ЖАҢА ӘЛЕМГЕ САЯХАТ

Елбасы кітапханасының Мұражайында елордадағы № 38 мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен «Терең мағыналы ғұрыптық заттар – татулық белгісі ретінде» атты саяхат сабағы өтті. Сабақ негізгі әлемдік діндерге арналған экспозиция алдында өтті.

            

Сабақ барысында Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің шақырылуы мен оның қызметіне ерекше көңіл бөлінді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі дінаралық диалог пен ынтымақтастықтың бірегей алаңына айналды. Осы жылдың қыркүйек айында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшылығының XVIII отырысында жұмыс тобы алдағы уақытта өтетін жетінші Съезде дінаралық форумның бастамашысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік сұхбат алаңын құрудағы ерекше рөлін көрсететін арнайы құжат қабылдау туралы ұсыныс жасады.

Саяхат сабағы барысында оқушылар түрлі конфессия өкілдері, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі қатысушылары тарапынан Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа тарту етілген сыйлықтармен танысты.

№38 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Аяна Кенжеғұл:

- Мен христиан, ислам діндері мен осы діндердің нышандары туралы көп нәрсе білдім. Менің ойымша діндердің негізін білген пайдалы. Біздің елімізде барлық дін өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқаны қандай жақсы.

 

 

№38 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Диана Қайырбек:

- Мені бәрінен бұрын дәріскердің буддизм және иудаизм туралы әңгімесі таң қалдырды. Бұған дейін осы діндер туралы ештеңе білмеген едім. Маған иудейлердің қасиетті жазбаларға қолдарын тигізбей, оны оқу үшін арнайы таяқшаны қолданатындары қызық ақпарат болды. Будда мен оның өмірі туралы оқиғалар ұнады. Әлемдегі барлық дін лидерлері біздің елімізді білетініне және құрметтейтініне қуандым. Мұнда түрлі конфессия өкілдері тарапынан тарту етілген сыйлықтар көп. Мұражайға алғаш рет келдім, тағы да келгім келеді.

№38 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрайлым Әлкенова:

- Сабақ балаларға өте қатты ұнады. Мектепте біз әлемдік діндердің негіздерін оқимыз, бірақ мұнда оқушылар діни атрибуттарды көре алады, олардың қалай құрылғанын және қандай философиялық, діни мағынасы бар екенін білді. Балаларды әсіресе түрлі дін өкілдері тарту еткенөзіндік, бірқилы, ерекше сыйлықтар таң қалдырды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметі туралы білу қызықты болды. Жаңа әрі қызық ақпараттар өте көп. Мұражайда өткен іс-шараға оқушылардың көпшілігі алғаш рет қатысып отыр. Балалар өздеріне жаңа әлем ашты.