2018 жылғы 5 шілдеде Ресей Федерациясын Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Дума делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. Мәртебелі меймандар қатарында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Неверов,  Еуразиялық интеграция және отандастармен қарым-қатынас, ТМД істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Виктор Водолацкий, Халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ирина Роднина, Федералдық құрылым және жергiлiктi өзiн-өзi басқару комитетi төрағасының орынбасары Валентина Терешкова болды.

Қазақстан тарапынан шетелдік қонақтарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі V және VI шақырылымының депутаты Абай Тасболатов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамыраев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеті мүшесі Анар Жайылғанова алып жүрді. Оларды Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева қарсы алды.

Қонақтар Назарбаев орталығының сәулетіне мән беріп, ғимараттың бірегейлігі мен әсемдігін атап өтті. Олар экспозицияларда ұсынылған тарихи, мәдени материалдар мен архив құжаттарымен танысып, Елбасыға шет мемлекеттерден тарту етілген сыйлықтар мен жоғарғы марапаттар топтамасына ерекше көңіл бөлді. Меймандардың назарына  еліміздің сыртқы саяси жетістіктерін сыр шертетін «Әлем таныған көшбасшы» фотогалереясы ұсынылды. Оның аясында олар архив құжаттарын, фото және бейне материалдарды тамашалады.

Экскурсиядан оң әсер алған делегация мүшелері  Пікірлер кітабына тілек жазды.