ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАРҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

2019 жылғы 17-22 маусым аралығында Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметті атқарғанына 30 жыл толуына арналған тақырыптық экскурсиялар апталығын өткізеді.

Елбасы кітапханасының қос ғимаратында ұсынылған экспозициялар келушілерді тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдерімен және Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық, мемлекеттік қызметімен, сондай-ақ бірегей музей жинақтарымен таныстырады.

«Атамекен» тақырыптық экскурсиясы Н.Ә. Назарбаевтың кіші отаны, отбасы, мектеп жылдары туралы баяндайды. Экскурсия барысында келушілер Елбасының өмірбаянынан сыр шертетін сирек суреттермен, бейне материалдар және архивтік құжаттармен танысады.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыптық экскурсиясы Қазақстан

мен өзге мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты

нығайтуға және дамытуға, этносаралық және конфессияаралық келісімді

сақтауға қосқан өлшеусіз үлесі және ядролық қаруды жою мен таратпау жөніндегі

бастамалары үшін тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті лайықты деп танылып,

марапатталған  жоғарғы мемлекеттік наградалар топтамасымен таныстырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Н. Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы»

тақырыптық экскурсиясы барысында ядролық қару мен ядролық сынақтарды өткізуден бас тартуға негізделген жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мен оның Тұңғыш Президентінің жаһандық ұстанымы жан-жақты көрсетіледі. Мультимедиалық және интерактивтік экспозиция келушілерге тақырып бойынша мол ақпаратты қызықты да қолжетімді түрде алуға мүмкіндік береді.

 

«Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсиясы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің спорттық тарихына арналады. Экскурсия отандық және шетелдік спортшылардың Н.Ә. Назарбаевқа тарту еткен сыйлықтар топтамасымен, қазақстандық чемпиондардың спорттық құралдары және олжаларымен таныстырады.

 

«Қару-жарақтар коллекциясы» тақырыптық экскурсиясы аясында келушілерге Қазақстан Республикасы

Қауіпсіздік кеңесінің отырыс залында орналасқан қару-жарақтардың бірегей топтамасы ұсынылады.

Экскурсия сан алуан қару-жарақ түрлерінің шығу тарихы, оларды шығару тәсілдері мен орындары,

қару шеберлігінің әлемдегі танымал мектептері туралы білуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Елбасы кітапханасындағы Сақ қорғандарының асыл қазынасы»

тақырыптық экскурсиясы бірегей археологиялық олжалар үлгісінде ежелгі көшпенділер өнерімен таныстырады. Тыңдаушылар қазақстандық археологиялық мектептің негізін салушылардың бірі, «Алтын адамды» әлемге паш еткен, тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышевтің ғылыми қызметі жөнінде көлемді ақпарат ала алады.

Сонымен қатар, Елбасы кітапханасы мына тақырыптар бойынша экскурсиялар ұсынады: «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы және Елбасы», «Әлем таныған Елбасы», «Жастар – ел тірегі», «Бейбітшілік ұялаған Бәйтерек», «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның бірлігі мен нышаны», «Қазақстандағы Олимпиада қозғалысы».

Экскурсияға жазылу үшін 69-30-41, 8-702-439-38-51 (Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1, Назарбаев орталығының ғимараты);

75-12-96, 75-12-92, 75-10-27 (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, Елбасы кітапханасының музейі ғимараты) телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады.