«ЖАСАМПАЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТАРИХЫ: КІТАПТАР, ЖӘДІГЕРЛЕР, АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ СӨЙЛЕЙДІ» ЖОБАСЫ:

Биыл – елорда жиырма жылдығын атап өту жылы. Осы орайда аталмыш жобаның кезекті шығарылымы Елбасы жеке архивінің қорында сақтаулы тұрған Астана тарихынан сыр шертетін құжаттар мен материалдарға арналады.

Мемлекет басшысы: «Жыл сайын Астана өзінің туған күнін тойлайды. Қала елорда күніне арналған түрлі мерекелік шаралаға толады. Қазақстандықтардың әкімшілік орталықты ауыстыруға қатысты көзқарасы өзгергенінен біраз уақыт өтті. Кезінде қоныс аударған қала тұрғындары бүгінде Астананы туған қаласындай санайды...», - деп белгілеген болатын.

Елбасы кітапханасы Архив жұмысы секторының аға сарапшысы Гүлнар Жақсымбетованың айтуынша, кез келген іс-шара төзімділік пен еңбекқорлықты қажет етсе, елорда күніндей ауқымды мерейтой ұйымдастырушылардан үлкен жауапкершілік пен ыждаһатты талап етеді.

«Елбасы жеке архивінің елорда күнімен байланысты құжаттарына Елбасы кітапханасы қызмет бөлімдерінің ғана емес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Ақмола тарихи-өлкетану музейінің де сұранысы жоғары. Талдау барысында тақырыптық көрмелерде ұсынулы тұрған жинақ, фотоальбомдардың құжат қағаздары мен фото құжаттардан құрылғаны анықталды. Мерекелік іс-шаралар барысында Елбасы жеке архивінің бейнеқор фильмдері де көрсетілді. Елорданың халықаралық таныстырылымына қатысты құжаттармен қатар астананың көшірілу тарихы бейнелейтін архив материалдары да ұсынылды», - деді ол.

Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру жөнінде сақталған алғашқы құжаттардың бірі – 1994 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №106-XIII қаулысы. Ол Елбасы кітапханасының Музейі – Мемлекет басшысының алғашқы резиденциясында орналасқан «Болашақ келбеті» көрмесінде көпшілік назарына ұсынулы.

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\инф. на сайт\док для инф\Оп.7 Д.92\page-0001.jpg

Ағымдағы жылдың 6 шілдесінде Ақмола тарихи-өлкетану музейінде «Елбасы және Тәуелсіздік» залында жаңа экспозиция ашылды. Оның аясында Елбасы жеке архивінің қорынан алынған құжаттар ұсынылды. Олардың қатарында 1997 жылғы 8 қарашада мемлекеттік рәміздердің Алматыдан Ақмолаға көшірілу барысында өткен кездесудегі Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі бар.

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\сборник верстка\д-ты чищенные\Раздел 1\43. Д. 595 - госсимв. Акмола 06.11.97\1.tifC:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\сборник верстка\д-ты чищенные\Раздел 1\43. Д. 595 - госсимв. Акмола 06.11.97\5.tif

1998 жылғы 10 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті. Бұл оқиғадан сыр шертетін архив құжаттары Елбасы кітапханасының Музейінде де, Ақмола тарихи-өлкентану музейінде де бар.

Ал 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды.

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\инф. на сайт\Документ 3. Указ о переименовании столицы. 06.05.98\указ переименовании Астаны.jpg

«...Бірде жаңа астананың аты Астана болады деген ой келді. Астана! Атаудың мағынасы да – астана. Қай тілде де ұғымды, ұран тәрізді...» (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың естелігінен)

Халықаралық таныстырылым кезінде Елбасы «Жаңа астана – жаңа мемлекет – жаңа қоғам» атты сөзінде елордамыздың Алматыдан Астанаға көшірілуі маңыздылығын атап өтті.  

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\инф. на сайт\Документ 4. Речь Президента РК на презентации.10.06.98\30.tifC:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\инф. на сайт\Документ 4. Речь Президента РК на презентации.10.06.98\31.tif

Қазақстанның жаңа астанасын таныстыру қарсаңында Елбасыға мемлекет басшыларының, шетелдік және отандық мемлекет және қоғам қайраткерлерінің атынан көптеген құттықтау хаттары келіп түсті.

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\сборник верстка\Электронные образы док. раздела 2\12-23. Поздравления с презентацией Астаны\12. Оп.1.Д. 969.     Б. Ельцин.jpg

«Астана тарихына арналған фотоқұжаттарға келетін болсақ, электронды көшірмелер саны 500-ден астам сақтау бірлігін құрайды. Олар экспозициялардан орын тапқан фотоальбомдар мен құжаттар жинағын құруда қолданылды», - деді Гүлнар Жақсымбетова.

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\сборник верстка\Фото к разделу 1\9. 08.11.97. Акмола. митинг передача  госсимв..jpg

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\сборник верстка\Фото к разделу 2\1. Акмола. 10.06.1998 г. Презентация столицы.jpg

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\сборник верстка\Фото к разделу 2\7. 06.07.2008. 10-летие презентации столицы.JPG C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\инф. на сайт\ФД\28.04.2008-4H2Q7432-2008.JPG

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\инф. на сайт\ФД\4H2Q4601-2008 г.JPG

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\сборник верстка\Фото к разделу 4\31. 04.04.2015. ЭКСПО-2017.JPG

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\сборник верстка\Фото к разделу 3\66. 16.12.2016 - монумент 25-летия Независимости РК.JPG

C:\Users\Zhaxymbetova_G\Desktop\сборник верстка\Фото к разделу 3\59. 08.06.2015. Зеленый пояс Астаны.jpg