«ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ» ЖОБАСЫ. ҒАЛЫМ НҰРЛАНОВ

Ғалым Нұрлановтың көзі бастауыш сыныптарда тез нашарлай бастады. Арнайы мектепте білім алуға мұқтаж болған соң, ол ата-анасынан өзін зағип жандар мен көзі нашар көретіндерге арналған Тараздағы интернатқа ауыстыруды өтінді. Бұл кезеңді өмірдің басты бетбұрысына айналғанын Ғалымның өзі де еске алды. Жаңа ортада ол достар қатарын кеңейтіп, болашақ жарымен танысады. 2019 жылы Ғалым Нұрланов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды. Бүгінде ол Нұр-Сұлтан қаласының зағип жандары мен көзі нашар көретін азаматтарына арналған кітапхананы басқарады. Өзіне деген сенімі мен адамдардың мейірімділігі арқасында ол жұбайы Еңлікпен бірге қос қызын тәрбиелеп, өзін ең бақытты адам санайды.

- Айналама, әсіресе көзі нашар көретін, не мүлдем көрмейтін жандарға көмектесуге ынтық болушы едім. Сонымен қатар үнемі білімімді ұштап, көп оқығанды қаладым. Мектептен кейін зағип жандар мен көзі нашар көретіндерге арналған Алматыдағы республикалық кітапханаға жазылдым. Ол кезде 17-18 жасармын, су жаңа әдебиетті, аудио кітаптарды құмарлана сіңіретінмін. Менімен бірге сол кітапханаға барып жүрген азаматтардың басым көпшілігі Брайль әліпбиін білгенімен,  үйрету туралы өтінішіме ешкім тіл қата қойған жоқ. Әліпбиді өз күшіммен зерттеп, шрифтін де өздігімнен игере алғаныма қатты қуандым. Себебі М.Әуезовтың «Абай жолы» атты кітабын аудиомен тыңдамай, қолға алып оқи алатын болдым.

Ғалымға кітап әлемін ашқан кітапхана оның бірінші жұмыс орнына айналды. Жанашыр жан тағдыры ұқсас адамдарға көмектесу үшін уақытын аямай, жұмыс істей бастады. Ол көру қабілеті нашар адамдарға арналған «РБНСГ-Вести» республикалық басылымының редакциясында жұмыс істеп, мол тәжірибе жинады.

2013 жылы Ғалым отбасымен астанаға көшеді. Көкшетау мәдениет колледжінің сырттай бөліміне оқуға түсті. Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжін бітіріп, оқуын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кітапханашылық мамандығында жалғастырады.

Зағип жандарды, оның ішінде әсіресе балаларды қолдау шаралары тапшы болғандықтан,  Ғалым 2015 жылы Брайль әліпбиін үйренудің тегін курстарын ашты. Бүгінде Ғалымның оқушылары оның кітапханасында жұмыс істейді.

2018 жылы аудио кітаптарға арналған дыбыс жазу студиясын ашудың Ғалым ұсынған идеясы «Болашақ» қорының қанжығасын байлап, кітапхана негізінде студия ашуға 2,5 миллион теңге ұтып алды.

- Қазақстанда қазақ тіліндегі аудиокітаптар аз. Сондықтан бұл жоба өзекті деп мойындалды. 300-400 данадан тұратын 100 түрлі аудио кітаптарды жаздық. Кітапхананың барлық облыстық филиалдарына таратылып, барлығына тегін тарту етілді. Енді мен Брайл шрифтіндегі кітаптарды басып шығару үшін баспахана ашуды жоспарлап отырмын.

2015 жылы Ғалым Брайл штатындағы «Оқу және жазу» номинациясы бойынша «Ақ қамыс» халықаралық байқауының Гран-при иегері атанды. Сонымен қатар, ол мүгедек спортшылар арасындағы «Үміт» спартакиадасының күміс жүлдегері. Ол Мәдениет және спорт басқармасының және Нұр-Сұлтан қаласының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің алғыс хаттарымен, сонымен қатар мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласындағы жұмысшылар кәсіподақтарының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ғалым Нұрлановты танитындар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасындағы жеңісін әділетті деп санайды. Ғалым ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік жобалар саласына сыйлаған жетістіктерінен бұрын кез-келген уақытта қол ұшын созуға дайын тұрған ақ ниеті мен адал жүрегімен көпке белгілі.