«ЖАСАМПАЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТАРИХЫ: КІТАПТАР, ЖӘДІГЕРЛЕР, АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ СӨЙЛЕЙДІ» ЖОБАСЫ: ТАРТУЛЫҚ ҚАЛТА САҒАТ

Барша қазақстандықтар 6 шілдеде елорда жиырма жылдығын атап өтті. Атаулы мерекенің Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келетіні баршаға мәлім. Жаһандық деңгейдегі саясаткердің көптеген халықтармен байналысқан өмірі мен қызметі ұлттар тарихының негізгі кезеңдерін баяндайды.

Елбасы кітапханасының қор жинақтарын құрайтын дипломатиялық сыйлықтардың қатарында аса құнды, естелік тартулар бар. Олар Елбасының өмірбаянынан сыр шертіп қана қоймай, болашақ тәуелсіз Қазақстан Президентінің саяси ұстанымдарын қалыптастырған тұтастай бір дәуірді бейнелейді.

Н.Ә. Назарбаевтың беделі одақ басқару деңгейіндегі мемлекеттік және саяси қызметі арқасында қарқынды асқақтады. 1984 жылы Н.Ә. Назарбаев КСРО одақтас республикасының ең жас премьер-министрі атанған болатын. 1989 жылы Қазақ КСР ОК Компартиясының бірінші хатшысы болып тағайындалған ол 1990 жылдың сәуірінде Қазақстанның тұңғыш президенті болып сайланды.

Тарихи оқиғаларға толы дәл осы кезеңде КОКП ОК Секретариаты Мемлекет басшысының туған күніне «Ракета» қалта сағатын табыстаған болатын.

Тартулық дәстүрінің өзіндік «иерархиясы» бар екені көпшікке мәлім. КСРО тұсында сағат ұстау, оны сыйлау әдеті шектеулі адамдар қатарына ғана тән еді. Бұл ерекшелік белгілі сағат зауыттарына келгенде әсіресе байқалатын.

Петродворец зауытында жасалған сағаттар КСРО-ның жоғары сұранысына ие болды. Оларды Л.И Брежнев, М.С. Горбачев сынды саяси көшбасшылар, танымал әртістер мен өзге де беделді азаматтар тұтынатын.

Елбасыға сыйланған бұл сағат – саяси серіктестер сый-құрметінің белгісі. Оның бетіне «КОКП ОК Секретариатынан Н.Ә. Назарбаев жолдасымызға, 1990, шілде айы» деп жазылғанын байқауға болады.

ТПМ 3914. «Ракета» («Зымыран») қалта сағаты. Өндіруші –  Петродворец сағат зауыты. 1980 жылдардың соңы.

Шаршы пішіндес сағат корпусы жасыл тастан жасалған. Ілуге арналған шынжыршасы бар. Дөңгелек циферблаты аққа боялып, металлмен жиектелген. Сағат белгілері мен тілшелері алтын жалатылған. Циферблат бетінде «Ракета», «КСРО-да жасалған» деген жазу бар. Сағаттың сыртқы жағында «КОКП ОК Секретариатынан Н.Ә. Назарбаев жолдасымызға, 1990, шілде айы» деп жазылған.

Петродворец сағат зауыты – Ресейдегі ең көне кәсіпорындардың бірі. Негізін Петергоф қырлау фабрикасы ретінде 1721 жылы І Петр қалаған. Асыл тастардан патша жанұясына әшекей дайындаумен айналысқан мекеме кейінде Кеңес Одағының ең ірі 13 сағат зауытының қатарына еніп, жаппай  сағат өндірумен айналысты. Оның ішінде «Ракета» сағаты 30-дан астам түрлі мемлекетке экспортталды.

1961 жылы шыққан сағаттардың атауы Ю. Гагариннің ғарышқа сапарына арналды. Алайда Батыс Еуропа мен Америка елдері сағат атауын КСРО ракеталық қару-жарығымен байланыстыратын.