Жаңалықтар

06.05.2019 | «ЕШКІМ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАС». ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

6 мамыр күні Елбасы кітапханасында Жеңіс күніне арналған «Ешкім де ештеңе де ұмытылмас» іс-шарасы өтті. Іс-шараға Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі мен астаналық колледждерінің оқушылары, Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеп жүрген ғалымдар  қатысты.  Кездесуді ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова төмендегідей атап өтті:

06.05.2019 | ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ ЗАЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Елбасы кітапханасы музейінің Қауіпсіздік Кеңесіне арналған залында № 83 мектеп-гимназиясы оқушылары қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған «Батырлар институты: дәстүр, мәртебе мен қару-жарақ» экскурсия дәрісі өтті. Резиденция кезінде мұнда Жоғарғы бас қолбасшы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары өткен болатын. Бұл залда Елбасының Кедендік одақты құру жөнінде талқылаулары да өтті. Дәл осы залда Қазақстан Президентінің НАТО Бас хатшысы Дж. Робертсонмен кездесуі де өткені есте.

03.05.2019 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ ТУРАЛЫ САБАҚ ӨТТІ

Елбасы кітапханасының музейінде №77 мектеп-гимназия мен №78 мектеп-лицейдің оқушылары «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері» сабағына қатысты. Айша-Бибі, Қозы Көрпеш и Баян сұлу, Арыстан баба, Бабажы-қатын кесенелері сияқты сәулет өнерінің тарихи туындыларымен танысты. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі олардың айрықша қызығушылығын тудырды.

02.05.2019 | ОҚУШЫЛАРҒА САЙЛАУ ТУРАЛЫ

 2019 жылдың 30 сәуірінде Елбасы кітапханасының музейінде Нұр-Сұлтан қаласының № 74 мектеп-гимназиясы оқушыларына арналған «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі» экскурсия дәрісі өтті.

02.05.2019 | ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетімен серіктестік жөніндегі меморандумға сәйкес, Елбасы кітапханасы Әлеуметтік-гуманитарлы және ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Бердагулова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәріс жүргізді.

30.04.2019 | САРАПШЫЛАР КЕЗДЕСУІ. ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА БАРДЫ

2019 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында кітапхана директоры, саяси ғылымдар докторы Әмірхан Рахымжанов Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

30.04.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЛЕНИНГРАДТЫ ҚҰРСАУДАН АЗАТ ЕТУДІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

2019 ж. 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Санкт-Петербург мемлекеттік театр және музыка өнері музейінің қорынан «Құрсауда қалған виолончель» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ және StagePro компаниясының белсенді қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Көрме Лениниград құрсауын бұзудың 75 жылдығына арналған.

27.04.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН «ТҰҢҒЫШ» ЖОБАСЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қазақстандық президенттік институтының даму тарихына арналған іс-шара топтамасындағы «Тұңғыш» экскурсиялық жобасының көшпелі экскурсиясы 2019 жылы 25 сәуірде  Нұр-Сұлтан қ. № 62 мектеп-лицейінде жалғасты.

Беттер