ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ

Бүгін Астана қаласындағы «Наурыз» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін «Атамекен» көшпелі экскурсиясы өткізілді. Іс-шараны Елбасы кітапханасының қызметкерлері «Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жобасы аясында ұйымдастырды, көрменің салтанатты ашылуы 26 қарашада Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өтеді.

Балаларға ел тарихы  мен Президенттің өмірі туралы қызықты фактілерді айтып қана қоймай, сонымен қатар нақты экспонаттар – Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртау қаласында металлург ретінде жұмыс істеген кезінде пайдаланған темір дулығасы мен балғасын, Мемлекет басшысының отбасы мен мектеп жылдарындағы  фотосуреттерін көрсетті.

 

Елбасы кітапханасы экскурсиялық қызметінің жетекшісі Жанар Бейсованың айтуынша, экскурсияның басты мақсаты – баланың жеке қасиеттерін қалыптастыратын мұражай құндылықтарын көрсету. Құнды деректерден Отан туралы, Президенттің балалық шағы, туған-туыстары мен достары және Мемлекет басшысының тәуелсіз Қазақстан тарихымен тығыз байланысты өмірбаяны жайлы білуге болады.

–Бұл жеткіншектерге ғана емес, мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық қызметкерлері үшін де қызықты. Өйткені біз мұнда Елбасының тарихи жолын анықтайтын сирек кездесетін бейнематериалдар, фотосуреттер және мұрағаттық құжаттар әкелеміз. Тыңдаушылар, әдетте тек музей қоймаларында тұратын материалдарды жақыннан көруге, тіпті музей экспонаттарын қолмен ұстауға да мүмкіндік алады.

–Бұл бірегей контент неғұрлым колжетімді  болған сайын біздің мектеп жасына дейінгі балалар да қызығушылық танытып, дәріскерге сүйсіне қарап тыңдады. Осындай аудиторияның өзін қызықтыра білген Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің еңбегі зор. Олар ашқан тақырып бұл жастағы балалар үшін өте маңызды. Олардың таза санасына Отанға деген сүйіспеншілік пен туған жерге деген патриоттық махаббат ақ параққа жазылғандай сақталады,- дейді балабақшаның тәрбиешісі Салтанат Жиенқұлова.

Президент туралы қызықты әңгіме үшін «жас бала аузынан» алғыс сөздер айтылды. Алты жасар Қапар Дінмұхамедтің есінде  мектеп қабырғасындағы ақкөңіл, еңбекқор және белсенді Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі сақталыпты.

–Егер жақсы оқысам, мен де президент боламын. Бізге оның қай жерде тұрып, қайда жұмыс істегенін айтып берді. Ол қазір үлкен және әдемі ғимарат Ақордада жұмыс істейді. Мен сонда барып, анам мен әкеме сол туралы айтып бергім келеді », - дейді Дінмұхамед.

«Атамекен» көшпелі экскурсиясы Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы кітапханасы іске асыратын үлкен іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі ғана. «Тұңғыш» жобасы аясында 26 қарашада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Шығармашылық. Жасампаздық. Инновациялар» көшпелі қор көрмесінің де ашылуы өтеді. Экспозицияда алғаш рет Мемлекет басшысына ерен еңбегі мен жаһандық бастамалары үшін  берілген қоғамдық наградалар кешені ұсынылады. Сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевқа Еуропа, Америка және Азия елдерінің беделді жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінен тарту етілген 25 мантия  қойылады.

Толығырақ сілтемесі бойынша