«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ».НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫ

Шығыстың ұлы ғалымы, философы, математигі, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына байланысты Елбасы кітапханасы Нұр-Сұлтан қаласында оқитын 7-11 сынып оқушылары арасында үздік эссе Байқауын жариялайды. Жұмыстың тақырыбы – «Ұлы даланың ұлық тұлғасы».

Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақ арасында Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын таныту, оқушылардың шығармашылық және әлеуметтік-коммуникативті дағдыларын шыңдау, өз Отанының тарихына, Ұлы Дала елінің ұлық тұлғаларының еңбегіне деген елжандылық сезімін қалыптастыру. Дәптердің екі бетінен аспайтын эссе қолдан анық әрі түсінікті жазумен жазылуы тиіс.  Байқау 2020 жылдың 27 сәуірінен 25 мамыры аралығында өтеді. Байқауға қатысу үшін сканерленген қолжазбалар 25 мамырдан кешіктірілмей Cmp_museum@mail.ru почтасына «Байқауға» деген белгімен жіберілуі керек. Белгіленген мерзімнен кешігіп түскен өтініштер қабылданбайды.

Байқаудың нәтижелері 25 мамырдан 30 мамыр аралығында шығады. Жеңімпаздарды ашық дауыс беру арқылы конкурстық комиссия мүшелері анықтайды. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында өтеді. Қатысушылардың үздік жұмыстары арнайы эсселер жинағында жарияланады.