«Туған жерім» атты жылсайынғы көрмесі

2013 жылы 9 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі Күніне арналған балалар шығармашылығынан  «Туған жерім» атты жылсайынғы көрмесі ашылды. Көрме  Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» экспозициялық жобасының аясында ұйымдастырылды. Жоба азаматтық жауапкершілік пен патриоттықты, өзінің Отанын сүюге, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруға, балалардың көркем шығармашылығын дамытуға және жариялауға бағытталған. Қалыптасқан көпжылғы дәстүр бойынша, көрменің тең ұйымдастырушысы Астана қ. ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемсурет мектебі болды. Экспозицияда 7-ден 17 жасқа дейінгі балалардың түрлі техникада орындалған жұмыстары қойылған: кескіндеме, батик, жапсырма.