Жыл сайын біздің еліміз бен жас елордамызға деген қызығушылық арта түсуде. Ішкі және сыртқы туризмнің өсу қарқыны Елбасы кітапханасына келушілер қатарының еселенуіне өз үлесін қосуда. Күн сайын алыс-жақын шетелдерден келген меймандар Назарбаев орталығы мен Елбасы кітапханасы Музейінің экспозицияларымен танысуын жалғастырып келеді.

Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Президентінің алғашқы Резиденциясының ғимаратына Ресейдің Нижний Тагил және Екатеринбург қалаларынан келген меймандар ат басын бұрды.

Екатеринбург қаласының қариялар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды күту жекеменшік үйінің жетекшісі Наталья Мышкина Астана қаласына жолдамаға сәуір айында тапсырыс берген айтып, елордамыздан алған әсерімен бөлісті:

– Таңғажайып Астана бізді баурап алды! Ешқандай қалаға ұқсамайтын, гүлденген, өте көрікті қала. Мені дәрігер ретінде қаланың мұнтаздай тазалығы таңқалдырды. Қала тұрғындары өздерінің сүйікті қалаларына ерекше құрметпен қарайтыны байқалып тұр. Мүмкіндік болып жатса, тағы да келеміз. Осындай көрікті қаланың Жаңа жылдың алдында ақша қарға оранғанын да көргіміз келеді! Сіздердің Музейлеріңізде маған Президенттеріңіздің өмірбаяны, оның шежіресі мен бүгінгі күнге дейінгі еңбек жолы, өз елінің құрметі мен сүйіспеншілігі үлкен әсер қалдырды. Экскурсия жүргізуші Президенттің отбасы туралы тебіренте баяндады. Өмірлік тәрбие беріп, бойындағы басты құндылықтарды қалыптастырған Президенттің ата-анасы туралы баяндалған әңгіме жүрекке жетті. Дәл қазір мұның сирек кездесетіні белгілі. Қазіргі жас буын заманауи, дамыған, креативті, алайда «мәңгілік құндылықтардың» – отбасы мен ата-ана екенін бағалай бермейді. Міне, нағыз үлгі боларлық тұлға! Қазіргі жастарды Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісінде тәрбиелеуге тиіспіз! Сіздердің елдеріңізде үлкен кісілер мен қарияларға деген ерекше құрметті көрдік. Қариялар қашан қарасаң да өз балалары мен немерелерінің қасында жүргені жүрегімізді елжіретті. Экскурсия барысында – Президенттеріңіздің өз елін жан-тәнімен сүйіп, өз еліне әрқашан қамқор көрсететініне көзім жетті!

Екатеринбург қаласының тұрғыны Ольга Иванованың пікірінше, кезінде кеңестік дәуірде мектеп оқулықтарынан оқыған көршілес елдердің тарихы мен мәдениеті көптеген ресейліктердің қызығушылығын туғызып отыр:

– Осындай қаражатқа Түркия еліне де барып келуге болады. Алайда біз оны өткен шақтың еншісіне қалдырдық. Мектеп кезінен Қазақстан деген гүлденген өлке бар екен білеміз. Міне бүгін сіздердің елдеріңізбен танысуды жөн көрдік. Астананың көркіне тоймай отырмыз: әдемі саябақтар, керемет ғимараттар! Бұл жерге тағы да келуге асығатын боламыз. Сіздердің Музейлеріңізді ерекше атап өткім келеді, экскурсия жүргізушілер өте мәдениетті, олардың қызықты әңгімелері мен заманауи экспозициялар әлі де санамызда жаңғыратын болады. Музей қорындағы Н. Назарбаевтың Рим Папасымен, түрлі елдердің басшыларымен кездесуін, камин жанында өткізген бейресми сұхбаттарын баяндайтын таңғажайып фотосуреттер мен архив құжаттарымен таныстық. Барлық фотосуреттер ерекше іріктелген, сол кезеңдерді шынайы көзіңе елестетеді. Сондай-ақ ресми рәсімдер залы ерекше әсер қалдырды.

Бүгін Ресейден келген меймандар үшін түнгі Астана бойынша экскурсия жоспарланған, ал ертең қазақтың Швейцариясына айналған – Бурабай саяжайына сапар күтіп тұр. Ресейлік меймандардың Қазақстанға туристік сапары ерекше көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлайды деп сенеміз.