ҰЛЫЛЫҚТАН КҮЛКІЛІГЕ ДЕЙІН. БАРБАРОССА ЖОСПАРЫНЫҢ КҮЙРЕУІ. АЙҒА ҰШУ. ТОЛЫҒЫРАҚ МӘЛІМЕТТІ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІНЕН ОҚИ АЛАСЫЗДАР

ГАДЖИ ЗЕЙНАЛАБДИН ТАГИЕВТІҢ МҮСІНІН ЖАСАУ АШЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Гейдар Әлиев Қоры, Мәдениет министрлігі және Баку қаласының атқарушылық билігі Гаджи Зейналабдин Тагиевтің мүсінін жасау ашық байқау жариялады.

Мүсінді «Ичеришехер» метросы станциясының жанындағы алаңға (Истиглалият көш.) қою жоспарланған. 

Өтінімдер мен эскиздерді ұсынудың соңғы күні – 2019 жылғы 30 маусым.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4830/%D0%9E%D0%B1%D1%8A%D1%8F%D0%B2%D0

 

 

2 СӘУІР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ

Жақсы кітаптарды оқуды балалық шақтан бастау қажет. Көркем емес шығармаларды тіпті оқудың қажеті шамалы.

Балалар кітабы – тұтас ғалам, бұл - өз заңымен өмір сүретін шексіз танымның таңғаларлық әлемі, шексіз қиял мен мейірімді әзілдің әлемі.

Балалар кітабы – бұл ертегілікпен үміттену; бұл айналаңды естімей, көрмей оқудың қызығына толық тереңдеу.

https://www.preslib.org.by/news/type1/2-aprelya---mezhdunarodnyi-den-detskoi-knigi

 

 

ОКСАНА АРАКЧЕЕВАМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ

Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасының оқырман залында 2019 жылғы 22 сәуірде Оксана Аракчеевамен шығармашылық кездесу өтті.

Оксана Борисовна Аракчеева – көркем суретші, Беларусь суретшілер одағының мүшесі, чехиялық GalerieKARAS тәлімгері (2010 ж. бастап), Василь Витка әдебиет сыйлығының лауреаты (2015-2016 жж.). 1963 жылғы 24 наурызда Минск қаласында дүниеге келген. 1982 ж. Минск көркемөнер училищесін, 1988 – Белоруссия театр-көркемөнер институтын тәмамдады. 1986 жылдан бастап көрмелерге қатысады.

Ол станокты және кітап графикамен, кескіндемемен айналысады. Негізгі және аса танымал шығармалары: «Жаз ертегілері» топтамалары, «Менің Минскім» диптихы, «Нам засталася спадчына», «Минск терезелері» топтамаларынан кенеп суреттер.   

https://www.preslib.org.by/news/type1/tvorcheskaya-vstrecha-s-oksanoi-arakcheevoi

 

 

КІТАП – ӘЛЕМГЕ АШЫЛҒАН ТЕРЕЗЕ

23 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аталып өтіледі.

Кітап – әлемдік мәдени алуан түрлілілкке ашылған терезе, бұл – әртүрлі уақыт пен кеңістіктегі өркениеттерді байланыстырар көпір.

Кітаптың арқасында біз біліммен қатар идеяларға, рухани және моральдық құндылықтарға қол жеткізуге, сұлулық пен адамның шығармашылық жетісітіктерін түсінуге мүмкіндік аламыз. Ақпарат иесі, білім мен шығармашылықтың негізі болып табылатын кітап әрбір мәдениеттер туралы айтуға, әртүрлі халықтың әдет-ғұрпы мен дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.

https://www.preslib.org.by/news/type1/kniga---okno-v-mir

 

 

«ТЕАТР ЛАБИРИНТІ» ТЕАТР ЖЫЛЫНДА

Театр жылына және театр күніне орай 26 наурыз күні Борис Ельцин Музейі дайындаған «Театралдық лабиринт» арнайы экскурсияға Екатеринбург опера және балет академиялық театры әртістері шақырылды. 

Экскурсия Екатеринбург-Свердловск театрының өміріне арналған және ғажайып оқиғамен байланысты «Алтын Эльф» мүсіншесі орнатылған Сыйлық қабырғасында басталды. Эльф – әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктерге арналған «Триуф» алғашқы тәуелсіз ресей сыйлығының нақты орындалуы.

https://yeltsin.ru/news/teatralnyj-labirint-v-god-teatra/

 

 

ЫММЕН СӨЙЛЕУ ЭКСКУРСИЯСЫ: АЛЕКСАНДР ПЕТРОСЯННЫҢ СИРЕК ЖИНАҒЫ

23 наурыз күні Ельцин Орталығының Арт-галереясында тұрақты үйлесімді кәсіби тандем – экскурсияшы Юлия Чертихина мен ыммен сөйлеу орыс тілінің аудармашысы Ольга Серебренникова «Кунсткамера» фотожұмыстарының көрмесі бойынша керең мылқау және құлағы естімейтін келушілер үшін экскурсия өткізді.

Көрме Санкт-Петербург және оның алуан түрлі мекендеушісі туралы әңгімелейді. Әрине, келушілердің көбі солтүстік астананы осыған дейін ресми білсе, ал көрмеде жанды, бейнелі және бейресми жағынан таныды. 

https://yeltsin.ru/news/ekskursiya-na-zhestovom-yazyke-sobranie-redkostej-aleksandra-petrosyana/

 

 

ЕЛЬЦИН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АШЫҚ АДАМДАР КҮНДЕРІ

БҰҰ Бас ассамблеясы жариялаған Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне орай 2 сәуір күні Ельцин Орталығы «Ашық адамдар күндері» фестиваліне біріктірілген іс-шаралардың арнайы бағдарламасын дайындады.

Оның мақсаты – ментальді даму ерекшеліктері бар адамдарды қабылдауға қоғамды дайындау.

https://yeltsin.ru/news/dni-otkrytyh-lyudej-v-elcin-centre/

 

 

ЛЕОНИД ГОЗМАН: «ҰЛЫ РЕФОРМАШЫЛАРҒА АЛҒЫСТЫ БІРДЕН АЙТПАҒАН»

21 сәуір күні Ельцин Орталығында Екатеринбургтағы ГУЛАГ тарих Музейі мен «Эхо Москвы» радиостанциясының қолдауымен ұйымдастырылған  Сергей Лозницаның «Процесс» жаңа деректі фильмінің арнайы көрсетілімі өтті.

Режиссер бірегей архивтік материалды пайдаланып, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор» дәуіріне алып келген алғашқы ашық процесстердің бірін құрды.

https://yeltsin.ru/news/leonid-gozman-velikih-reformatorov-nikogda-ne-blagodaryat-srazu/

 

ҰЛЫЛЫҚТАН КҮЛКІЛІГЕ ДЕЙІН: ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР ӨМІРІНІҢ БЕЙМӘЛІМ ТҰСТАРЫН ӘҢГІМЕЛЕЙДІ

Қазіргі уақытта 770 мыңнан астам сақтау бірлігінен тұратын Президенттік кітапхананың электрондық қорының Ресей тарихының ұлттық асыл қазынасы аталуы, ал кітапхана мамандары цифрлаған құжаттар мен кітаптардың «мәңгілікке жазылған» деп аталуы кездейсоқтық емес. Мұнда патша жарлықтарын да, Иван Фёдоров баспаханасының бірінші басылымдарын да, көрнекті мемлекеттік қайраткерлердің ресми өмірбаяндарын да, олардың өмірінде орын алған беймәлім деректерді де табуға болады. Бұл «гигабайттағы тарихта» әлемдегі құдыреттілердің бастарынан өткен күлкілі де қызықты оқиғалар да сақталған.

https://www.prlib.ru/news/1179635

 

«ТРАМВАЙ ОЛАРҒА НАНДАЙ ҚАЖЕТ БОЛДЫ» – ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАДА БЛОКАДАЛЫҚ ТРАМВАЙ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

2019 жылғы 2 сәуір күні, Президенттік кітапханада ұмытылмас оқиғаға арналған «Блокадалық трамвай: Ленинград өмірі үшін күрес» тақырыбында «Ресей туралы білім» видеолекторий өтті. 77 жыл бұрын, 1942 жылғы 15 сәуірде қоршаудағы қаланың көшелеріне ұзақ үзілістен кейін алғашқы жолаушылар трамвайы шықты, ол қоғамдық көліктің бірден-бір түрі еді. Сол кезден бастап осы атаулы күн, 1943 жылғы 18 қаңтар, 1944 жылғы 27 ақпан сынды Ленинградтың құрсаудан азат етілуі және толықтай азат етілуіне байланысты маңызды күндермен қатар қала тарихына мәңгілікке жазылды.

