ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (ШІЛДЕ, 2020 ЖЫЛ)

«Ақ пен қара арасында». Беларусияның бейбіт 75 жылы Юрий Ивановтың көзімен

 Жыл сайын шілде айының басында Беларусь халықтың бірлігін, елдің егемендігін, Беларусиядағы бейбіт және тұрақты өмірді айшықтайтын мереке – Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

 Мереке қарсаңында және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойлық датасына орай 2020 жылдың 1 шілдесінде Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасында «Ақ пен қара арасында» фотокөрмесінің тұсаукесері өтті.

Беларусь пен әлемдегі ең мықты фотографтардың бірі, Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы, көптеген конкурстар мен премиялардың лауреаты Юрий Сергеевич Ивановтың фотосуреттерінде Беларусияның бейбіт 75 жылы көрініс тапқан. Юрий Ивановтың көптеген фотосуреттерінен тарихи өзгерістер мен отандық өнеркәсіп және ауылшаруашылық жетістіктерінің әсерінен сенімі күшейген Беларусияның қалай өзгергенін байқауға болады.

Кәсіби фототілші бола тұра және әлемге әйгілі жаңалықтар қызметтері мен басылымдарында жұмыс істеп жүрсе де Юрий Сергеевич БКСР тарихында өз ізін қалдырған және бүгінгі Беларусь Республикасын құрудың өзіндік «негізіне» айналған бірегей оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тұлғаларды суретке түсіре алған.

https://www.preslib.org.by/news/type1/mezhdu-belym-i-chernym-75-mirnyh-let-belarusi-glazami-yuriya-ivanova

 

 XVI–XX  ғасырдағы бірегей фолианттар – Президент кітапханасының виртуалды көрмесінде

Президент кітапханасының порталы арқылы Сенат көшесі,3 Синода тарихи ғимаратында ұсынылған «Кітап мәдениеті ескерткіштері: қағаздан цифрға дейін» көрмесі бойынша виртуалды тур арқылы бұрын кең аудиторияға қолжетімсіз болған сирек кездесетін кітаптарды көруге және парақтауға мүмкіндік туды.

Экспозицияның негізін Президенттік кітапхана жинағының XVI-XX ғасырлардағы екі жарым мыңға жуық басылымнан тұратын даналары құрады. Бұл құнды қазыналарды ССБ банкі Christie's аукционында сатып алып, 2009 жылдың мамыр айында мекеменің салтанатты ашылуында Президенттік кітапханаға сыйға тартты. Айта кететін жайт, цифрланған құнды кітаптардың электронды көшірмелері  кітапхана қорын толықтырды.

Жинақтың ерекшелігі: көптеген кітаптарды мемлекеттік ескерткіштерге жатқызуға болады, ал кейбір басылымдар – әлемдік маңызға ие. Виртуалды тур арқылы раритетті  көріп ғана қоймай, сонымен қатар оны «парақтап» шығуға болады. Бұл электрондық көшірмелер белгілі бір әдебиет тарихын егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді.

Экспозицияға сондай-ақ көрнекті орыс жазушылары мен ақындарының, соның ішінде И.А. Буниннің, Н.В. Гогольдің, Ф.М. Достоевскийдің, Л.Н. Толстойдың, Н.А. Некрасовтың көзі тірілерінде жарық көрген алғашқы басылымдары кірді.

Орыс өнертанушысы Н. Н. Врангельдің, Моңғолия мен Тибеттің зерттеушісі П.К. Козловтың, суретші Д. И. Митрохиннің қолтаңбалары бар шығармалары, императорлық және Ұлы князьдік кітапханалардың кітаптары қызығушылық тудырады.

https://www.prlib.ru/news/1298892

 

Ресей футболының тарихы – Президенттік кітапхананың виртуалды көрмесінде

Президент кітапханасының Сенат алаңындағы Синода тарихи ғимаратында ұсынылған «Ресейдегі футболдан әлем чемпионаты туралы айтқанда: маңызы ойыннан да зор» виртуалды көрмесі Ресей футболының бастауы мен қазіргі кезіне арналған.

Интерактивті көрменің басым бөлігі FIFA 2018 Әлем чемпионатына арналған, оның матчтары Ресейдің 11 қаласында, соның ішінде Санкт-Петербургте өтті. Виртуалды тур аясында олардың әрқайсысы туралы жан-жақты білуге болады: бұл қала туралы ақпарат, чемпионат матчтарын өткізген стадион туралы қызықты деректер, осы кездесулердің нәтижелері және тағы басқалар.

