«ҮМІТІН ЕЛДІҢ АРҚАЛАП, АРМАННАН ТУҒАН РӘМІЗДЕР» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТЕДІ

4 маусым күні, 11.00 сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» тақырыбында дөңгелек үстел онлайн форматта өтеді.

Іс-шара патриотизм мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қастерлеудің өзекті мәселелерін талқылауды көздейді.

Дөңгелек үстелге Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Ә.Рахымжанов, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТҚ атқарушы директоры Т.Болысов, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Т.Жұмырбаев, «Ұлан-ғайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің директоры, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі У.Бахретдинов, №54 мектеп-лицейдің директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ш.Сейсенбай, «Алтын жебе» еріктілер ұйымының негізін қалаған азаматтардың бірі, «Жастар» театрының актеры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ә.Нұрбек, еліміздегі жоғарғы оқу орындары мен колледждердің оқытушылары мен студенттері қатысады.

Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық-мәдени бірегейлігін, саяси құндылықтары мен мақсаттарын айқындайтын мемлекеттің нышаны. Олар патриотизмнің берік тірегі, Отанға деген шексіз махаббаттың, ұрпақтың азаматтылығы мен мұрагерлігінің ажырамас бөлігі болып саналады. Тарих пен мемлекеттік рәміздердің мағынасын білу – мемлекет жайлы танымды кеңейтіп, халықтың азаматтық кемелділігін қалыптастырады.

Елбасы олардың маңыздылығын анықтай отырып: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті, біріктіруші бейнесін сипаттайды», – деген болатын.

 Дөңгелек үстел Елбасы кітапханасының фейсбуктегі парақшасы арқылы көрсетіледі

https://www.facebook.com/president.library