Жаңалықтар

01.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА КҮНШЫҒЫС ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін, 2019 жылғы 1 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов елордаға ядролық қарусыз әлем тақырыбындағы халықаралық көрмемен келген Сока Гаккай Интернешнл (SGI) ұйымының вице-президенті Хироцугу Тэрасаки бастаған жапондық делегациямен кездесті.                           

27.09.2019 | «ІІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БҰҰ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОДЕЛІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

27 қыркүйек күні Назарбаев орталығында Жастар жылына арналған «ІІ Орталық Азия БҰҰ Халықаралық Моделі» жастар конференциясының ашылуы өтті. Жобаны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қорының қолдауымен Орталық Азия БҰҰ Моделінің Үйлестіру орталығы жүзеге асыруда.

26.09.2019 | АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ БУЫН СҰХБАТ ҚҰРДЫ. «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖАЗУШЫ АЙТБАЙ СӘУЛЕБЕКПЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Елбасы кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткерлері студент жастармен бас қосты. «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингінің тыңдаушылары алдыңғы буын зиялыларымен бірге кездесу ҚР Президенті сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Айтбай Сәулебектің шығармашылығымен танысты.

26.09.2019 | ОТАНДЫ СҮЮ САБАҒЫ

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы №83 «Жансая» балабақшасының жас тәрбиеленушілері үшін «Музей және балалар» ғылыми–білім беру жобасы аясында «Менің шежірем – ел тарихының бір бөлігі» тақырыбында танымдық сабақ өтті.

25.09.2019 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚАДАМДАРЫ. Ə. РАХЫМЖАНОВ ЖАПОНДЫҚ HONDA ЖƏНЕ ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2019 жылғы 23 қыркүйек күні Елбасы кітапханасының Токиода өтіп жатқан «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» атты ғылыми-экспозициялық жобасы аясында Елбасы кітапханасының директоры Əмірхан Рахымжанов Honda (Honda Foundation) қорының президенті Хирото Ишидамен кездесті.

24.09.2019 | ЕЛБАСЫ «ҮЛКЕН ЕУРАЗИЯ: ДИАЛОГ. СЕНІМ. СЕРІКТЕСТІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ЕУРАЗИЯ ЕЛДЕРІ ПАРЛАМЕНТТЕРІ СПИКЕРЛЕРІНІҢ IV КЕҢЕСІНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Еуразия елдері парламентарийлері басқосуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бүкіл құрлықта парламентаралық диалог пен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің негізгі даму басымдықтары туралы айтып берді.

23.09.2019 | ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ТАРИХЫНА ҚЫЗЫҚТЫ САЯХАТ

20 қыркүйек күні Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласының Политехникалық колледжді студенттері үшін «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» дәрісі өтті.

20.09.2019 | ТОКИО ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНДЕГІ ЖЫЛЫ КЕЗДЕСУ

Жапония астанасы Токиода Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз əлемге жол» ғылыми-экспозициялық жобасы жалғасуда. Бүгін Елбасы кітапханасының делегациясы Жапонияның ірі мәдени орталықтарының бірі Токио ұлттық музейінде болды. Сапар барысында Елбасы кітапханасының директоры Əмірхан Рахымжановтың Токио ұлттық музейінің директоры Масами Дзениямен кездесуі өтті. 

Беттер