«Ресейдегі футболдан әлем чемпионаты туралы айтқанда: маңызы ойыннан да зор»  экспозициясында Ресей футболын құрған және дамытқан адамдар туралы да айтылады Олардың ішінде алғашқы жаттықтырушылардың бірі, бірінші төреші Георгий Дюперрон, блокада матчының қатысушы Виктор Набутов және басқалар. Президенттік кітапхана қорынан алынған мол иллюстрациялық материал – спорт қоғамдарының жарғылары мен түрлі құжаттар, спорт туралы әдебиеттер, баспасөз, афишалар – футболдың біртіндеп қалай өзгергені туралы, мәселен: ережелердің өзгеруі, ойын техникасы, спортшылардың жабдықтары және т. б. көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.

https://www.prlib.ru/news/1300224

Борис Ельцин музейі жұмысын жаңартады

 

Борис Ельцин музейі келушілер үшін 2020 жылдың 1 тамызынан бастап ашылады.

Музейге кіріп-шығу Роспотребнадзордың барлық талаптарына сәйкес келеді және қонақтар үшін мүмкіндігінше қауіпсіз.

– Музейге билеттерді  yeltsin.ru сайтта тек онлайн сатып алуға болады. Бұл электронды билеттер келген күнмен тіркеледі. Бірыңғай жағдай – келушілердің жеңілдетілген санаттары үшін қарастырылған. Мұндай жағдайда Ельцин орталығының орталық ақпараттық бағанындағы әкімшілерге тиісті құжатты ұсыну арқылы кассадан билет сатып алуға болады.

– Музей мен арт-галереясына келушілердің саны мен бетперде режимі бойынша шектеу бар. Музей экспозициясында бір уақытта жүзге дейін адам болуы мүмкін. Қыркүйек айында ашылатын арт-галереядағы көрмеде бір қабатта 20 адамнан артық болмауы тиіс. Экскурсия жүргізушілері мен залдардың бақылаушылары экскурсия кезінде бетперде немесе қорғаныс экрандарын пайдаланады. Келушілер бетперделер мен қолғаптарды Ельцин орталығының әкімшілерінен  ала алады.

– Келушілер мен қызметкерлерге әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылды – ақпараттық стендтер алдында, музейдің кіреберісіне, арт-галереяға және гардеробқа едендік белгілер қойылған.

– Музей мен арт-галереяға кіреберісте санитайзерлер орнатылған. Интерактивті аймақтар мен экрандарды дезинфекциялау сағат сайын жүргізіледі, барлық қоғамдық орындарда желдету күшейтіледі.

– Музей бойынша шолу экскурсиялары жеке (5 адамға дейін) және тек алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі. Экскурсиялық жабдық уақытша пайдаланылмайды.

– Ельцин орталығына кіре берісте, музей фойесінде және «1991» кафесінің кіреберісінде байланыссыз медициналық тепловизорлармен келушілердің температурасын бақылау жүргізіледі.

– Музейді аралағаннан кейін келушілер экспозицияны тастап, 3-қабаттағы бөлек есік арқылы шығады. Кәдесый дүкені де осы шыға беріске ауыстырылған.

Тамыз айында Ельцин орталығының кинозалы холлында Джеймс Хиллдің «Жеңіс күні» атты соғыс ардагерлерінің портреттері ұсынылған көрмесі ашылады, ал қыркүйекте арт-галереяда «Авангард – 21 ғасырдағы арбада» көрмесі ұсынылады.

https://yeltsin.ru/news/muzej-borisa-elcina-vozobnovlyaet-rabotu/

 

YouTube желісінде Никсон қорының форумы жарияланды

Ричард Никсон қоры YouTube желісіндегі парақшасына «Nixon Legacy» форумының 42 бейнеролигін жариялады. Аталмыш форум Никсон әкімшілігінің саяси бастамаларын, Ричард Никсон кітапханасындағы құжаттар мен басқа да материалдарды көпшілік назарына ұсынады. Жоба аясында бастаманы дайындаған әкімшілік мүшелері, ғалымдар мен зерттеушілер пікірін ортаға салып, жасауға көмектесті.

Саяси бастамаларға шолу ретінде форумның орны ерекше. Оның арқасында белгілі бір тақырыпқа қызыққан азаматтар Ұлттық мұрағат пен Ричард Никсон қорының толығырақ ақпаратына қол жеткізе алады.

https://www.nixonlibrary.gov/news/watch-nixon-legacy-forums-youtube

 

Клинтон орталығы COVID-19 індетімен күресті қолдайды

Қызметкерлерінің, еріктілері мен келушілерінің денсаулығына алаңдаушылық білдіре отырып, Клинтон орталығы жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр. Клинтон кітапханасындағы зерттеу кеңсесі, Клинтон музейіндегі тұрақты және уақытша экспозициялар жабылып, бағдарламалар жұмысы кейінге шегіндірілді.

https://www.clintonfoundation.org/how-clinton-center-responding-covid-19