«ҰЛТТАР МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН МЕКЕН» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» виртуалды көрмесін ұсынады.

Осы жылдар ішінде ҚХА барлық этностардың мүдделерін бекітіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын олардың ұлтына қарамастан мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етті, ал Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі мемлекеттік ұлттық саясат мәселелерінде тағы бір біріктіруші және нығайтушы фактор болды.

Елбасы кітапханасының жинақтары материалдарына негізделген көрме экспозициясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы мен саяси рөлі арқылы елдің саяси жүйесіндегі ҚХА рөлі мен орны көрсетіледі.