«ТУҒАН ӨЛКЕМ» КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

2019 жылғы 23 қазанда, сағат 10:30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Бейбітшілік к-сі 11, музей ғимараты) «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Оның аясында келушілер Көкшетау қ.  Балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарын тамашалай алады.    

Көпшілік назарына түрлі жанр мен техникада орындалған 50 жұмыс ұсынылмақ. Көрменің аясында аталмыш мектептің ұстаздары А. Сәрсенбаева мен Т. Соловьеваның жетекшілігімен «Флюид арт» (сұйық акрил) және «Дудлинг» (монограмма) техникаларын қолдануды үйретеді.

Көрме балалар шығармашылығын қолдауға негізделетін «Туған өлкем» республикалық бағдарламасы аясында өтеді. Жоба серіктесі – Нұр-Сұлтан қ. ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемсурет мектебі.

Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын дәріптейтін «Туған өлкем» республикалық бағдарламасы балалар шығармашылығын қолдауды, қосымша білім беру мекемелері жұмысын насихаттауды көздейді. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап, екі жылдың ішінде Елбасы кітапханасында Семей, Шымкент, Павлодар, Екібастұз, Қарағанды және Шахтинск қалаларындағы көркемсурет мектептерінің түлектері қатысқан бір қатар көрме ұйымдастырылды. 

Көрме 2019 жылғы 23 қарашаға дейін жалғасады.