https://www.prlib.ru/news/1181005

 

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА – ЖАЗҒЫ БАҚТЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ

1704 жылғы 5 сәуір күні (25 наурыз) Жазғы бақтың құрылуының ресми күні болып есептеледі. Оның құрылуының 315-жылдығына орай Президенттік кітапхана бай изоматериалдан тұратын электрондық топтаманы ұсынды. Олар – ашық хаттар, суреттер, фотосуреттер жинағы мен оларды түсіндіретін мәтіндер.

Невадағы патшаның жазғы резиденциясының қүрылу тарихы С.Князьковтың «Орыс тарихы бойынша суреттер» атты сирек басылымында нақты суреттелген (1913 ж.).

https://www.prlib.ru/news/1180961

 

 

НИКОЛАЙ ПРЖЕВАЛЬСКИЙ: «МЕНІҢ ЖАНЫМ ЕУРОПАДА БОЛҒАНМЕН, РУХЫМ ӘРҚАШАН АЗИЯДА»

«Петербургтегі Александровск бағы көгалдарының бірінде ескерткіш орнатылған», - деп жазады Ф. Тарапыгин өзінің Президенттік кітапхананың порталында ұсынылған «Николай Михайлович Пржевальский атақты орыс саяхатшысы» басылымында (1911). – Гранитті жартастың бөктерінде алыс жолға дайындалған жүкті түйе жатыр, ал жартастың шыңында – жас әскеридің қола мүсіні. Оның ақылды және әдемі жүзінің ерекше қуатымен, ақылының ұшқырлығымен және берік мінезі мен ерік-жігерімен үйлесуі таң қалдырады. Бұл атақты саяхатшы Николай Михайлович Пржевальский...».

https://www.prlib.ru/news/1181104

 

 

«АЛҒАШҚЫДАН КЕЙІНГІ БІРІНШІ» – ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА МАТЕРИАЛДАРЫ ЮРИЙ ГАГАРИН МЕН АЛЕКСЕЙ ЛЕОНОВТЫҢ ЕРЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ

12 сәуірде бар әлем адамның ғарышқа алғаш рет ұшуына арналған атаулы күн – Авиация мен ғарышкерлік күнін атап өтеді. Ғарышкерлік күні мереке ретінде 1962 жылғы 9 сәуірдегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен бекітілген болатын, ал халықаралық мәртебе - 1968 жылы өткен Халықаралық авиациялық конференцияда берілген болатын.

2011 жылдан бастап осы мереке - Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күні атауына да ие болды. Осындай шешім ғарыш кеңістігін игерудегі алғашқы қадамның 50-жылдығына орай БҰҰ Бас ассамблеясының арнайы пленарлық отырысында қабылданған болатын.

https://www.prlib.ru/news/1181516

 

 

ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫНДА ҒАРЫШТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Нұр-Сұлтан қаласының Оқушылар сарайында «Ғарыш – бұл біз» атты гагариндік сабақ өтті. Іс-шараны дайындаған және өткізген «Ресей ЖОО бітірушілері» қоғамдық бірлестігі, Оқушылар сарайымен бірлесе Қазақстан Ядролық қоғамының атом қуаты бойынша Ақпараттық орталығының қолдауымен Қазақстандағы «Россотрудничество» өкілдігі. 

https://www.prlib.ru/news/1181561

 

АҚЫН, ЭТНОГРАФ, ЕКІ ГЕОРГИЕВ КРЕСТІНІҢ КАВАЛЕРІ НИКОЛАЙ ГУМИЛЁВ – ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ КӨЗІМЕН

