ТАС ӘНДЕРІ, СИҚЫРЛЫ ШЫНАЙЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕННЕДИДІҢ СИРЕК ФОТОСУРЕТТЕРІ. БҰЛ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІНЕН ОҚЫҢЫЗДАР.

Гаджи Зейналабдин Тагиев ескерткішін салу бойынша байқаудың жеңімпаз жобасы анықталды

Гаджи Зейналабдин Тагиев ескерткіші халық жазушысы Ханлар Ахмедовтің жобасы бойынша орнатылатын болды.

Мәдениет министрлігі, Баку қаласы атқарушылық билігі және Гейдар Әлиев Қоры өткізген Гаджи Зейналабдин Тагиев ескерткішін салу бойынша ашық мүсіндік байқауға ұсынылған 26 жобаның ішінен қазылар шешімі бойынша Ханлар Ахмедовтің жобасы жеңімпаз танылды.

Гаджи Зейналабдин Тагиев ескерткіші «Ичеришехер» метро стансасына (Истиглалийят көшесі) жақын алаңда орнатылатын болады.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4922/%D0%98%D0%B7%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%BD-%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%B5%D0%BA%D1%82-

 

Гейдар Әлиев Орталығында әлем халықтарының бірегей музыкалық аспаптары көрмесі ашылды

17 қыркүйек күні Гейдар Әлиев орталығында «Музыкалық аспаптар: тұтастығы және  әртүрлілігі» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шарада Әзірбайжан ұлттық консерваториясының ректоры, халық әртісі, профессор Сиявуш Керими Ұлттық музыка күні қарсаңында ашылған көрменің маңыздылығы туралы айтты.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4938/%D0%92-%D0%A6%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%80%D0%B5-

 

Бакуде XI Узеир Гаджибейли Халықаралық музыка фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

18 қыркүйек күні Бакуде Гейдар Әлиев Қоры және Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен XI Узеир Гаджибейли Халықаралық музыка фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Кеште көркем жетекші және бас дирижер, халық әртісі Рауф Абдуллаев жетекшілік ететін Узеир Гаджибейли атындағы Әзірбайжан мемлекеттік симфониялық оркестрі және жеке орындаушы – ресейлік  виолончельші, XVI П.И.Чайковский атындағы Халықаралық байқаудың жеңімпазы Сергей Догадин өнерлерін көрсетті. Концертте Узеир Гаджибейлидің «Көрұғлы» операсынан увертюра, Ян Сибелиустің оркестрімен скрипка үшін концерт, майталман туралы естелік ретінде аса көрнекті әзірбайжан композиторы, КСРО халық әртісі, академик Ариф Меликовтің Алтыншы симфониясы орындалды.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4939/%D0%92-%D0%91%D0%B0%D0%BA%D1%83-

 

IV «Тас әндері» Халықаралық мүсіндік симпозиум туындылары кемеңгер ақын Насимиге арналған

«Гала» археологиялық-этнографиялық музей кешенінде «Тас әндері» атауымен IV Халықаралық мүсіндік симпозиумы басталды.

Бұл жолғы симпозиумға әкелінген туындылар 650-жылдық мерейтойы аталып отырған әзірбайжан ақыны мен ойшылы Имадеддин Насимидің шығармашылығына арналған. Биылғы симпозиумға 8 елден келген 11 мүсінші қатысуда.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4941/%D0%9F%D1%80%D0%BE%D0%B8%D0%B7%D0

 

Насими фестивалі Ширваншахов сарайындағы «Ирфан құпиялары» атты көрмеден басталды

28 қыркүйек күні Гейдар Әлиев Қоры мен Мәдениет министрлігінің ұйымдастырушылық қолдауымен екінші поэзия, өнер және руханият Насими фестивалі өз жұмысын  Ширваншахов сарайындағы «Ирфан құпиялары» атты көрмеден бастады.

Сарай аумағындағы экспозицияда рухани-адамгершілік қырына арналған бейнеөнер, графика, инсталляция үлгілері және кинетикалық нысандар қойылған.  

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4945/%D0%A4%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%B0%D0%BB%D1%8C-

 

Кітап мәдениеті – студенттік жастар үшін

Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасында 2019 жылғы 12, 13 қыркүйек күндері Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің «мәдениеттану» мамандығы бойынша 1-курс студенттері және Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтының әлеуметтік-мәдени технологиялар факультеті әлеуметтік-мәдени қызмет кафедрасы студенттері үшін шолу экскурсиялары өтті.

https://www.preslib.org.by/news/type1/kultura-knigi---dlya-studencheskoi-molodezhi

 

Валерий Шкарубоның «Сиқырлы шынайылығы»

Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасында 2019 жылғы 26 қыркүйек күні белорусс көркем суретшісі, Беларусь Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері (2014) және Беларусь Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2002) Валерий Фёдорович Шкарубоның «Сиқырлы шынайылық» атты көркемдік көрмесінің ашылуы өтті.

https://www.preslib.org.by/news/type1/magicheskii-realizm-valeriya-shkarubo

 

 

