Гейдар Әлиев Қорының бастамасы бойынша әлеуметтік жобалар байқауы өтеді

Гейдар Әлиев Қорының бастамасы бойынша «Өңірлік даму» қоғамдық бірлестігі (ООРР) азаматтық қоғамның дамуын, тұрақты дамудың мақсаттарын, оның ішінде әртүрлі салалар бойынша мемлекеттік бағдарламаларды қолдау мақсатында әлеуметтік жобалар байқауын бастайды. Байқау коммерциялық емес салада жұмыс істейтін ұйымдар мен бірлестіктерді, сондай-ақ азаматтық топтарды қамтиды.

Байқауға ғылым мен білімді дамытуға, инновациялық идеяларды қолдауға, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік бағыттағы түрлі мәселелерді шешуге бағытталған жобалар қатыса алады.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4891/%D0%9F%D0%BE-%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0

 

Гейдар Әлиев Қоры балаларға шаттық сыйлады

3 шілдеде Гейдар Әлиев Қорының вице-президенті Лейла Әлиева ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар үшін Гейдар Әлиев Қоры ұйымдастырған кезекті ойын-сауық бағдарламасына қатысты.

Гейдар Әлиев Қоры балаларды астананың жағалаудағы демалыс орындарының бірі Dalğa Beach демалыс орталығына жинады.

Іс-шараға арнайы автобустармен келген балаларды ертегі кейіпкерлері күтіп алды. №1 Низами ауданы, №2 Сурахан ауданы, №3 Хатаин ауданы балалар үйлерінің, Даун синдромымен науқас балалар үшін Оңалту орталығы және №11 интеграциялық оқыту мектеп-интернаты тұрғындары осы кеңістікте жаз жылуын сезініп, күні-бойы таза ауада демалды.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4893/%D0%A4%D0%BE%D0%BD%D0%B4-

 

Гейдар Әлиев Қорының ұйымдастырушылық қолдауымен Каннда әзірбайжан мәдениетінің күндері басталды

Бейбітшілік қаласы атанған Каннда Гейдар Әлиев Қорының, Франциядағы елшіліктің және осы қаланың мэриясының ұйымдастырушылық қолдауымен әзірбайжан мәдениетінің күндері басталды.

Фестивальдар мен конгрестердің Канн сарайына жақын орналасқан «Теңіз вокзалы» көрме павильонында (Gare maritime) «Жаңа ашылым: Әзірбайжан кілем тоқу өнеріндегі жаңа мақамдар» атауымен Гейдар Әлиев Қорының кілем көрмесінің ашылуы өтті.

Көрменің ашылуында Гейдар Әлиев Қорының атқарушы директоры Анар Алакбаров, Канн қаласы мэрінің орынбасары Франк Шикли сөйледі.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4899/%D0%9F%D1%80%D0%B8-%D0%BE%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B7%D0%B0%D1%86%D0

 

Жеңіс пен соғыс музыкасы

Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарын, ерлік күндерін еске алғанда бір таңқаларлығы бәріміздің есімізге музыка мен әндер келеді. Музыка жұбатты, күш берді, шайқасқа шақырды, жеңіске деген сенімді ұялатты.

Әндер – дәуірдің лирикалық жылнамасы. Онда елдің бүкіл тарихы, жалғыз адам мен барша халықтың қайғысы мен қуанышы шоғырланған. Соғыс әндері мен соғыс туралы әндер өзіндік әсерлі-рухты толымымен ешкімді немқұрайлы қалдырмайды.

Ақын, композитор, бардшы Марк Мерманның ақындық, сазгерлік шығармашылығында Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы әрқашан қозғалады. 

https://www.preslib.org.by/news/type1/muzyka-pobedy-i-voiny

Эдуард Матюшоноктың «Үйімде» жеке көрмесінің ашылуы

2019 жылғы 11 шілдеде Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасында белорустік суретші Эдуард Матюшоноктың «Үйімде» жеке көрмесінің ашылуы өтті.

https://www.preslib.org.by/news/type1/otkrytie-personalnoi-vystavki-doma-eduarda-matyushonka

 

«Заңгерлік ой-пікір» электрондық жобасы. Дмитрий Иванович Азаревич

Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасында «Заңгерлік ой-пікір» жаңа электрондық жобасы басталды. Жоба аясында 19 – 20 ғасырдың басында өмір сүрген көрнекі заңгерлер шығармаларының сирек басылымдар топтамасы ұсынылатын болады.

