2018 жылғы 30 қарашада ҚР ІІМ ТЖ комитетінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оның аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиын алдында Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты С.К. Бердағұлова дәріс оқыды.

– ТЖ комитетімен көптен бері серіктеспіз. Тұңғыш Президент күніне орай дәріс беріп жүргенімізге биыл үш жыл. Дәрістердің аясында елімізде қабылданып жатқан жаңа құжаттар, стратегиялық мақсаттар мен қойылған міндеттер қозғалады. Бүгінгі дәрістің тақырыбы – «Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Тәуелсіздік дәуірі». Оның барысында тыңдаушылар қазіргі уақыттағы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени-идеологиялық әл-ауқатымен танысады. Осы тұста біз жақында жарияланған Мемлекет басшысының мақалаларына ден қойдық. Меніңше, бұл үлгідегі кездесулер үнемі жұмыс үстінде жүретін мемлекеттік қызметкерлер үшін аса маңызды сияқты. Ықшамдалған ақпараттың арқасында олар елде болып жатқан құбылыстар мен ғалым мамандардың болжамын біліп, ХХІ ғасырдағы Қазақстан үшін өз маңыздылығын нақтылауға көмектеседі. Тыңдаушыларға қарап бүгінгі шараға деген қызығушылығын байқадық. Олардың мұндай дәрістерге жиі қатысуға ниет танытуы бізді қуантады. Осы орайда Елбасы кітапханасы өзекті, маңыздылығы зор жұмыс атқарып жатқаны сөзсіз, - деді Сағынтай Кеңесқызы.

Дәрістен кейін ТЖ комитетінің өкілдеріне, комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомствоға бағынышты ұйымдарының қызметкерлеріне «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі табысталды. Олар сондай-ақ «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорттық федерациясы қоғамдық бірлестігіне 10 жыл» төс белгісімен марапатталды. Ал сынақ мерзімінен өткен қызметкерлер ант беріп, әкімшілік мемлекеттік мекеме қатарына қосылды.