Тұңғыш Президент күні елорда жастары Елбасы кітапханасында  «Еріктілер сағаты» шарасын ұйымдастырды.

Мереке күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бір топ белсенді студенттері Елбасы кітапханасында бас қосып, Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қолдау білдіріп, ой-пікірлерін ортаға салды.  

Бұл іс-шарада болашақ саясаттанушылар мен заңгерлер қазақ елінің ядролық қарудан бас тарту тәжірибесін тілге тиек етіп, биыл жабылғанына 27 жыл болған Семей полигоны туралы тың жобаларды талқылады. Бүгінде тәуелсіз елдің жастары Семей аймағында  заманауи жобаларды жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында еңбек етуді көздейді.

–Менің тобымның қорғаған жобасы «Келешекке аманат» деп аталады. Біздің мақсатымыз – жастардың басын қосып, Семей аумағында ұлттық орталық құру. Оның ішінде келген туристерге, жастарға ұлттық ойындар ойнатылатылады. Осылайша атом қаруынынан зардап шеккен аймақта алманың түрлері мен бәйшешек, жауқазын гүлдері өсірілетін болады. Атшабар орналастыру да ойымызда бар. Бізде жастардың бастамаларын қолдайтын жастар ұйымдары өте көп. Сондықтан бұл жобамызды жүзеге асыруға толық мүмкіндігіміз бар,-дейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУстуденті Әнуар Жұмабеков.