«Заңгерлік ой-пікір» электрондық жобасының кезекті шығарылымы заңгер, құқық тарихшысы Дмитрий Иванович Азаревичке (1848 – 1920) арналған.  

https://www.preslib.org.by/news/type1/elektronnyi-proekt-yuridicheskaya-mysl-dmitrii-ivanovich-azarevich

 

«Сәулесін шашып. Алла Замай суреттері» жеке көрмесінің ашылуы

Беларусь Республикасы Президенттік кітапханасының филиалы - Беларусь Республикасы Президентінің Резиденциясында 2019 жылғы 23 шілдеде  «Сәулесін шашып. Алла Замай суреттері» жеке көрмесінің ашылуы өтті.

https://www.preslib.org.by/news/type1/otkrytie-personalnoi-vystavki-izluchaya-svet-zhivopis-ally-zamai

 

Виктория Толстоганова: «Қазір бәріне де үлгеруге болады»

24 маусым күні театр және кино әртісі Виктория Толстоганова Ельцин Орталықтың киноклубында қонақта болды. Жаз қызған шағында, бірақ киноклуб қызметі тоқтамайды. Виктория мен кинотанушы Вячеслав Шмыров отызыншы мерейтойлық «Кинотавр» кинофестивалінен жақында ғана оралды және оларға қойылған алғашқы сұрақтар осы туралы болды.

Фестиваль бағдарламасында актрисаның қатысуымен қатарынан екі фильм ұсынылған болатын. Бұлар - Григорий Константинопольскийдің «Найзағай» және Оксана Карастың «Аспаннан да биік» фильмдері. Оның «Аспаннан да биік» мелодрамасына қатысуы «Үздік әйел рөлі» сыйлығымен марапатталды. 

https://yeltsin.ru/news/viktoriya-tolstoganova-dlya-menya-elcin-centr-otkrytie

 

Би әлеуметтену құралы ретінде

27-29 маусым аралығында үш күн бойы Ельцин Орталықта келушілер үшін «Билердің инклюзивті зертханасы: Dance matters / Бидің мақсаты» атты арнайы тренингтер өтті.

Хореография бойынша шеберлік сабақтары ерекше қатысушыларға әлеуметтік қарым-қатынастағы дағдыларын жаттықтыруға, өзін-өзі түсіне білуге және серіктесін сезіп, онымен бір болуға көмектесті. Сондай-ақ, әлемде әлеуметтенудің негізгі құралы болып табылатын қозғалыстағы суырып-салма үдерістерді жасауды да үйретті.

https://yeltsin.ru/news/margo-grinli-tanec-moshnyj-instrument-socializacii

 

Зара Арутюнян: «Сыйластық пен ар-намыс бар жерде зорлық-зомбылыққа орын болмайды»

Мамыр айында Ельцин Орталық арнайы QR-код бейнеленген плакаттарды өз ғимаратында орналастыру арқылы #ISHAPEMYWORLD акциясын қолдады. 21 маусымда акция аясында Зара Арутюнян «Зорлық-зомбылық. Оның қандай түрлері бар және оны қалай анықтауға болады» тақырыбында дәріс оқыды.

Зара Арутюнян – психолог, әлеуметтанушы, психотерапевт. Ол көп жыл бойы зорлық-зомбылықтың психологиясы мен жарақат терапиясын зерттеумен айналысады, тоқырауға душар болған және өзіне-өзі қол жұмсауға бейім, сондай-ақ паллиативтік диагнозы бар адамдарға кеңес береді.  

https://yeltsin.ru/news/zara-arutyunyan-nasilie-ne-prizhivaetsya-tam-gde-uvazhenie-i-dostoinstvo

 

Наина Ельцина Есет өзенінің жағалауында атаулы орындықты ашты

Наина Ельцина 28 шілдеде Екатеринбургте Есет өзенінің жағалауында атаулы естелік орындықты ашты. Орындық жобасын BERNASKONI сәулет бюросы әзірлеп,  Rigel екатеринбург компаниясы түпкі ойды жүзеге асырды.

