ТАРИХТЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ САБАҚТАРЫ. САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҚ ДӘРІС

31 мамырда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ елордалық филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері Елбасы кітапханасында Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тақырыптық дәріс өткізді. 

Көрнекі құралдармен сүйемелденген дәрісті әріптестері үшін мұражай ісі бойынша бас маман, өзін-өзі тану бойынша жаттықтырушы Наталья Клименко өткізді.

Дәріс басталар алдында жүргізілген экскурсия аясында қонақтар Назарбаев орталығындағы экспозициялар және көрмелермен танысты. 

- Жыл сайын осы күні біздің ұйым тақырыптық іс-шаралар өткізеді, біз саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне немесе ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке барамыз. Біз педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысамыз, сондықтан мұғалімдердің аталған мәнді ақпаратты білгені өте маңызды. Бүгінгі іс-шараны Елбасы кітапханасында өткізуді дұрыс көрдік. Мұның өте символдық мәні бар, өйткені мұнда Елбасымыздың қайраткерлік қызметі арқылы көрініс тапқан ел тәуелсіздігінің тарихы сақталған. Өткен тарихсыз жаңа тарих жоқ, - деп атап өтті «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық Орталығы» АҚ елордалық филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Людмила Саинова. Сондай-ақ, ол Елбасы кітапханасы басшылығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да табысты ынтымақтастыққа үміт артатынын жеткізді.