Сарапшылар Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» жаңа кітабын бірегей тарихи құжат деп атады. Кітап тарихи публицистикалық жанрда жазылғандықтан Мемлекет басшысының көптеген саяси шешімдерін түсінуге мүмкіндік береді.

Кітапта жаңа Қазақстанның құрылу кезеңдерін ашатын тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығындағы күрделі ішкі және сыртқы қауіптерге жауап ретінде шешім қабылдаудың ішкі логикасы мен механизмін сараптауға, саяси еркіндіктің маңызды факторларының нақты мысалдарына ерекше назар аударылған.

Кітапта дамудың қазақстандық үлгісі, оның дамуы, негізгі қағидалары, қозғаушы күші мен тетігі жазылған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқынын кеңінен ашып көрсеткен.

– Президент: «Тәуелсіз Қазақстанның тарихы бізге кез келген жағымсыз үрдісті үзуге, келеңсіздікті әшкерелеуге, ең өршіл және жоғары мақсатқа жетуге маңызды сабақ болды», – деп жазады. Бұл еңбек екі фактордың арқасында көпшілікке танымал болады – Елбасы-публициске тән беріктік, сонымен қатар қарапайымдылық, сол кездегі оқиғалар мен шешімдерді автор өз басынан өткізгенде ғана қол жеткізе алатын «жүрекпен» жеткізе білу, – дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов.

Белгілі қазақстандық әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың пікірінше, кітап тікелей жаһандық тарихи өзгеріс жасаушы, оған өзі қатысушы – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қолымен жазылғандықтан бағалы. Жастар үшін еліміздің жаңаша тарихы бойынша нағыз қажетті оқулық болады.

– Менің ойымша, бұл кітап – тәуелсіздіктің деректі тарихы. Онда біздің өміріміздің 26 жылынан артығы қамтылған. Елбасы қазақстандық егемендіктің қалыптасу жолын, адамзат дамуының жаңа ширегінде жаңа сипаттағы мемлекеттің қалыптасу жолын егжей-тегжейлі баяндаған. Бұл публицистикалық еңбек тек саяси өзгертулерге ғана емес, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани сараптама жасайды, – деді ғалым.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бұл кітаптың – өз туған жерінде тұратын әрбір жанның өмір тарихы екенін атап өтті. Тұжырымдамалық іргелі еңбек – тәуелсіздіктің қазақстандық жолының айнасы.

– Онда Президенттің мақтан тұтатын ерлік, ақылдылық, адалдық пен табандылық, ептілік пен еңбексүйгіштік, мейірімділік, төзімділік, сенімділік сынды Қазақстан халықтарының басты қасиеттері көрсетілген. Осы қасиеттер 26 жыл бұрын бостандық пен тәуелсіздік алуға мүмкіндік берді. «Тәуелсіздік дәуірі» – тұңғыш тұлға, дамудың қазақстандық үлгісінің авторымен жазылған біздің тарихымыздың шежіресі, – деді Ерлан Сыдықов.

Мемлекет басшысының жаңа еңбегінде елдің одан әрі дамуына мұқият талдау жасалып, баға берілген, бұл тек қорытындылау емес, жүріп өткен жолды саралау және бастысы болашақты болжай білуі.