ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (ШІЛДЕ, 2018 ЖЫЛ)

Гейдар Алиев қорының ұйымдастыруымен Каннда Әзербайжан мәдениетінің күндері басталды

14 шілдеде, мәдениет күндері аясында Канн қаласының Фестиваль-конгресс сарайында «Любовный тандем» («Махаббат жұбы») атты көрме ашылды. Аталмыш көрме белгілі Әзербайжан суретшілері Лятиф Фейзуллаев пен Ваджии Самедованың туындыларынан құрылды.

Авторлардың 50-ден астам туындылары Әзербайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Лятиф Фейзуллаевтың 100 жылдығына арналып отыр. Аталмыш көрме 4 тамызға дейін жалғаспақ.

Гейдар Алиев қорының ұйымдастыруымен Каннда Әзербайжан мәдениетінің күндері 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді. Әзербайжан халқының тарихы мен мәдениетін, мемлекеттер мен ұлттар арасындағы байланыс тығыздығын насихаттауға бағытталған жоба шеңберінде түрлі көрмелер мен концерт бағдарламалары өтеді.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4659

 

Гейдар Алиев орталығында Шах Исмаил Хатаиге арналған көрме ашылды

19 шілдеде Гейдар Алиев орталығында Әзербайжан халқының баласы, қолбасшы, ақын Шах Исмаил Хатаиге арналған «Сокровищница вечности» («Мәңгілік қазына») көрмесі ашылды.

Гейдар Алиев қоры, Гейдар Алиев орталығы, Флоренция Уффици галереясы, Италия Мәдениет және туризм министрлігі мен Әзербайжандағы Италия елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрме келушілерді Шах Исмаил мен оның ұлы Шах Тахмасибтің билік кезеңдерімен таныстырады. Әдебиет пен өнердің гүлденуімен тұспа-тұс келген сол кезеңде мемлекеттіліктің ғылыми, шығармашылық әлеуеті қалыптасып, Сефеви мемлекетіне Әзербайжан жерлерінің кіру үдерісі аяқталды. Сондай-ақ мемлекет аралық келіссөздер жүргізуде әзербайжан тілінің абыройы асқақтап, Еуропа елдерімен сауда-саттық байланыстар орнайды.

Көрменің негізгі нысаны ретінде келушілер назарына Әзербайжанға алғаш әкелінген Шах Исмаил мен ұлы Шах Тахмасибтің түпнұсқа портреттері, Кристофано дель Альтиссимоның Уффици галереясына тиесілі қылқаламдары ұсынылады.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4660

 

Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасында жаңа көрме ашылды

10 шілдеде Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасында «Литература в искусстве» («Өнердегі әдебиет») жобасы аясында белорус режиссері М.Пташуктың мерейтойына арналған интерактивті көрме ашылды.

Көрме Михаил Пташуктың фильмдеріндегі (Знак беды», «Возьму твою боль», «Момент истины («В августе 44-го»)») соғыс жылнамасынан сыр шертеді.

Экспозицияда экранизацияланған туындылардың басылымдары, режиссердің жеке заттары, марапаттары, сондай-ақ соғыс турады белгілі белорус фильмдерінде қолданылған костюмдер мен реквизиттер ұсынулы.

Көрме 2018 жылғы 3 қыркүйекке дейін жалғасады.

https://www.preslib.org.by/news

 

РФ Президенттік кітапханасы «Foreign View» конкурсының жеңімпаздар альбомын шығарды

«Экология жизни» / «Өмір экологиясы» ұранымен өткен «Foreign View» / «Шетелдік көзқарас» атты РФ Президенттік кітапханасының конкурсы жеңімпаздар альбомын сегізінші рет жарыққа шығарып отыр.

Сайысқа қатысқан авторлар фото, бейне материалдары арқылы қоршаған орта мәселелерін қозғады. Жіберілген жұмыстардың саны 3600-ден астам. Олардың қатарында 20-дан астам мемлекет қатысушыларының шығармашылығы бар. Фотосуреттермен қатар сайысқа құжаттар хроникасы, архив бейнематериалдары қатысты. Орта есеппен 45 бейнеролик келіп түскен.

