ZOOM-ЭКСКУРСИЯ: ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Келушілерді қабылдауды шектеу жағдайына байланысты әлемдегі кітапханалар мен музейлер  аудиториямен қарым-қатынастың жаңа түрлерін дамытуда.

Елбасы кітапханасы ғылыми, кітапхана, архив және музей қызметінің табысты интеграциясының үлгісі ретінде бірнеше айдан бері экскурсиялық және көрме қызметінің жаңа форматтарын: виртуалды көрмелерді, бейне көрмелерді, бейнетураларды, онлайн-көрмелерді сәтті жүзеге асырып келеді.

15 қарашада атап өтілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай «№71 құпия код» Zoom-экскурсиялар сериясы ұйымдастырылды. Экскурсияның бұл  жаңа түрі – музейге онлайн режимде нақты уақытта келу.

Ұлттық валюта – теңгенің тарихы – ақша белгісінің қалыптасу тарихы ғана емес. Бұл елдің тарихы, теңге шешуші, аккордтық аргументке айналып, егемендікті бекітті және ұлттық экономикалық саясатты тәуелсіз етті. Бұл тарихи оқиғаларға толы жолды Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші резиденциясының ғимаратында орналасқан Елбасы кітапханасының музейінен байқауға болады.

 «№71 құпия код» Zoom-экскурсиясының алғашқы келушілері Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері болды. Олар Қазақстан аумағындағы ақша айналымының тарихы туралы біліп, теңге дизайнының тарихи оқиғалармен байланысын қадағалады. Сондай-ақ  банкноттар мен монеталарды жасау процесі, олардың қорғау элементтері мен халықаралық наградалары туралы көптеген қызықты фактілермен танысты.

 

Экскурсия жүргізушісіне ең жиі қойылған сұрақтың бірі Zoom экскурсиясының атауы жайында болды. Неге «№ 71 құпия код»?

– 1992 жылы мамыр айында ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Мемлекеттік банкі Монеталық сарай құру жөнінде бірінші кезектегі шаралар туралы» құпия  бұйрығы шықты. Қазақстанның өз банкнот фабрикасы болмады. Сондықтан Үкімет қағаз ақша басып шығару бойынша қызметтерін ұсынатын шетелдік фирмалармен келіссөздер жүргізді. №71 – осылайша теңгені «Харрисон және ұлдары» англиялық банкнот фабрикасында басып шығару бойынша Қазақстан тапсырысы құпия болды,-деп кітапхананың Экскурсия қызметінің сарапшысы Қайыржан Қоңыршин жауап берді.

Экскурсия соңында студенттерге викторина өткізілді.