«Н.Гумилёв шығармашылығы оқырманына ғана емес зерттеушісіне де таяуда оралды. Бұл суретшіні алты онжылдықтан астам уақыт баспаға шығармады, оның тыйым салынған есімін цензорлар мен редакторлар кітаптар мен мақалалардан сызып отырды. Соңғы жиырма жылдықта Н. Гумилёвті – азамат, саяхатшы, этнограф, акмеизмнің негізін салушы және әдебиет сыншысы, тіпті ақын ретінде сипаттаған жұмыстар шыға бастады...», - деп жазады Д. Грачёв өзінің Президенттік кітапхананың электрондық қорындағы «Н.Гумилёв прозасындағы («Пальмадан түскен көлеңке» әңгімелер жинағы) философия-эстетикалық тұжырымдама мен оның интертекстуальды жүзеге асырылуы» атты диссертациясының авторефератында (2006).

https://www.prlib.ru/news/1181544

 

ГЕОРГИЙ ЖУКОВ: «МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАС „БАРБАРОССА“ ЖОСПАРЫН ЖЕРМЕН-ЖЕКСЕН ЕТТІ»

77 жыл бұрын, 1942 жылғы 20 сәуірде Ржев-Вязьма операциясы барысында Ұлы Отан соғысындағы аса маңызды және қантөгіс соғыстардың бірі – Мәскеу үшін шайқас аяқталды.

Президенттік кітапхананың порталында кез-келген оқырман «Ұлы Жеңіс туралы естелік» үлкен электрондық жинақтамасымен таныса алады. Мәскеу түбіндегі шайқасқа материалдардың дербес топтамасы арналған.

https://www.prlib.ru/news/1181514

 

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАНЫ ҚҰТТЫҚТА!

2019 жылғы 27 мамырда Ресейдің алғашқы ұлттық электрондық кітапханасы - Президенттік кітапхананың ашылғанына 10 жыл толады. Ол бүгінде – ресей мемлекеттілігінің тарихы, теориясы және тәжірибесі, орыс тілі бойынша маңызды құжаттардың сандық көшірмелері бар ірі жалпы мемлекеттік мұрағат қоймасы, сондай-ақ мультимедиялы көп функциялы (мәдени-ағарту, ғылыми-білім беру және ақпараттық-талдау) орталық.

https://www.prlib.ru/news/1182172

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАДА ДОСТОЕВСКИЙДІҢ «НАҚҰРЫС» РОМАНЫНЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУ ТАРИХЫ АЙТЫЛДЫ

2019 жылғы 23 сәуірде, Президенттік кітапханада «Ресей туралы білім» видеолекторий аясында Ф. М. Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған саны бойынша үшінші кездесу өтті. Оның тақырыбы – «Ф. М. Достоевскийдің «Нақұрыс» романының бас кейіпкерін іздеуі (жазушының алғашқы жазбалары материалдары бойынша)».

https://www.prlib.ru/news/1182243

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА ҚҰРСАУ ТУРАЛЫ: КӨПШІЛІК ЖҰРТ СУДЫ ДА, ЖАҚЫНДАРЫН ДА ТОСА АЛМАДЫ...

Ағымдағы жылдың басында, Израиль мемлекетінде тұратын қоршауда болғандар «Құрсауды еске алатын парақтар» атты тамаша кітапты Президенттік кітапханаға тарту етті. Бүгінде осы кітап сандық нұсқаға көшіріліп, Президенттік кітапхананың порталында қолжетімді.

Жинақты нацизмге қарсы күрескерлер – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің Одағы (Израиль) басып шығарған және онда құрсауда қалған қала тұрғындарының естеліктері – 50-ден астам шағын әңгімелер енгізілген. Аталған материал негізінде құрсауда қалған Ленинград өмірінің аса қайғылы болып табылатын кезеңдерінің бірі – таза судың қандай қиындықпен келгені әңгімеленеді...

https://www.prlib.ru/news/1181209

 

АВРААМ ЛИНКОЛЬН АТЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА ҚОРЫ 43-ШІ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДЖОРДЖ БУШТЫ 2019 ЖЫЛЫ ЛИНКОЛЬН КӨШБАСШЫЛЫҒЫ СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАДЫ

Линкольн Leadership сыйлығы жыл сайын Чикагода тапсырылады, АҚШ-тың 16 президенті Авраам Линкольн рухында өмір бойы қызмет еткен көрнекті тұлғаларды мойындайды. Бұл сыйлық тарихқа және ар-ожданға талап етілетін міндеттерді қабылдайтындарға беріледі.

