«QAZAQSTAN» ОКЗ ТӨРІНДЕ «ТАРИХИ ТАҢДАУ» АТТЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АРХИВІ МЕН ҚОРЫНАН ЖАСАҚТАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛМАҚ

Көрмеде көпшілік назарына ұсынылған ақ киіз – Елбасыны таңдаған халық қолдауының нышаны. Келушілер Қазақстан Республикасының дамуына мемлекеттік еңбегін сіңірген азаматтарға берілетін «Алтын қыран» орденін тамашалады. 40-тан астам елдің Н.Ә. Назарбаевқа тарту еткен жоғарғы мемлекеттік марапаттар топтамасы да көрме жәдігерлерінің арасындағы ең ерекшесі. Бұл топтама әлемді ядролық қарудан азат ету мен жасампаздықтың, жаһандық қауіпсіздік пен интеграциялық үдерістер бастамаларының идеясын ілгерітудегі Елбасының еңбегін жүйелеп көрсетеді.