Жаңалықтар

19.04.2019 | СУРЕТШІ МҰХТАР БАЙБОСЫННЫҢ «ӨНЕРЛІ ЕЛДІҢ ОТЫ СӨНБЕС» КӨРМЕСІ

Елбасы кітапханасында ҚР суретшілер Одағының мүшесі, суретші Мұхтар Байбосынның «Өнерлі елдің оты сөнбес» жеке көрмесі өтті. Көрме заманауи бейнелеу өнерін қолдау мақсатында Елбасы кітапханасының серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылды.

19.04.2019 | БАЛАБАҚШАДА ТАРИХ САБАҚТАРЫ ӨТТІ

2019 жылғы 18 сәуірде №2 «Батыр» балабақшасының бүлдіршіндері «Менің шежірем – ел шежіресінің бөлігі» көшпелі музей сабағына қатысты.

18.04.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА КӨШБАСШЫЛЫҚ ТРЕНИНГІ

Кәсіпкер Досан Қаумен студенттерді өз күшіне ғана сеніп, қабілетін арттырып, жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуға шақырды. Спикер білімпаз жастарға осылайша «Болашаққа жол әркімнен басталады» шеберлік дәрісін өткізді.

17.04.2019 | «ТҰҢҒЫШ»: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ ТАРИХЫ ЕЛОРДАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДА

2019 жылғы 17 сәуірде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстандағы президенттік институттың тарихына арналған Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» атты экскурсия жобасының он күндігінің ашылуы өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жобасы Елбасының жасампаз идеялары мен бастамаларын, кітапхананың бірегей қорларын насихаттап, келушілерді Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен қызметімен таныстырады..

16.04.2019 | «ЛОМОНОСОВ – 2019» АТТЫ XV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Бүгін, 2019 жылғы 16 сәуірде Елбасы кітапханасында студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың «ЛОМОНОСОВ–2019» атты XV халықаралық ғылыми конференциясы жұмысын бастады. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жариялаған Еуразиялық одақ құру идеясының 25 жылдығына орайластырылған.

13.04.2019 | АҚМОЛА ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

2019 жылдың 10-11 сәуірінде Ақмола және Алматы облысы мектептерінің оқушылары Елбасы кітапханасында бас қосты. Игі дәстүрге айналған «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты екі күндік семинар-тренингке бұл ретте 58 тыңдаушы қатысты. Іс-шара аясында олар Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы, «Төртінші өнеркәсіптік революция» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» іспетті мақалаларындағы өзекті мәселелерді меңгерді. Дәріскерлермен бірге жастар тәжірибелік сабақта өзара пікір алмасты.

11.04.2019 | ИДЕЯДАН – ШЫНАЙЫ БОЛМЫСҚА: НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАСТАМАСЫНА 25 ЖЫЛ

2019 жылғы 11 сәуір күні, Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығы алаңында «Идеядан – шынайы болмысқа: Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «іс жүзіндегі еуразиялық» идеясын жария етуінің ширек ғасырлық атаулы күніне және Еуразиялық Экономикалық Одақтың құрылуының бес жылдығына орайластырылған. 

Беттер