2006 жылдан бастап Alplf дәстүрі түрде қызмет ететін 11 беделді адамға Линкольн көшбасшылығы үшін сыйлық беріліп келеді. Бұрынғы сыйлық лауреаттары арасында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр , астрофизик Нил де Грас Тайсон және т. б.

https://www.prnewswire.com/news-releases/the-abraham-lincoln-presidential-library-foundation-presents-43rd-president-of-the-united-states-george-w-bush-the-2019-lincoln-leadership-prize-300821748.html

 

ЛИНКОЛЬН МҰРАЖАЙЫ «ӨТЕ МАҢЫЗДЫ» АРТЕФАКТІЛЕРДІ ЖОҒАЛТУЫ МҮМКІН

16-шы президенттің кітапханасы мен мұражайын қолдайтын қор, өз активтерін, Авраам мен Мэри Тод Линкольнның 1000 астам артефактісінен тұратын "ерекше маңызды" коллекцияны аукционнан сатылу қаупіне қоя алатындай етіп дұрыс басқармады,- деді заң шығарушылардың мұражай басқарушысы.

Президенттік кітапхана қоры Авраама Линкольна-мемлекеттік мекеме болып табылатын музейден бөлінген жеке кәсіпорын-2007 жылы Қор Кеңесінде болған Луиза Табеден экспонаттарды сатып алу үшін 23 миллион АҚШ долларын алды.

https://thesouthern.com/news/local/state-and-regional/lincoln-museum-in-danger-of-losing-extraordinarily-important-artifacts-director/article_678ad951-5f6e-5473-a5fb-72833997c66c.html

 

«БІР ТАҒДЫР» ЛИНКОЛЬННІҢ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАСЫНА ОСЫ АПТАДА ТӨРТ СПЕКТАКЛЬГЕ ОРАЛАДЫ

Екі актер бір сахнада Авраам Линкольннің өлімін талдау үстінде. Бұл қарапайым, бірақ осы аптада президенттік кітапхана мен Авраам Линкольн мұражайына оралатын "бір тағдыр" пьесасының айқын алғышарты.

Ричард Хеллесеннің спектаклі 1865 жылдың сәуірінде Президент Линкольннің қайтыс болуына байланысты күндері Форд театрының сахнасында қойылды. Гарри Хок, кісі өлтіру болған кезде сахнада болған актер, театр басшыларының бірі Гарри Фордпен сол қайғылы түнге оралады.

http://newherald.news/one-destiny-returns-to-lincoln-presidential-library-this-week-for-four-pe-p9171-1.htm

 

КІТАПХАНА ЖӘНЕ РЕЗЕРФОРД Б. ХЕЙС МҰРАЖАЙЫНДА АРНАЙЫ АКЦИЯ

Кітапхана және Резерфорд б. Хейс мұражайы 19-шы арнайы акция өткізеді, тек осы айда ғана емес, 19-шы күн сайын қыркүйек айына дейін: әрбір 19 ақылы келуші тегін кіре алады.

http://www.wtol.com/2019/04/20/hayes-presidential-museum-offers-promotion-th-day-month/

 

ЧИКАГОДА БАРАК ОБАМАНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ДАУСЫЗ БОЛУЫ ТИІС

Осындай көптеген басқа кітапханалардан айырмашылығы, оны америкалық салық төлеушілер қолдамайды. Обама қоры, 44-ші президент құрған коммерциялық емес ұйым ғимаратты ұстау, оның экспонаттарын қадағалау және іс-шаралар өткізу жөніндегі шығындарды өзіне алады.

