Бұл – Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2017 жылғы халықаралық өмір айнасының елеулі оқиғаларын айшықтайтын бірегей фотоматериалдар жинағының жаңа атауы. Фотоальбом Елбасы кітапханасына өткен жылдың желтоқсанында берілген.

Басылымның фотосуреттері Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен шет елдердегі мемлекет және үкімет басшыларымен, шет елдік саяси және қоғам қайраткерлерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулерін бейнелейді.

Елбасы атап өткендей, 2017 жылдың қорытындысы «мазмұнды, қарқынды әрі жарқын» болды. Жалпы, өткен жыл Қазақстанның халықаралық ұстанымдары беки түскен маңызды жыл ретінде есте қалды. 2017 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына енуіне 25 жыл толғанын атап өтті. Өткен жылдың қаңтарынан бастап біздің еліміз алғаш рет Жер шарындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі басты орган – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде енді.

Өткен жылдың сыртқы саяси күн тәртібі маңызды оқиғаларға толы болды, оның қатарында Астана процесі айрықша орын алады. 23–24 қаңтарда Қазақстанның елордасында Ресей, Түркия және Иран кепілгер елдеріне қолдау көрсету мақсатында Сирия бойынша келіссөздердің бірінші бөлімі өтті. Алты бөлімнен тұратын келіссөздердің қорытындысы бойынша кепілгер елдер арасында Сирияда деэскалация аймағын құру меморандумына қол қойылып, барлық төрт аймақтағы құқықтық рәсім аяқталды. Бақылаушы елдердің өкілдері Сирия ахуалын бейбіт жолмен реттеу процесіндегі Қазақстанның және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке рөлін ерекше атап өтті.

Жыл бойы Мемлекет басшысы көптеген шет елдерге мемлекеттік сапармен барып, ірі халықаралық форумдарға қатысты әрі басшылық етті.

2017 жылдың 9 маусымында Астана мемлекет басшылары – Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшелері кеңесінің отырыстар өткізетін орнына айналды. Осы күні Президент «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу рәсіміне қатысты. Көрменің ашылуына ресми қонақтардың рекордтық саны – 17 мемлекет және үкімет басшылары, БҰҰ Бас хатшысы, халықаралық ұйымдардың 22 өкілі мен 115 қатысушы елдер жиналды.

2018 жылдың қаңтарының басында ХКБ Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті өтуімен құттықтап, осы көрмеге қатысқан елдердің жылы лебіздерін жеткізді: «Менің атыма қатысушы елдерден ЭКСПО көрмесі мамандандырылған көрмелер тарихындағы ең жарқын әрі жемісті болғаны жөнінде хаттар келіп түсуде. Бұл келешекте өтетін мамандандырылған көрмелердің дамуына септігін тигізетініне сенімдімін. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің табысты болуына Сіздің жеке қолдауыңыздың және бұл жобаны іске асыруға белсенді түрде атсалысуыңыздың арқасында қол жеткізілді».

2017 жылғы Мемлекет басшысының жинақтағы жүйеленген және бейнеленген сыртқы саяси қызметінің хроникасы маңызды бағыттар бойынша экономикалық байланыстардың күшейгенін, Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары рөлін көрсетеді.

Басылым «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат істерін жүзеге асыруды көтеру» бағдарламасы бойынша шығарылған. Ақпарат қазақ және ағылшын тілдерінде берілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен 2016 жылдың сыртқы саяси және халықаралық оқиғалары «Президент: 2016 жылдың негізгі оқиғаларының фото желісі» фотоальбомында ұсынылған.