«ӘСЕМДІКТІҢ, ҮНДЕСТІК ПЕН СҰЛУЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ» АТТЫ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

19 қаңтар күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Бөкейхан к-сі, 1а) кітапхананың музей жинағынан «Әсемдіктің, үндестік пен сұлулықтың нышаны» атты қор көрмесінің  ашылуы өтеді.

Көрмеде Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын суреттейтін әлем халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің 50-ден аса үлгісі ұсынылады. Бұл экспонаттар вазалардың кең тақырыптық жинағының аз ғана бөлігі.

Көрмеге қойылған барлық заттар материалы, жасалу техникасы, қолданылуы, пішіні, өрнектелуі бойынша алуан түрлі.  Фарфордан, керамикадан, шыныдан, металдан жасалған құмыралар Түркия, Қытай, Ресей, Еуропа, Орта Азия, Жапония, Въетнам, Малайзия және басқа да елдердің шеберлерлік мектептері жасаған бұйымдарын көрсетеді. Осы ыдыстардың пішінінен халықтардың шаруашылық өмірі, діни көзқарастарының ерекшеліктерін, адамгершілік пен этикалық нормаларын тапқан көркем бейнелерін байқауға болады. Вазалар таңғажайып тарихи мәтінге ие, оларды жасау мен қолданудың әдістерін, техникасын, әсемдігін айқындайтын рухани және материалдық өмір философиясын баяндайды.

Елбасы кітапханасының музей қорында дипломатиялық сыйлықтардан құралған түрлі коллекциялар жинақталған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә.Назарбаевқа ұсынылған бұл сыйлықтар Қазақстан халқына және оның көшбасшысына деген құрмет белгісі болып табылады, архив және кітаптық топтамалармен қатар Елбасы кітапханасы жинағының байлығы мен мазмұнының тағы бір қырын ашады.

Көрме «Музейлік топтама» ғылыми жоба аясындағы музейтанушылық зерттеулердің нәтижесі болып табылады.

 

 

«Әсемдіктің, үндестік пен сұлулықтың нышаны» қор көрмесі

2021 жылдың 15 наурызына дейін жалғасады.