ЖАСАМПАЗДЫҚ ДӘУІРІ. ТАҚЫРЫПТЫҚ ІС-ШАРАЛАР АПТАЛЫҒЫ

17 маусым күні Елбасы кітапханасында «Нұрсұлтан Назарбаев: Жасампаздық дәуірі» тақырыптық апталығы басталды.

Назарбаев орталығының ғимаратында Елбасының жеке архиві, музейі, кітапханасы қорларынан жасақталған «Нұрсұлтан Назарбаев: кемеңгерліктің 30 жылы» атты көрме ашылды. Аталған көрмеде ХХ ғасырдың 70-80 жылдары мен 1991 жыл аралығындағы Елбасының еңбек жолының маңызды кезеңдері қамтылған. Құжаттар мен суреттерден тұратын қатарлар, бейнехроника материалдары, музей мен кітапхана жинақтарының жәдігерлері Қазақстан Республикасы мен посткеңестік кеңістіктің даму жолының сипатын көп жылдарға алдын ала анықтаған сол кезеңнің тағдыршешті оқиғаларынан сыр шертеді. Көрме ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.

Елбасы кітапханасының қос ғимаратында 17-22 маусым аралығында «Тәуелсіздік бастауында», «Жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы», «Әлем таныған Елбасы», «Астана және Елбасы», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыптық экскурсиялары жүреді. 

Олардың аясында келушілер Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны арқылы еліміздің тәуелсіздік тарихымен, жаһандық кеңістіктегі Қазақстанның орны мен рөлін туралы баяндайтын құнды деректермен және жәдігерлермен тереңірек танысады.

 

Экскурсиялар 10.00-12.00 сағ., 14.30-16.00 сағ. аралығында өтеді.

Тақырыптық апталық аясында Назарбаев орталығының кинозалында күніне екі рет (10.00 сағ., 15.00 сағ.) Елбасының жеке архивіндегі фильмдердің көрсетілімі өтеді.

Тақырыптық экскурсиялар мен кино көрсетілімдердің алғашқы көрермендері Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің студенттері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметкерлері болды.