Валентин Юмашев: тоқсаныншы жылдары президент әкімшілігі журналистерге қысым көрсетпеді

«Ресей БАҚ-тарының өрлеуі. Ельцин дәуірі. 1992-1999» жобасы аясында YeltsinMedia порталы Наталья Ростованың 90-жылдардағы баспасөз саласының басты тұлғаларымен болған сұхбаттарын жариялайды. Таяу күндері сол кезең туралы Валентин Юмашев та айтып берді. 

https://yeltsin.ru/news/valentin-yumashev-v-devyanostyh-administraciya-prezidenta-na-zhurnalistov-ne-davila

 

Александр Марков – бізге қарсы әрекет ететін табиғи іріктеу туралы

Ельцин Орталығы мен Лаба.Медиа ағартушылық жобасының «Келісе алмадық» ғылыми-танымал дәрісханасы аясында биология ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биологиялық факультеті биологиялық эволюция кафедрасының меңгерушісі Александр Марковтың дәрісі өтті.

https://yeltsin.ru/news/aleksandr-markov-o-estestvennom-otbore-rabotayushem-protiv-nas

 

Константин Новосёлов: «Басты қағида – ережелерді сақтамау»

V Урал қазіргі заманғы өнер индустриалдық биенналесі іс-шараларының бір бөлігі Ельцин Орталығында өтті. Оның аясында қатысушы, Нобель сыйлығының лауреаты, физик және суретші Константин Новосёловпен кездесу өтті.

Ол Нобель сыйлығын 2010 жылы ұстазы Андрей Гейммен бірге графенның бірегей қасиетін - көміртек қосындыларының ең жеңіл және берік электрөткізгіш нұсқасын ашқаны үшін алды. Бұл – жартылай өткізгішті өнеркәсібіндегі кремний үшін  озық ауыстырым болды.   

https://yeltsin.ru/news/konstantin-novosyolov-glavnoe-pravilo-ne-sledovat-pravilam

Әлем жастардың көзқарасымен: museum after hours

Жыл сайын 21 қыркүйек күні Халықаралық бейбітшілік күні аталып өтеді. Борис Ельцин Музейінде мерекелеу интерактивті мультимедиялық инсталляция үлгісінде өтті.

Экранда әлемнің орнықты дамуының 17 қағидасын ашатын анимациялық роликтер көрсетілді. Ал роликтер арасындағы үзілістерде балғын роликті құрушылар әндері, билері және басқа да ұжымдық әрекеттері арқылы келушілерді материалды ұғыну үдерісіне тартты. 

https://yeltsin.ru/news/mir-glazami-molodyh-museum-after-hours

 

Құрсау туралы естеліктер: «Соғысқа дейін кәмпиттің орауыштарын жинасам, ал соғыс кезінде бомбалар мен снарядтардың жарықшағын жинадым»

Прзиденттік кітапхана «Ресей радиосы – Санкт-Петербург» және «Петербург күнделігі» газетімен бірлесе өткізіп отырған Ленинград құрсауы туралы тарихи естелікті сақтау жөніндегі акция барысында петербург тұрғыны Марина Голоушина Менің құрсауым» атты бірегей кітапты санға аудару үшін әкелді. Бұл кітап отбасының өз күшімен екі баспа данасымен шығарылыпты. Басылымда Марина Голоушинаның анасы Зинаида Аркадьевна Федюшинаның естеліктері жарық көрген. Невадағы батыр қалада 872 құрсау күнін өткізген ана кейін құрсаудағы балалық шағының қасіреті мен қуанышты кездері туралы өз әсерін жеткізген. Кітап Зинаида Аркадьевнаның немересі Юлия Голоушинаның суреттерімен безендірілген.     

https://www.prlib.ru/news/1276383

Лев Толстойдың да Песталоцци, Монтескье, Коменский сынды мектеп философы болды

Президенттік кітапхана қорында сақталған әлеуметтанушы П.Сорокиннің «Л.Н.Толстой философ ретінде» (1914) зерттемесінде былай делінген: «Жалған ғылымдар» туындысында «Мен кіммін және қалай өмір сүруім керек», – деп жазған Л. Н. Толстой бірден философияның екі негізгі мәселеcін алға шығарады. Толстойдың бар қызметі осы мәселелерді ғылыми талдау жолынсыз және «трансцендентті», «имманентті», «феноменді», «ноуменалды» терминдерді қолданбай, бірақ философтық әлемді қамтыған синтез жолымен шешуге арналған».    

https://www.prlib.ru/news/1277833

 

Константин Циолковский: «Еңбекке мәңгі ұмтылуды сүю – күнге ұмтылу, тартылыс шынжырынан босану, осының бәрі туғанымнан бойыма сіңген»

2019 жылғы 17 қыркүйек күні өнертапқыш, ғалым, ғарышкерліктің негізін қалаушы және орыс ғарышшылдығының көрнекі қайраткері Константин Эдуардович Циолковскийдің (1857–1935) туғанына 162 жыл толады. Президенттік кітапхана қорында осы бір жарқын азаматқа арналған көлемді топтама жасақталған.  

https://www.prlib.ru/news/1278081

 

Жас ақындар Президенттік кітапханада кездесті

Президенттік кітапханада балалар жазушысы Марина Лыкованың «Кітапқа деген махаббат балалық жолдар арқылы» шеберлік класы өтті.

