецов суреттеген поэтикалық туындылар, сондай-ақ басқа да көптеген құнды дүниелер.

 

https://www.prlib.ru/news/1168026

 

Президенттік кітапхана жасөспірім журналистердің көздерімен

Санкт-Петербургте «Журналистік марафон» атты қалалық мектеп БАҚ-дары редакциялық алқа өкілдерінің VII жыл сайынғы конкурсы аяқталды. Бұл жолғы конкурстың ұйымдастырушылары: «Жастық» балалар шығармашылығы Үйімен бірлесе Президенттік кітапхана. Президенттік кітапхана алғаш рет конкурстың негізгі кезеңінің бастапқы алаңына айналды.

Марафонға барлығы жүзден астам оқушы қатысты. Президенттік кітапханада олар баспасөз мәслихатына қатысты, ғимарат бойынша экскурсия жасады, қызметкерлердің жұмыстарымен танысты, ең бастысы, ежелгі кезеңнен осы уақытқа дейінгі орыс тілінің шығу тегі, дамуы және метаморфозалары туралы проблемалық мақала үшін материалдар жинады.

 

https://www.prlib.ru/news/1168188

 

Президенттік кітапхананың жаңа виртуалды туры ресей астанасының Петроградтан Мәскеуге көшуі туралы баяндайды

1918 жылдың көктемінде неліктен астананы Петроградтан Мәскеуге көшіру туралы шешім қабылданды? Мұның бастамашысы кім? Ауқымды көшіру қалай жүзеге асырылды және бірінші кезекте қандай нысандар көшірілді? Президенттік кітапхана порталының келушілері осы және басқа сұрақтарға жауапты көрме бойынша виртуалды тур арқылы ала алады.

Бірегей мұрағат құжаттары жаңа мемлекет басшыларының,  комиссариаттардың және басқа да маңызды әкімшілік-саяси құрылымдардың көшуінің, кеңес үкіметінің алдында туындаған көптеген қиындықтардың мән-жайы туралы баяндайды. Мультимедиялық карталар революцияға дейінгі Петроград пен Мәскеуде орталық органдардың қай жерлерде орналасқандарын түсінуге көмектеседі. Деректі фильмдердегі кинохроника кадрлары мен үзінділер тарихи оқиғаға жан бітіреді.

 

https://www.prlib.ru/news/1168623

 

Ректорлық қауымдастық Президенттік кітапханада Ресей жоғары оқу орындарындағы білімдердің гуманитарлық жүйелеріне теология курстарын енгізу мәселелерін шешті

Президенттік кітапханада «Теология ғылыми-білім беру кеңістігінде» атты II бүкіл Ресейлік ғылыми конференция аясында «Теология заманауи ресей университетінің құндылықты-дүниетанымдық және педагогикалық даму ресурсы ретінде» атты дөңгелек үстел өтті.

Ректорлық қауымдастықтың жетекші өкілдері мен дөңгелек үстел қатысушылары теологияның жоғары оқу орындарда пән ретінде енуі - құндылықты-дүниетанымдық білім берудің сапалы және заманауи жүйесін, сондай-ақ жастар ортасында рухани-адамгершілік білім мен патриоттық тәрбиені дамытуға септігін тигізеді деген қорытындыға келді.