12.08.2019 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт – әлемдегі бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам, жақсылықтың, қайырымдылық пен кеңпейілділіктің символы.  Бұл мереке бейбітшілік, бірлік және келісім сияқты жалпы адами құндылықтарды қастерлеуге үндейді. Құрбан айт және басқа да діни мейрамдар қоғамда рухани-адамгершілік негіздерін нығайтуға септігін тигізетіні және ізгі ниет пен игілікті амалдар арқылы көрініс табатыны қуантады. Осы мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін!

09.08.2019 | «ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ» ЖОБАСЫ. БАТЫРЖАН СМАҚОВ

«Қазақстанның 100 жаңа есімдері» жобасының жеңімпаздары ғылым, спорт, мәдениет және өнер саласында жаңа белестерді бағындыруда. Солардың бірі – еліміздегі жалғыз контртенор опера әнші, Қазақ ұлттық өнер университетінің дирижері Батыржан Смақов. Жақында Батыржан Италияда төрт жаңа альбомын жазды. 

08.08.2019 | ҚАПШАҒАЙДАН КЕЛГЕН ЖАС ӨРЕНДЕРГЕ САЯХАТ

Балалардың жазғы демалыс мезгілі – Елбасы кітапханасының саяхат бойынша мамандарының жұмысы қызатын уақыт. Шетелдік және отандық саяхатшылар елордамызға жан-жақтан ағылады. Нұр-Сұлтандағы басты көрнекі және қызықты мәдени ғимараттардың қатарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы да кіреді.

06.08.2019 | 6 ТАМЫЗ – ЯДРОЛЫҚ ҚАРУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ҮШІН КҮРЕСТІҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК КҮНІ

Бүгін - ядролық қаруға тыйым салу үшін күрестің символына айналған Хиросима күнін барша әлем атап өтуде. Мыңдаған тұрғындар өмір сүрген жапон қаласын жер бетінен тып-типыл қылған 1945 жылдың сұмдық оқиғасы адамзат жадында мәңгілікке сақталады. Көлемі жағынан алапат ядролық қаруды сынаудың жан түршігерлік зардабын қазақстандықтар да басынан өткерді. Қазақстанның Семей өңірінде болған жаһандағы ең ірі ядролық сынақ полигонының қасіреті осы күнге дейін ұмытылмай келеді. Қазақ халқының бірнеше ұрпағы бұл «жауыздықты»  басынан кешірді.

06.08.2019 | БІЗДІҢ ТАРИХ. НҰР-СҰЛТАН – БЕЙБІТШІЛІК ҚАЛАСЫ

Осыдан жиырма жыл бұрын, дәл осы күні, 1999 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласы (қазір – Нұр-Сұлтан) бойынша жұмыс сапарын жасап, елордалықтар алдында ЮНЕСКО тарапынан «Бейбітшілік қаласы» құрметті  атағының берілуіне орай Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда сөз сөйлеген болатын. Жиырма жылдың ішінде Нұр-Сұлтан тәуелсіз Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығы ғана емес, сондай-ақ дипломатияның, бітімгершілік пен халықаралық дамудың басты орталығына айналды.

05.08.2019 | ҚАСИЕТТІ ЖӘДІГЕРЛЕР. ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР БӨЛЕК БАТЫРДЫҢ ДУЛЫҒАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Елбасы кітапханасының музейінде Нұр-Сұлтан қаласындағы №49 орта мектеп оқушылары үшін «Батырлар мұрасы» экскурсиясы өтті. Балаларға қазақ батырлары тарихынан қызықты деректер айтылды. Аталған экскурсияның негізгі кейіпкері Бөлек батыр болды. Балалар қазақ батырының жоңғарлармен соғыста көрсеткен ерлігі туралы ақпарат алып қана қоймай, сондай-ақ, оның жауынгерлік дулығасын да көрді.

02.08.2019 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖОБАСЫ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ». ЕРКЕҒАЛИ РАХМАДИЕВ

Қазақтың көрнекі композиторы, симфониялық күй жанрының негізін салушы Еркеғали Рахмадиев 1932 жылғы 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау елді мекенінде дүниеге келген. Оның шығармалары – «Қамар сұлу», «Дала таңы», «Алпамыс», «Дайрабай», «Құдаша-думан» симфониялық күйлері, «Аманкелді», «Толғау» симфониялық поэмалары, «Аястан» кантатасы және «Балқаштағы кеш» хорлық поэмасы Қазақстанда ғана емес шетелдерде де жақсы танымал.

01.08.2019 | ЕЛГЕ СЫНАҚ - ЕРГЕ СЫНАҚ

Еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарында «ешкімге кедергі келтірме» деген ұстаным бар. Яғни таратылатын ақпараттың өз деңгейіндегі фактілерге сүйену қажеттігін, алайда провокация немесе өзге де тәсілдер арқылы бұқараның санасын улап, теріс насихат әрекеттерін жасайтын құралға айналмауын жәй ғана қарапайым сөйлеммен «ешкімге кедергі келтірмеумен» түсіндірген.

30.07.2019 | «ДОСТЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ АРАЗДЫҚҚА МҮМКІНДІК МОЛ БОЛМАҚ». Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

Дәл бүгін, 30 шілде күні бар әлем күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі - Халықтар достығы күнін атап өтуде. Аталған мерекені атап өту туралы шешімді Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 2011 жылдың 27 сәуірінде өткен 65-інші сессиясында қабылдады. Жаңа датаны бекітуге идеологиялық негіз - Мәдениет және бейбітшілік саласындағы іс-қимыл декларациясы мен бағдарламасы, сондай-ақ 2001-2010 жылдарды қамтыған бүкіл ғаламшардың мүддесі үшін бейбітшілік мәдениеті мен зорлық-зомбылықсыз халықаралық онжылдық болды.

29.07.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЭКСКУРСИЯҒА ШАҚЫРАДЫ!

Елбасы кітапханасының жаңа экскурсиялық бағдарламасында елорда тұрғындары мен оның қонақтары үшін қызық та бірегей музейлік, кітапханалық және архивтік қор материалдарын ұсыну ойластырылған. Қонақтарға мынадай бағыттар арналады: «Отбасымызбен музейге», «Ұжымымызбен музейге», балалардың туған күнін музейде атап өту, «Қазақстанның спорттық даңқы» квест-экскурсиясы, «Сөзжұмбақ шешу» атты ойындық үлгідегі экскурсиялар, сондай-ақ шолулық және тақырыптық экскурсиялар мен Елбасы кітапханасы архивінен бейнефильмдердің кинокөрсетілімдері.

Беттер