ЖӘДІГЕРЛЕР ОНЛАЙН СӨЙЛЕЙДІ

Бүгін Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру бағдарламасы мен «Жәдігерлер сөйлейді...» жобасын іске асыру мақсатында музей сабағы өтті.

№35 «Ертегі» балабақшасының тәрбиеленушілеріне «Менің шежірем – ел шежіресінің бөлігі» онлайн сабағын Әлеуметтік-гуманитарлы және білім беру жобалары қызметінің ғылыми қызметкері Саягүл Жақыпова жүргізді.

Сабақ «жолсілтеме әліппенің» көмегімен Елбасы кітапханасының музейіне саяхат жасаумен өтті. Қызық ойындар мен танымдық экскурсияларды ұштастырған жолсілтеме әліппе  бүлдіршіндерді ел тарихымен таныстыруды көздейді.

«Сабаққа қатысқан балалар ойын барысында батырлар институты мен «шежіре» ұғымымен танысты. Олар паззл жинау мен сурет талдауды үйреніп, зейін мен логиканы, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыта түсті», - деп сабақ соңында балабақша меңгерушісі Ләззат Ғалымжанқызы пікір бөлісті. Ол Елбасы кітапханасының қызметкерлеріне алғыс айтып, ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміт білдірді.