Жергілікті қысым тобы "біздің саябақтарды Қорға" ,"жерді заңсыз басып алу" деп атайды. Егер заң мәселелері шешілуі мүмкін болса, кешен 2021 жылы ашылады. Бұл Обаманың жазбалары сақталған дәстүрлі мағынада президенттік кітапхана болмайды. Оның орнына қор Ұлттық мұрағаттар және құжаттама қауымдастығымен (NARA), үкіметтік Агенттікпен әріптестік құрды. Ғимарат ішінара мұражай, ішінара қоғамдық орталық болады.

https://www.economist.com/the-economist-explains/2019/04/25/why-presidential-libraries-are-controversial

 

 

ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЭЙЗЕНХАУЭРҒА АРНАЛҒАН ПАСХА ЖҰМЫРТҚАЛАРЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ

Пасхалық жұмыртқа рулеті 1878 жылы салынған Ақ үйде пасхалық рулетиктің үлгісі бойынша жасалған. Бұл Ақ үй тарихындағы ең көне жыл сайынғы оқиғалардың бірі. Осы ежелгі дәстүр туралы көбірек білу үшін, Ақ үйдің Тарихи қауымдастығына кіріңіз www.whha.org.

https://salinapost.com/2019/04/14/easter-egg-roll-festivities-set-for-eisenhower-presidential-library/

 

 

ӨКІЛДЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ СПИКЕРІ НЭНСИ ПЕЛОСИ 2019 ЖЫЛЫ ДЖОН Ф. КЕННЕДИ "ЕРЛІК ҮШІН ПРОФИЛЬ" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ

Марқұмның қызы Кэролайн Кеннеди жексенбі күні калифорниялық демократ "американдық саяси тарихтағы ең маңызды әйел"деп мәлімдеген.

Пелоси 2010 жылғы бұрынғы президент Барак Обаманың денсаулық сақтау туралы Заңын қабылдауға және өткен жылғы сайлау кезінде демократияға АҚШ үйін бақылауды қалпына келтіруге көмектескендігі үшін оның күш-жігері үшін құрмет көрсетті.

https://www.sfchronicle.com/news/article/Nancy-Pelosi-to-be-awarded-JFK-Profile-in-Courage-13748125.php

 

НИКСОН КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨРМЕСІ СІЗДІ АЙҒА КӨШІРЕДІ

Виртуалды нақтылық көзілдірігі келушілерді президенттік кітапхана мен Никсон мұражайында Аполлон-11 түсірілуінің 50 жылдығына арналған жаңа көрмеде айға адамзаттың алғашқы қадамдарын жасаған кезде Нил Армстронгтен бірнеше қадамдарға орналастырады.

"Сіз Армстронг Нилінің жанында тұрасыз деп сезінесіз", - деді Ұлттық мұрағатпен әріптестікте Йорба Линда кітапхананы басқаратын Никсон қорының өкілі Джо Лопес. "Әлем салмағы сені ұрады".

https://www.ocregister.com/2019/04/24/nixon-librarys-new-exhibit-will-take-you-to-the-moon/

 

КІШІ ДЖОРДЖ БУШТЫҢ ПОШТАСЫ МӨРМЕН БЕЛГІЛЕНЕДІ

Буш бейнеленген мерейтойлық марка 12 маусым күні шығарылады.
Стейшн колледжі, Техас-АҚШ пошта қызметі бұрынғы президент Джордж Буштың құрметіне марка шығарады .

Сенбі күні пошта қызметі Буш бейнеленген "мәңгі" мерейтойлық белгісі оның туған күні, 12 маусым күні шығарылатынын хабарлады. Бұл күні президенттік кітапхана мен станциялық станциядағы аға Джордж Буш мұражайындағы бірінші нөмірді шығару рәсімі өтеді.

https://www.today.com/news/george-h-w-bush-be-honored-stamp-postal-service-t151739

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАҒА ҮЛКЕН ДЖОРДЖ БУШТАН ДӨҢГЕЛЕК СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

АҚШ-тың Теңізшілерінің Джордж Х. В. Джордж Буштың Президенттік кітапханасы мен мұражайына сенбі күні түстен кейін Джордж Х.В. құрметіне кеме дөңгелегін ұсынды. Буштың президенті және әскери-теңіз күштерінің қызметкері болған уақытын еске түсіреді.

Капитан Шон Бэйли мен USS экипажы Джордж Х.В. Буштың «Суперкейпер» кеме демеушісі Дороти Буш Кочпен, Президент Х.В. Буш Бұрынғы президентке құрмет көрсету үшін жиналды, ол Президенттік кітапханасында және мұражайдағы көрмеге қойылған дөңгелекті ұсынды.

http://www.thebatt.com/news/wheel-from-uss-george-h-w-bush-presented-to-presidential/article_c6120a76-58b3-11e9-bd81-0f7a171e5241.html