Сізді шуақты көктемнің шұғылалы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сұлулық пен әсемдіктің нышанына айналған осындай жарқын мерекенің көгілдір көктемнің көркем табиғатымен үйлесе келуі заңдылық. Ежелден әйелге тән нәзіктік пен сезімталдық, жылылық пен қамқорлық, ізгілік пен мейірімділік жанды жадыратып, көңілге нұр сыйлайды.

Сіздер бір қолымен – бесікті, бір қолымен – әлемді тербейтін әлемнің анасысыздар, қашанда жан-жақтарыңызға шуақ шашып, өмірді сұлулықпен жайнатып, жайдарлы жүздеріңізбен әрбір шаңырақты қуаныш пен бақытқа бөлейсіздер.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас шаттық пен баянды бақыт тілеймін! Жақындарыңыз жандарыңыздан табылып, жан жылуымен қуанта берсін!

Әрқашан көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!

 

Құрметпен,                   

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы

кітапханасының ұжымы