2019 жылғы 31 мамыр күні Елбасы кітапханасы мұражайында ерекше балаларға арналған «Ертегіге саяхат» шығармашылық кеші өтті.

Балаларды қорғау күніне орай өткен іс-шараны Елбасы кітапханасы, «Астана қалалық мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Менің жандануым» психологиялық орталығы, «Асыл жебе» еріктілер тобы ұйымдастырды. 

Іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова серіктестерге ұзақ жылдық жемісті ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді:

- Көктем сайын осы ғимаратта ерекше балалар үшін іс-шаралар өткіземіз. Балалардың басым бөлігі мерекелерімізге он жыл қатарынан қатысып, көз алдымызда есейді. Олар біздің мейірбан достарымызға айналды. Осында қатысып отырған құрметті ата-аналар және өздерін ерекше балаларға арнаған жандардың қиындығы мол міндеттерін түсінеміз де сезінеміз де. Балалар – біздің нағыз қуанышымыз, шынайы бақытымыз!

Соңғы 13 жыл бойы Тұңғыш Президент музейі, кейін Елбасы кітапханасында дамуында ерекшеліктері бар балалар үшін ғылыми-білім беру жобалары жүзеге асырылуда. 2006 жылдан бастап балалардың кереметке қол созып, өздерін өзгелер сияқты сезінуіне мүмкіндік беретін, шексіз мүмкіндіктерге ие болуға жол ашатын арт-терапиялық семинарлар мен мерекелер өткізіледі. Елбасы кітапханасы аталған маңызды салада жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу үшін өзіндік тәжірибелік алаңға, үздік дағдыға айналды. Мерекелік іс-шаралардың өтуі -балалардың қоршаған ортамен тілдесу дағдысын дамытуға және әлеуметтік оқшаулануды еңсеруге мүмкіндік береді.

- Балаларға қуаныш сыйлай алуымыз - өте тамаша мүмкіндік. Балалар дарындылығын көрсете алады, өздерін танытып, жаңаға үйренеді. Түрлі квесттерді орындау арқылы балалар аса қажетті тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Біздің әлеуметтік педагогтар құрамын шақырғандары үшін алғыс айтамын. Жас қызметкерлеріміз үшін де өте маңызды тәжірибе, - деп атап өтті «Менің жандануым» психологиялық орталығының директоры Альвина Юсупова.

«Ерекше» балалар үшін мерекелік көңіл-күйдің ахуалын қалыптастыруға ата-аналар да белсене қатысты. 

Бұл іс-шараға Василий Зеленый қызымен бірге келген алғаш рет қатысуда.

- Қызымыз екеумізге мұражай да, мереке де қатты ұнады. Тек балалар үшін ғана емес, ересектерге де танымдық дүниелер өте көп екен. Біз келесі жылы да мерекеге міндетті түрде келеміз.

Ұйымдастырушылардың ойынша іс-шара терапиялық әрі эстетикалық сипатқа ие болуы тиіс. Мерекелік кеште М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының және № 1 музыкалық балалар мектебінің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Ал «Мен және менің командам» психологиялық жаттығуынан кейін балалар шығармашылық шеберхананың топтық жұмысы аясында түрлі-түсті қағаздармен орман алаңқайын желімдеді.

Бұдан кейін орындалған жұмыстардың тұсаукесері мен қызықты би кеші өтті. 

Мерекелік кештен және Елбасы кітапханасы музейімен танысудан естелік ретінде балаларға сыйлықтар мен кітаптар тарту етілді.