СТУДЕНТТЕРГЕ СЕРПІЛІС БЕРГЕН СЕМИНАР

Елбасы кітапханасында өткен  екі күндік «Болашаққа жол өзіңнен  басталады» атты оқыту семинарына осы жолы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

Назарбаев орталығында бас қосқан жалынды жастар  екі күндік семинар  бағдарламасы бойынша  ғылыми қызметкрелердің дәрістерін тыңдап, практикалық тапсырмаларды орындап, сондай-ақ елорданың көрікті жерлерін де аралап үлгерді.

–  Елбасы кітапханасы ұйымдастырған семинар-тренингте біз көптеген ақпарат алып, рухани байып қалдық. Білікті дәріскерлердің Қазақстанның маңызды құжаттары мен бағдарламалары жайында тереңнен қозғап, тарқатып айтқаны ұнады. Олар бәрін өте қарапайым түсіндіріп, бізді қызықтырып, ортақ пікірталасқа тарта білді.  Біз оқу семинарға қатысу арқылы білім көкжиегіміздің кеңейгенін байқадық. Жаңа достарымыз да семинар-тренингке белсене қатысып, өздерін жан-жақты көрсетті,-дейді С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің 3 курс студенті Айдос Нежімеденов.

– Мен елордадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасын көрсем деп армандап жүретінмін. Екі күннен бері сәулеті ерекше осы ғимаратта жүріп, мол мәліметке қанықтым. Маған ерекше әсер еткені –  шетелдік басшылардың Елбасына берген кәде-сыйлары болды. Бұл олардың  Тұңғыш Президентімізге деген құрметі деп білемін. Елбасымыздың елімізде ғана емес,  шетелдік саясаткерлер арасында да құрметті тұлға екені көңілге қуаныш ұялатты.

Екі күн бойы «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингіне қатысып, өзіме көп ақпарат алдым. Өзіме достар тауып, білімімді арттырдым. Бұл естен кетпес ерекше күндер болды мен үшін. Сол себепті барлық Елбасы кітапханасының басшылары мен қызметкерлеріне алғысымды білдіремін –деп ой бөлісті  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ақпараттық жүйелер мамандығының 1 курс студенті Нұргүл Құрбанбек

 

               

Семинар соңы  сертификаттармен марапаттау рәсіміне ұласып, қатысушыларға «Біздің Президент» атты естелік кітаптары тарту етілді.