2011 жылдың 2-шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Табыс стратегиясы» атты қор көрмесі орналасқан уақытша тақырыптық экспозициялық жаңа зал ашылды.
      Тәуелсіз Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты тарихи қысқа мерзім ішінде жаһандық өлшемде табыс стратегиясына айналып, таң қаларлық нәтижеге жеткізді.
      Музей қорынан шыққан жәдігерлер, мұрағаттық және кітапханалық материалдар соңғы кезеңдегі маңызды оқиғаларды, әсіресе, халықаралық аренада Қазақстанның беделін нығайтқан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен ұйымдастырылған Саммитін, ИЫҰ-на төрағалық, өткен VII қысқы Азия ойындарын жаңғыртады.