Қазіргі уақытта тоғызыншы «Foreign View» конкурсының жұмыстарды қабылдауы іске қосулы. Ресейдегі Еріктілер жылына арналған сайыс бұл ретте «Свобода помогать» / «Қолғабыс еркіндігі» ұранымен атап өтілмек.

Қабылдау жұмыстары 2019 жылғы 14 қаңтарға дейін жалғасады.

https://www.prlib.ru/news/1161472

 

РФ Президенттік кітапханасы Владимир Маяковскийдің 125 жылдығына арналған жинақты ұсынды

2018 жылғы 19 шілдеде белгілі орыс ақыны Владимир Маяковскийдің 125 жылдығы атап өтілді. Драматург, киносценарист, режиссер, актер, публицист, редактор ретінде танымал тұлғаның мерейтойына арнап Президенттік кітапхана «В.В. Маяковский (1893-1930)» электронды жинағын дайындады.

Топтамаға жазушының алғашқы шығармалары ғана емес, сыни мақалалар, Маяковскийдің рухына арнаған некрологтар мен мүсіндердің суреттері, ақынның портреттері мен оның шығармашылығын зерттейтін ғылыми жұмыстар кірген.

https://www.prlib.ru/news/1160573

 

Романовтар күніне арналған бағдарлама

2018 жылғы шілдеде ІІ Николайдың жанұясы мен импоратор әулеті мүшелерінің ату жазасына кесілгенінен 100 жыл өтті.

Қасіретті оқиғаға байланысты Екатеринбургте православие мәдениетінің «Царские дни» / «Патша күндері» атты жыл сайынғы фестивалі өтеді. Б.Н. Ельцин Президенттік орталығы Романовтар әулетінің соңғы күндеріне арналған арнайы бағдарлама ұсынады. Музей экспозициясында тақырыптық экскурсиялар мен арнайы жобалар өтеді. Ал Ельцин орталығының аудиторияларында Орал, Мәскеу зерттеушілері мен публицистерінің дәрістері жүргізілмек.

https://yeltsin.ru/news/dni-romanovyh-programma/

 

АҚШ Конгрессінің кітапханасы оқырмандарын Шығыс Азия мәдениетімен таныстырмақ

АҚШ Конгрессінің кітапханасы белгілі жапон жазушысы, режиссер Кихара Хирокацумен бірге Отакон, Колумбия округі Вашингтон қалаларының тұрғындарын Шығыс Азия мәдениетімен таныстыруды жоспарлайды. Іс-шаралар қатарына жапон халқының тарихи дәстүрлеріне шолу, ежелгі және бүгінгі өнер түрлерімен танысу кіреді. Келушілердің назарына жапон халқының ұлттық музыкасынан бастап, бүгінгі фильмдері мен анимелеріне дейінгі туындылар ұсынылады. Тыңдаушылар мен мамандар аталмыш ұлттың мәдениетіне тән ерекшеліктерді ортаға салып, пікір алмаса алады. Тегін өтетін іс-шара 11 тамызға дейін жалғасады.

https://www.loc.gov/item/

 

Франция ұлттық кітапханасы киноның қыр-сырын ашады

29 шілде мен 31 тамыз аралығында Франция ұлттық кітапханасы келушілеріне 50-ден астам фильм қатарын көрсетіп қана қоймай, оларды түсірілім барысында қолданылған әдіс-тәсілдермен таныстырады. Көрермендердің назарына 1898 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі туындылар ұсынбақ.

http://www.bnf.fr/fr/la_bnf


Франция ұлттық кітапханасы виртуалды кеңістігін ашты 

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап Франция ұлттық кітапханасы жұртшылықты тоғыз виртуалды кеңістікпен таныстыруды көздейді. Оның аясында келушілер ойын ойнаудан бөлек, ғарыш пен теңіз түбіне саяхат жасап, әлемге роботтың көзімен қарай алады.

http://www.bnf.fr/fr/la_bnf/