2019 жылғы 17 сәуірде, сағат 11.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тұңғыш» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы экскурсия жобасының он күндігі басталады.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің әскери дефилесі өтеді. Дәл осы жерде (Елбасы жеке архивының құжаттарынан жасақталған) «Қазақстандағы президенттік институттың құрылу және даму тарихы» көрмесі ашылмақ.

«Тұңғыш» жобасы экскурсиясының қонақтары Елбасының даңғыл жолын бейнелейтін бірегей материалдар кешенін тамашалап, бейнехрониканың сирек кездесетін кадрларымен, суреттер мен архив құжаттарымен танысады.

«Тұңғыш» көшпелі экскурсия жобасы 2019 жылғы 30 сәуірге дейін жалғасады. Жоғарғы оқу орнымен қатар ол №62 мектеп-лицей (25 сәуір, 10.30) мен Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде (30 сәуір, 10.30) өтпек.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жобасы Мемлекет басшысының жасампаз идеялары мен бастамаларын, кітапхананың бірегей қорларын насихаттап, келушілерді Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен қызметімен таныстырады. Оның аясында келушілер музей қоймасында сақтаулы тұратын бірегей материалдарды жақыннан көре алады.

«Тұңғыш» экскурсиялық тұжырымдамасы аясында «Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Өрлеу», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Атамекен» тақырыптарына көшпелі экскурсиялар өткізіледі.