ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ІЗГІЛІК

Ізгі амал биыл да жалғасын тапты. Жыл аяғында Елбасы кітапханасының қызметкерлері Ырыскүл Өтегенова мен оның үш немересі Нұрлыбек, Диана мен Бекзат Келісбековтерді  мерекемен құттықтады.   

– Жаңа жыл – ғажайыптар уақыты ғой. Біздің үшеуіміз де әжемізді әрдайым үздік үлгерім мен үлгілі тәртібімізбен қуантқымыз келіп тұрады.  Біз Елбасы кітапханасының бізге көрсеткен ілтипаты үшін зор алғыс айтқымыз келеді. Бізге көңіл бөліп, қуантқандарыңызға рахмет. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Ойға алған мақсат-мұраттарыңыз орындала берсін», - дейді дизайнер болуды армандайтын 12 жасар Диана.

Мереке қарсаңында жанға жылу сыйлар ілтипат көрсеткен меймандарға Ырыскүл апай да қатты қуанды. Ата-анасыз қалған немерелерінің бал-бұл жанған жүздерін көріп марқайған ол келген қонақтарға шынайы ризашылығын білдірді:

– Жаңа жыл жаңалықтың жаршысы бола берсін. Бізге күтпеген тосынсый жасаған Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің жұмысына табыс тілеймін. Баланың басынан сипап, мейірім бөліп, лебіз білдірген жүректеріңізден айналдым. Елімізге тыныштық, халқымызға бірлік тілеймін.