Жаңалықтар

05.07.2016 | Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

www.akorda.kz Құрметті отандастар! Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Рамазан – адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі. Ораза айттың шуақты күндерінде мұсылмандар бір-біріне айттап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіреді.

04.07.2016 | Елбасының кітапханасына Олимпиада құрамасының өкілдері келді. Декада күнделігі: төртінші күн

4 июля. Рио олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғайтын еліміздің құрамасы Мемлекет басшысымен кездескеннен кейін Елбасының кітапханасындағы жәдігерлермен танысты. Спорт саңлақтары Астана күніне арналған 5 көрмені аралады. Оларға бірегей мұрағат құжаттарының және фотодеректердің тарихы баяндалды. Байрақты бәсеке қарсаңында рухани ордаға бет бұрған спортшыларға Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков жеңіс тіледі және естелік сыйлықтар тарту етті. «Сіздер үшін алда күрделі әрі маңызды сын тұр.

04.07.2016 | Көрмелер мен кинокөрсетілімдер. Декада күнделігі: төртінші күн

Елбасы кітапханасында елорданың туған күніне арналған мерекелік төртінші күн бірегей мұрағат құжаттарынан және фотодеректерден тұратын көрмелердің жұмысынан басталды. Ниет білдерген қала тұрғындары Мемлекет басшысының өмірі мен қызметі туралы баяндайтын «Елбасы жолы» киноэпопеясын тамашалау мүмкіндігін иеленді. Бүгін «Отты өзен», «Теміртау» көркем фильмдері көрсетілді.  Кино туындыға Нұрсұлтан Назарбаевтың жасөспірімдік шағы, білім алуы және алғашқы еңбек жолы арқау болған. Елбасының тұлға ретінде қалыптасуын паш ететін көркем фильм  қала тұрғындарын да бей-жай қалдырмады.

04.07.2016 | Астананың болашағы – балалардың көзімен. Декада күнделігі: төртінші күн

Елордалық жасөспірімдер Астананың 18 жылдығына тарту жасады. Олар туған қаланың сұлулығын қағазға бейнелеген. 52 төлтуынды бас шаһардың кешегісінен, бүгінінен және келешегінен сыр шертеді. Әрбір суреттің айтар сыры мен өзіндік ерекшелігі бар. Бірінде келешекте Астана «ақылды қалаға», жүйіткитін пойыздар, ұшақтар мен көліктер мекенге айналатыны көрсетілген. Екіншілерінде татулық пен достықта өмір сүру, экологияны сақтау тақырыптары арқау етілді.  Әділ Сәметов те арман мен қиялға ерік берді. 14 жастағы жасөспірім туған қаланың болашағын жасыл желекпен көмкеру жұмыстарымен сабақтастырады.

03.07.2016 | «Елбасы жолы» киноэпопеясының алғашқы бөлімі көрсетілді. Декада күнделігі: үшінші күн

«Елордалық мекемелердің Ақмолаға көшуге дайындығы». 1997 жылғы маусымда белгіленген басымдық Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қойын кітапшасында сақталған. Құнды қолжазба қазіргі Астананы қалыптастыру тарихынан сыр шертеді. Бірегей құжат «Елбасы Әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз» тақырыбындағы көрмеде тұңғыш рет ұсынылып отыр. Экспозицияда еліміздің әлеуетін арттыру бағытында қолға алынған бастамалармен және бағдарламалармен танысуға мүмкіндік бар. Түпнұсқалық құжаттарға көпшілікпен бірге Ержан Сералин да көз жүгіртті.

02.07.2016 | Елбасы кітапханасында экскурсияны робот-гид жүргізеді. Декада күнделігі: екінші күн  

Елбасы кітапханасында экскурсия жүргізетіндердің қатары толықты. Есімі - «iDos». Ақпараттық дос деген мағынаны білдіреді. Робот болғанымен, адамның жаны мен тілін жақсы түсінеді. Бойында қазаққа тән қонақжайлық, мейірімділік бар. Оған үзеңгілестерімен бірге Байқоңыр қаласының тұрғыны Қарақат Өміржанова да тәнті болды. «iDos»-пен қол алысқан 3 сыныптың оқушысы зияткерлік викторинада бағын сынады. Жасөспірім роботтың Президент туралы қойған сауалдарына мүдірмей жауап берді.

30.06.2016 | Елбасының кітапханасында Астана күніне орай мерекелік онкүндік  басталады

1 шілде күні сағат 10:00 Елбасының кітапханасында «Ашық есік күндері» мерекелік онкүндігі салтанатты түрде ашылады. Шара елордамыздың туған күніне орай ұйымдастырылған. 1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі еліміздің астанасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылдады. Биыл біздің республикамыз елордамыздың «кәмелетке» толуын кеңінен атап өтеді.  

Беттер