ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫ

2019 жылғы 5 наурыз күні Астана қ. тарих пәні мұғалімдерін аттестаттау бойынша тәжірибелік алаң аясында Елбасы кітапханасында аттестаттау сабақтарын қорғау өтті.

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова құттықтау сөзінде тәжірибелік алаңның міндеті тәуелсіз Қазақстан мен Елбасымыздың тарихи рөлін зерделеу және жетістіктерін дәріптеу, педагогиканың озық тәжірибесін тарату, шығармашылық бастамашылдықты дамыту екендігін атап өтті.

  - Жинақталған педагогикалық тәжірибесі мен шығармашылық ізденісінің  нәтижесін көрсеткісі келетін мұғалімдер саны жыл сайын артуда. Биыл елордалық 19 мұғалім Елбасы кітапханасында аттестаттау сабақтарын өткізуге өтінім берді, - деп хабарлады Ботагөз Мұттахиденқызы.

Астана қ. №№ 63,69 мектеп-гимназияларының, №№ 59,76 мектеп-лицейлерінің және №23 орта мектеп мұғалімдері Гүлсім Дәулеева, Шынар Төлегенова, Жұлдыз Рамазанова, Сәуле Абдахова, Гүлниса Жапарова, Зүлфия Рахымбаева, Нағима Бұлғақова музейлік педагогтармен бірлесе музейлік сабақтарды, «Ашаршылық – қазақ елінің қасіреті», «Мәңгілік ел: Бір ел – бір тағдыр», «Алтын адам – тарихи-мәдени жәдігеріміз» атты интеллектуальды байқауларды дайындады және өткізді.

Аттестаттау сабақтары музей материалдарын ұсынудағы инновациялық технологияларды, тарихи сананы, патриотизмді және Отанға деген терең құрмет сезімін жасақтаудағы заманауи тәсілдерді көрсетті.

Аттестациялық комиссия мүшелері ұсынылған сабақтардың жоғары деңгейін, тәрбиеленушілердің терең білімін, пәнаралық байланысты орнатудағы, озық қарқынды тапсырмаларды бөлген кезде саралаудағы аттестатталған мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі мен кәсібиліктерін, шығармашылық жаңашылдықтарын, сабақта қолданылатын әдіс түрлерінің алуан түрлілігін, көрнекіліктің қолданылуын атап өтті.

 Әлеуметтік-ағартушылық жобалар және білім беру қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Әсия Оспанова былай деді:

- Елбасы кітапханасындағы сабақтар педагогикалық қызметкерлердің кәсібилігінің өсуіне, шығармашылық бастамалардың дамуына көмектеседі, тарих пәнін оқыту әдістемесінде инновациялық бағыттылық саласында өзара ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға қызмет етеді. Осындай форматтағы сабақтарды өткізу білім беру жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызып қана қоймай, сондай-ақ Елбасы кітапханасы мен оқу орындары арасындағы әріптестік қатынастардың тереңдеуіне жағдай туғызады.    

Сабақты қорытындылаған №69 мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі Гүлсім Дәулеева ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік көмек көрсеткендері үшін Елбасы кітапханасы қызметкерлеріне алғысын білдірді: 

- Аталған сабаққа дайындық оқушылардың шығармашылық және ғылыми-зерттеу қабілеттіліктерін ашуға, олардың назарын туған елінің тарихына тартуға мүмкіндік берді. Қазіргі кезеңде патриоттық тәрбиелеу мәселелері жаңа әдістемелік амалдарды қажет етеді. Әріптестеріммен сабақты талқылау - нәтижелі тәжірибе және пікір алмасуға жағдай жасады.