«Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы

24 ақпанда 15:00-де Елбасы кітапханасының жаңа музейінде (Ә.Бөкейхан, 1А) «Ұлы Дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас»халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихыинституты ұйымдастырады. 

Конференцияға отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар, Еркін Әбіл, Бүркітбай Аяған, Амангелді Кашкимбаев, Анар Ғабдуллина, Ғани Қарасаев, Жабай Қалиев, Жақсылық Сәбитов, ҚуатСаманбеков, Жандос Жақсыгелдинов, Зиябек Кабульдинов, Сартқожа Қаржаубай, Жәкен Таймағанбетов, Ерден Қажыбек, Әшірбек Момынов, Айболат Кушкумбаев, Арман Сүлейменов, Радик Темирғалиев, Махаббат Бөлеева, Зулейха Марданова, Әбдуакап Қара (Түркия), Равшан Назаров (Өзбекстан) қатысады.

Іс-шара барысында белгілі тарихшы, профессор Бүркітбай Аяғанның «Ұлық Ұлыс - Алтын Орда мемлекеті тарихы» атты қос тілді дәрістер жинағының тұсаукесері өтеді.