2011 жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өтті. «Түрлі-түсті мозаика» сайысы - бұл Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Балалар көркемсурет мектебінің бірлескен іс-шарасы.
      Осы жылы сайысқа 6 жастан 14 жасқа дейінгі 90-ға жуық бала қатысты. Бейнелеу өнерінің үш жанрында 50-ден астам бала сайысса, 32 бала – карнавалдық костюм жарысына қатысты. 6 жастан 8 жасқа дейінгі балалар сайыс шарттары бойынша аквагриммен бет татуажын салды. 9 жастан 11 жасқа дейінгі балалар мольбертте еліміздің сүйікті қаласы - Астананы қағаз бетіне түсірді. Ал, бұл жастан жоғары жастағылар үшін пластмасса бұйымдарды (орындықтар) акрилл бояуларымен тақырыптық өрнектеу әдісін қолданды.
      Көмекші құралдардан карнавалдық костюмды дайындау сайысында жарысқа қатысушылар полиэтиленді қапшық, газет, орама қағазды және т.б. қолданып, бірегей де көркем костюмдер топтамасын паш етті. Карнавалды костюм дефилесі фестивалдің көзайымы болды. Музейдің көркемсурет мектебінің оқушысы Салимгерей Айша, екі сайыстың да гран-при жүлдесін иеленді. Басқа сайыстарда гран-при жеңімпаздары - К. Миронец және Ш. Аширбекова атанды. Фестиваль қонақтары мен қатысушылар өздерінің сүйікті мультфильмдерін тамашалай алды, бәріне да естелік сыйлықтар мен балмұздақ сыйланды.
      Сайыстың ұйымдастыруына демеуші болған «Тұлпар-интех» ғылыми-технологиялық инновациялық компаниясы және «Саксэс медиа».