Орындық Наина Ельцинаның жеке қаражатына жасап шығарылып, орнатылды. Орындықтың арқа жағында мынадай сөздер жазылған тақтайша бар: «Бір-бірін сүйетіндер үшін. Борис екеуміздей. . Наина Ельцина. 2019».

https://yeltsin.ru/news/naina-elcina-otkryla-imennuyu-skamejku-na-naberezhnoj-iseti

 

Грибоедовтің досы Пушкиннің эпиграммалары үшін нысана: Фаддей Булгарин Президенттік кітапхана қорында

2019 жылғы 5 шілдеде жазушы, сыншы және табысты баспагер Фаддей Венедиктович Булгариннің (1789–1859) туғанына 230 жыл толады. Президенттік кітапхананың электрондық қорында әдебиетші шығармалары жинағының барлық жеті томы, оның сын мақалалары, журналдық пікірталасы, бір жағынан Грибоедовтың айнымас досы, ал екінші жағынан Пушкин, Вяземский, Баратынскийлердің шақпа эпиграммалары үшін тұрақты нысана ретінде көрсететін  естелікнама мен хаттары сақталған. Булгарин орыс әдебиетінің тарихына Ресей үшін тың журнал ісінің жігерлі ұйымдастырушысы және бірнеше бірегей шығармалардың авторы ретінде енді.

https://www.prlib.ru/news/1272073

 

«Желкем жұрттың бейтарап байқаушысы» – Пётр Чаадаев Президенттік кітапхана қорында

Президенттік кітапхананың электрондық өмірбаяндық қоры тағы бір «П. Я. Чаадаев (1794–1856)» атты топтамамен толықты. 225 жылдық мерейтойға орай дайындалған топтамаға кірген шығармалары, жарияланған хаттары, замандастарының естелікнамалары, зерттеу еңбектері және басқа материалдары арқылы орыс философы, ойшылы, публицисті Пётр Яковлевич Чаадаев өмір сүре береді.

https://www.prlib.ru/news/1272064

 

Құрсаудағы кинохроника мен Ленинград үшін шайқас кадрлары – Президенттік кітапхана қорында

1941 жылғы 10 шілде – ресей және шетел зерттеушілерінің қазіргі уақыттың өзінде қызығушылығын тудырып отырған бірегей құбылыс ретінде тарихқа енген Ленинград үшін батырлық шайқастың басталған күні.

Ленинград майданындағы жеңістің кеңес халқына қандай адам сенгісіз бағамен келгені туралы Президенттік кітапхананың «Ұлы Жеңіс туралы естелік» топтамасының материалдары әңгімелейді. Сондай-ақ, топтамадан дербес шығарылған құрамына ресми құжаттар, периодика, ленинградтықтардың естеліктері, азық-түлік кәртішкелері, сурет- және кинохроника енген «Қорғаныс және Ленинград құрсауы» топтамасы да жеңіс туралы сыр шертеді.    

https://www.prlib.ru/news/1272180

 

Президенттік кітапхана – «министр-ақын» Гавриил Державин туралы

2019 жылғы 14 шілдеде өз заманындағы алғашқы Ресей ақыны, бірегей және табысты мемлекеттік қайраткер Гавриил Романович Державиннің туғанына 276 жыл толады. Ол Олонецк және Тамбов наместниктіктерінің губернаторы, ІІ Екатеринаның кабинет-секретары, Ресей Әділет министрі лауазымдарында болып, сенатор және толық құпия кеңесші дәрежесімен отставкаға шықты.  Президенттік кітапхананың порталында әскери жазбалар, ақынның сөзіне жазылған әндердің өлеңдері мен ноталар сынды сирек материалдардан тұратын «Г. Р. Державин (1743–1816)» электрондық топтамасымен танысуға болады. 

https://www.prlib.ru/news/1272272

 

Президенттік кітапхана – аты аңызға айналған Cталинград шайқасының басталуының атаулы күніне

77 жыл бұрын, 1942 жылғы 17 шілдеде Сталинград шайқасы басталды. Аталған шайқастағы Қызыл армияның жеңісін барша Ұлы Отан соғысындағы бетбұрыс деп атауға болады. Сталинградтан соң гитлерліктер естерін жия алмады.

  Президенттік кітапхананың порталында құрамына ресми құжаттар, сурет- және кинохроника, әскери уақыттың газеттері, кітаптар, шайқас қатысушылары мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері, фотосуреттер мен пошталық ашық хаттар  енген «Ұлы Жеңіс туралы естелік» үлкен электрондық топтама орналастырылған.

https://www.prlib.ru/news/1272458

 

«Әкем түсіме кірді, ол тірі екен…» - Президенттік кітапханада бірегей материалдар