Марина Лыкова – мектепке дейінгі және кіші мектептік жастағы балаларға арналған әңгімелердің авторы: «Біз ұқсаспыз», «Бізге не үшін оқып үйрену керек?», «Өшіргіш», «Су музейіне саяхат», «Мен жүзуді қалай үйрендім» және басқалары. Сондай-ақ, Марина Владимировнаның Ресей балалар әдебиеті саласындағы жазушылар одағының «2017 жылдың ақыны» сыйлығының иегері екенін атап өту керек. 

https://www.prlib.ru/news/1278852

 

Кеннедидің сирек фотосуреттері Америкадағы ең әйгілі отбасының өмірін суреттейді

Дж.Ф. Кеннедидің Президенттік кітапханасы мен Музейі осы уақытқа дейін америкалықтар арасында танымал Кеннедидің жүздеген отбасылық фотосуреттерін ресми сайтында орналастырыпты. Бостон музейі аталған экспозицияны 18 ай бойы дайындаған, бұл – каталогты рәсімдеу және 1700-ден астам Кеннедидің отбасылық ақ-қара түсті фотосуреттерін сандық жүйеге көшіру.   

https://www.nbcboston.com/news/local/Rare-Kennedy-Photos-Go-Inside-Americas-Most-Famous-Family-JFK-Library-493456851.html

 

Кешкі қонақасыда «Рузвельттің Көшбасшылығы» марапаты тапсырылды

Өткен бейсенбі күні Бостондағы Дж.Ф. Кеннедидің Президенттік кітапханасы мен Музейінде өткен кешкі қонақасыда «Рипон» қоғамы мен «Franklin Center for Global Policy Exchange» Франклин Орталығы «Ways & Means» Комитетінің төрт өкіліне 2019 жылғы Көшбасшылық үшін Рузвельт Сыйлығын тапсырды. Бұл марапат Теодор Рузвельт өмірі мен еңбек жолында паш еткен қасиеттер қазіргі уақытта бойларынан табылып жүрген көшбасшыларға тапсырылады.  

https://www.riponsociety.org/2019/09/2019-roosevelt-leadership-awards-presented-to-neal-brady-reed-camp/

 

Линдон Б. Джонсон кітапханасында Жоғарғы судья Нил Горсач жаңа кітабының тұсаукесерін өткізді

Өткенбі бейсенбі күні Линдон Б. Джонсон кітапханасында Жоғарғы судья Нил Горсач «Республика, егер мүмкін болса сақтай гөр» атты жаңа кітабының тұсаукесерін өткізді. Н.Горсач өзінің өмірбаянымен бөліскен. Онда Жоғарғы судья лауазымына тағайындалған сәттері, осылардың кітапты жазуға қалай әсер еткенін суреттеген. Кітапта салауатты Республиканы құруға негіз болатын азаматтық қоғам пікірі, қоғамдық білім беру және өзара сыйластықтың арасындағы өзара байланысы ашылады.

https://www.kxan.com/news/local/austin/supreme-court-justice-neil-gorsuch-to-talk-new-book-at-lbj-presidential-library/

 

Барак және Мишель Обамалар Чикаго қаласында Президенттік Орталық туралы сөз сөйлейді

 

Барак және Мишель Обамалар Чикаго қаласында Президенттік Орталық құрылысы туралы жоспарға арналған кездесуде сөз сөйлейді. Іс-шараға әлемнің барлық жерінен келген жас көшбасшылар мен Обама Қоры жүзеге асыратын бағдарлама қатысушылары қатысады. Ұйымдастырушылар «Саммит Обама Президенттік Орталығының көшбасшылардың дамушы жаһандық желісіне қалай қосылатынын көрсетеді», - деп есептейді. Жиын тақырыбы - «Мақсатымызды ашатын орындар», оның мақсаты – әлемнің барлық көшбасшыларын біріктіру. Құрылыс шығыны 500 миллион долларды құрайтын орталықта көпшілік кітапхана, мультимедиялық жинақтамалар, қоғамдық бағдарламалар және басқалары орналасатын болады деп күтілуде.     

https://abc7chicago.com/community-events/obamas-to-speak-in-chicago-about-presidential-center/5577172/

 

Трумэн Президенттік кітапханасын қайта құру

Гарри Трумэннің кітапханасы мен Музейі құны 30 миллион долларды құрайтын қайта құру үдерісінен өтуде. Жоспарланған жұмыстар жақсы қарқынмен жүруде. Құрылыс бригадалары 2020 жылғы күзде ғимарат ашылғанда көше жақтағы кіреберісі болатын ғимараттың кіреберісінің шығыс жақ бөлігін бұзуда.    

https://www.kmbc.com/article/construction-begins-at-truman-presidential-library/28922690