Президенттік кітапхана мекеменің сандық қорына келіп түскен Ұлы Отан соғысы туралы сирек құжаттар туралы әңгімелеуді жалғастыруда. Олардың арасында – кеңестік және израильдік ақын Алла Наумовна Айзеншарфтің (1936–2018) өлеңдері бойынша салынған балалар суреттерінің бірегей альбомы, сондай-ақ оның анимацияланған нұсқасы бар. Сол бір жылдарда кішкентай Алла жазған өлеңдер емлесіне толықтай сәйкес келетін альбом «Бізді немістер мен иттер іздеуде» деп аталады.

https://www.prlib.ru/news/1272672

 

Суретші және жазушы Илья Репиннің дарынын Президенттік кітапхананың жаңа топтамасы ашады

2019 жылғы 5 тамызда ұлы суретші, сурет өнеріндегі орыс реализмінің негізін салушы, Императорлық сурет Академиясының толық мүшесі, көрнекі ұлттық суретшілерді тәрбиелеп өсірген және бізге беллетристік естеліктер қалдырған Илья Ефимович Репиннің туғанына 175 жыл толады. Осылар суретшінің мерейтойына орай дайындалған «И. Е. Репин (1844–1930)» атты  Президенттік кітапхананың электрондық топтамасының бөлігін құрады.

https://www.prlib.ru/news/1273905

 

Остиндегі Л.Б.Джонсон (LBJ) Президенттік кітапханасында Б.Обаманың бұрынғы кеңесшісі Валери Джарреттпен сұхбат

«Қара Америкада» басылымының кезекті шығарылымында продюсер және жүргізуші кіші-Джон Л. Хэнсон өткен жылдың көктемінде Остиндегі Л.Б.Джонсон (LBJ) Президенттік кітапханасында өткен «Америкадағы жарыс: баршаға бостандық пен әділдік» саммитінің негізгі сәттерін ұсынды.

Ескертпе: В.Джарреттпен АҚШ Президенті Б.Обаманың бұрынғы аға кеңесшісі.

https://www.kut.org/post/conversation-fomer-obama-adviser-valerie-jarrett

 

Нельсон Мандела Қорының Бас директоры Селло Хатанг Оңтүстік Африка Республикасындағы тұрғын үй дағдарысын шешу туралы

Экурхулени қаласында Мандела күнінің 10-жылдығына арналған іс-шара өтуде.

CNBC Africa Нельсон Мандела Қорының Бас директоры Селло Хатангпен Манделаның мұрасы және қайыршылықты жою мен теңдік бағытындағы Қордың жұмысы туралы әңгімелесті.

https://www.cnbcafrica.com/videos/2019/07/18/nelson-mandela-foundation-ceo-sello-hatang-on-addressing-sas-housing-crisis/

 

Гайд бақтағы Ф.Д. Рузвельт атындағы Музей мен кітапханадағы автормен кездесу және кітаптарға қолтаңба қою

Ф.Д. Рузвельт атындағы Музей мен кітапхана (ФДР) америка тарихшысы Эрик Рошуэйаның «Қыстағы соғыс: Гувер, Рузвельт және Жаңа бағыт үшін алғашқы тікетірес» кітабының тұсаукесерін өткізді. Аталған жұмыста 1932 жылы Франклин Делано Рузвельт пен Герберт Гувер арасында өткен сайлау, сондай-ақ 20-ғасырдағы  либерализм мен консерватизмнің бастауы қарастырылады. 

https://www.dailyfreeman.com/lifestyle/author-talk-book-signing-at-fdr-site-in-hyde-park/article_1cb91ba4-9e90-11e9-970f-1b994dba2af7.html

 

Эйзенхауэрдың Президенттік кітапханасы жанындағы жаңартылған Музей Канзаста ашылады

1970 жылдары жасалған жөндеуден кейін алғаш рет кешенді жөндеуден өткен Дуайт Эйзенхауэрға арналған Музей оның Канзастағы балалық шағы өткен үйінде дүйсенбі күні ашылды.

 Абилиндегі музейдегі (2322 шаршы метр) жаңғыртылған жәдігерлер жаңа сөрелермен, бейне және сандық интерактивті стансалармен жабдықталған. Онда келушілер 1953 пен 1961 жылдар аралығындағы Эйзенхауэрдың президенттік қызметі, сондай-ақ оның Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары АҚШ армиясының генералы ретінде одақтастар күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы болғандағы тәжірибесі туралы біле алады,

1970 жылдан бері ішінара жөндеу жұмыстары өткізілген Музей 2018 жылғы мамырда уақытша жабылған болатын.

https://federalnewsnetwork.com/lifestyle-news/2019/07/newly-renovated-eisenhower-museum-reopens-in-kansas/